Программа по специальности «5В050300 психология»



Pdf көрінісі
бет29/231
Дата10.10.2022
өлшемі2.08 Mb.
#462341
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   231
5В050300-Психология

Денсаулық 
сақтау 
ұйымдарындағы 
психолог 
жұмысының 
ерекшелігі. 
Психологтың денсаулық сақтау жүйесіндегі іс-әрекетінің негізгі 
салалары: аурудың психологиялық себептерін талдау. Психикалық 
процесстер мен күйлерге, сондай-ақ қоршаған ортамен өзара қатынасқа 
аурудың тигізетін әсерін диагностикалау. Бұл процесске әсер ететін 
факторларды және емдеу барысы динамикасын зерттеу. Психикалық 
процестердің бұзылуларын зерттеу (патопсихология). Науқас адамдармен 
психокоррекциялық және психотерапиялық жұмыстар жүргізу. 
Науқасты медициналық-психологиялық зерттеудің негізгі әдістері: 
клиникалық сұхбат, бақылау, тестілеу. Жұмыс әдістері: Әңгімелесу және 
оның әсерлері (психотерапиялық және диагностикалық). Бақылау және 
диагностика процедуралары. Биографиялық әдістің мәні. Психогигиена 


30 
негіздері (жас ерекшелік, тұрмыстық, еңбек іс-әрекеті және оқыту
отбасылық өмір), психопрофилактика (аурудың алдын алу) және 
науқастарды оңалту. 
 
Құқық 
қорғау 
органдарындағы 
психолог 
жұмысының 
ерекшеліктері. 
Заң психологиясының негізгі салалары: криминалдық, сот және 
пенитенциарлық. Криминалист-психологтың іс-әрекеті: қылмыскердің 
тұлғасын талдау; қылмыстың мінез-құлық мотивтерін және оған түрткі 
болатын факторларды талдау.
Сот 
психологы 
іс-әрекеті: 
психологиялық 
сараптау 
және 
айыпталушының ақыл-есінің дұрыстығы мен эмоциялық жай-күйін анықтау. 
Куәгерлер мен айыпталушының айғақтары мен жауаптарын талдаудың 
психологиялық аспектілері. Куәгерлік деректердің жете сенімділігі (растығы) 
мәселесін шешу.
Пенитенциарлық 
жүйедегі 
(еңбекпен 
түзеу 
мекемелеріндегі) 
психологтың іс-әрекеті: жазалау шараларының психологиялық негіздемесі. 
Жазалау әсерінің тиімділігі.
Еңбекпен түзету мекемелерінде сотталғандардың әлеуметтік-маңызды 
құндылықтарын қалыптастыру. Сотталғандардың жеке ерекшеліктерін 
ескере отырып, әсер ету технологияларын әзірлеу (диагностика, кеңес беру, 
топтық тренингтер). Жазалау мерзімі аяқталғаннан кейін жемісті өмір сүруге 
даярлау және оң ойлауды қалыптастыру. 
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен жұмыс жасау: өзін-өзі 
реттеу, кәсіби қажу (күю) мәселелері бойынша. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет