Программа по специальности «5В050300 психология»


Психолог кәсібінің қалыптасу кезеңдері мен тарихи негіздерін



Pdf көрінісі
бет26/231
Дата10.10.2022
өлшемі2.08 Mb.
#462341
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   231
5В050300-Психология

Психолог кәсібінің қалыптасу кезеңдері мен тарихи негіздерін 
талдау. 
Қоғамның тарихи даму кезеңдері психолог кәсібінің қалыптасуының 
алғышарты ретінде. Ғылымға дейінгі психология және жан негізгі зерттеу 
пәні ретінде, сондай-ақ, оккульттық, діни және философиялық ғылымдардың 


27 
даму түрткісі ретінде. Сиқыршылар, көз байлаушылар, бақсы-балгерлер, 
емшілер және дуагерлер, жадыгөй әйелдер психолог рөлінде. Иландыру 
тәсілдері және гипноз бастамалары. Сиқыршы және емшілер әсер етуінің 
авторитарлық сипаты. Уағыздаушы психолог ретінде. Діни жоралар мен 
рәсiмдер, мифтік емдеу (мифотерапия), топтық жұмыс және консультация 
адамдарға рухани көмек берудің негіз ретінде. Философ психолог ретінде. 
Тең әріптестік, сұхбаттар, хикаялау, зерттеу іс-әрекетінің тәжірибесі. 
Ғылыми психология және психология пәнінің өзгермелілігі психологтың 
- ғылыми зерттеуші, экспериментатор, ағартушы және тәжірибелік психолог 
қалыптасуының негізі ретінде. 
Практикалық психолог қызметінің этикалық және кәсіби 
принциптері. 
Адамның іргелі құқықтарын құрметтеу (жеке өмірге, жеке басқа қол 
сұқпаушылық, құпиялылық, автономия мен өзін-өзі айқындау құқықтары). 
Адамның қадір-қасиеті және бірегейлігін құрметтеу және жансақ нанымдар 
(нәсілдік, ұлттық, діни, гендерлік және т.б.) мен проекциялар әсерлерін 
қадағалау. 
Клиенттің игілігі мен саулығына қамқорлық - «зиян тигізбеу» принципі. 
Құзыреттілік - кәсіби іс-әрекеттегі білімдер, дағдылар мен ептіліктерді 
меңгерудің жоғары деңгейі, жаңа психотехнологияларға ашықтық, өз бетімен 
білім алудың тұрақты үдерісі және біліктілікті көтеру. Өзін-өзі мен біліктілік 
деңгейін таныстыруда, қызмет көрсету төлеміндегі адалдық және 
пайымдаулардың негізділігі. Екіжақты қатынастарға тыйым – кәсіптік 
қатынастарды жеке, туыстық, жыныстық ниеттерден ажырату, бөлектеу. 
Күрделі этикалық дилеммаларды шешу және оларды шешудегі қадамдық 
процедуралар алгоритмі үшін жауапкершілік. Еліміздің заңнамалық жүйесі, 
кәсіпорынның және кәсіби қызметтің нормативтік-құндылық жүйесіне 
бағдарлану арақатынасына кірігу этикалық диллеммаларды жеңудің негізі 
ретінде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет