Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В090700-Кадастр


Алматы облысы, Қарасай ауданы жерлерінің экологиялық



Pdf көрінісі
бет8/23
Дата10.10.2022
өлшемі2.71 Mb.
#462364
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Асылбек Толеcін

3.2 Алматы облысы, Қарасай ауданы жерлерінің экологиялық 
жағдайы 
 
Жердің қазіргі кездегі экологиялық жағдайына сипаттама беру 
жұмыстары үш кезеңде жүргізіледі: дайындық, далалық және камералдық
Дайындық кезеңінде қолда бар материалдар негізінде жердің жағдайына 
негативті әсер ететін негізгі табиғи және антропогендік факторларды, 
ластаушы көздерді, топырақтың ластану сипаты және Алматы облысы, 
Қарасай ауданы ластанған жерлерінің таралу ареалы белгіленеді.
Басымдылығы жоғары химиялық ластаушы заттарды анықтау, және 
олардың қауіптілік класы МЕСТ 17.4.1.02-83 сәйкес «Табиғат қорғау. 
Топырақ» анықталады.
Ластануды қадағалау үшін химиялық заттардың жіктелуін білуіміз 
қажет. Алғашқы (рекогносцировка) кезеңі ретіндегі басымдылығы жоғары 
ластаушы заттар ретінде ауыр металдар алынған:
1. Қауіптілік классы – кадмий, күміс және цинк.
2. Қауіптілік классы – мыс, кобальт және никель.
Ластанған жерлердің таралу алаңын алдын - ала анықтауды жүргізу, түрі 
және ластану деңгейін, далалық және камералдық жұмыстар процессі кезінде 
анықтайды. 
Қазіргі кездегі жердің экологиялық жағдайына сипаттама беру үшін, 
жоспарлық негізде талдау жүргізіледі, және түсіріс масштабын анықтайды. 
Алғашқы (рекогнсцировкалық) тексерісте 1:10 000-дық масштабтан 1:25 000 – 
дық масштабтарды қолданады. Аудан аймағындағы нақты учаскелерді 
жекелеп қарастырғанда масштаб 1:2000- тан 1:10 000 – дыққа дейін өзгереді 
және жақын аймақтағы территорияларды шаруашылықтық қолдану арқылы 
және топрақтың ластану деңгейіне қойылатын талап
[15, 10-12 бет] 
Жоспарлық негіз ретінде аэро немесе ғарыштық түсірулер көмегімен 
алынған горизонталь фотопландар қолданылады. Егер фотопландар жоқ болса 
топографиялық карталар қолданылады. Фотоплан мен топографиялық карта 
масштабы берілген түсіріс масштабынан ірі немесе тең болу керек. Аэро 
ғарыштық түсірістерді 3-4 рет үлкейтуге рұқсат етіледі.[3] 
Жоспар негізінде күдік тудыратын ластаушы көздер белгіленеді, 
топырақ жамылғысы, ағаш жолақтары, гидрографиялық торларының ластану 
деңгейіне әр түрлі талап қоятын аймақтарда, болжанатын ластаушы көздер 
жоспар негізінде белгіленеді. 
Химиялық ластаушы заттардың мөлшерін анықтауда зертханалық 
талдау жүргізу үшін топырақ үлгісін алу жиілігі мен үлгі алу схемасын 
анықтау керек.
Үлгі алу схемасы ластаушы көздер түріне және зерттелетін аймақ 
жеріндегі химиялық ластаушы заттардың кеңістікте таралу сипатына 
байланысты болады. 


30 
1-кесте- Картографиялау масштабы 
Категория 
Территорияны қолдану 
Топырақтың 
ластануына 
қойылатын талап 
Картогра-
фиялау 
масштабы 

Көкөніс шаруашылығы, бау-бақша; 
ішуге арналған су орындарына 
арналған жерлер; балаларды емдеу 
мекемелері; балық шаруашылығына 
арналған су обьектілерінің жағасы 
және су қорғау орындары. 
жоғары 
 
1:2000 

Ауылшаруашылық алқаптары, орман, 
реакрациялық аймақар 
орташа 
1:5000 

Бростық жерлер, ірі өнеркәсіп 
обьектілері, өнеркәсіп орындары 
салынған аудан аймақтары 
төмен 
 
1:10 000 
Рекогносцировкалық (алғашқы) зерттеу кезеңінде Қарасай ауданының 
жерлерін ластаушы факторларды ескере отырып, 2,4 х 2,4 км көлемдегі 
ұяшықтардан, кез-келген тепе-тең реттік тор бойынша үлгі алу белгіленеді. 
Аудан аумағының барлық жері 48 шаршы конфигурациялық ұяшыққа 
бөлінеді. Талдау жүргізу үшін әр ұяшықтан топырақ сынамасы алынады. 
Дайындық кезеңі топырақ үлгісін алу кезеңін кез-келген тепе-тең тордан 
алуды жүргізеді. (1-кестеде) көрсетілген масштабтарға байланысты 
ұшықтардың көлемі төмендегідей болу керек (км): 1:2000 – 0,2 х 0,2; 1: 5000 – 
0,3 х 0,3; 1:10 000 – 0,4 х 0,4
16
[16, 38-41 бет]
Үлгі алу үшін әр ұяшықтың ішінен негізгі үлгі алу алаңын таңдап алады. 
Негізге алаң ауданы кемінде 10х10 м көлемінде болады.[9]
Аудан жерлеріндегі химиялық ластаушы заттардың таралуы локальды 
негіздерінің тепе-теңдігін келтіру үшін, негізгі үлгі алу алаңдарында үлгіні 
жекелеп алудың орнына, біріккен үлгі түрінде алу керек. Біріккен үлгі негізгі 
алаңда тепе-тең орнатылған 5 жеке үлгіден құралады. Жеке үлгілер көлемі 
біркелкі болу керек. Жеке үлгілерді біріктіріп, жақсылап араластрып,содан 
соң 500г шамасындағы үлгіні алады.
Жеке және біріккен үлгілерді қазып алу тереңдігі МЕСТ 17.4.4.02-
84.сәйкес (Табиғат қорғау. Топырақ. Алу әдістері және химиялық 
бактериалогиялық және гельминтологиялық талдау үшін үлгіні дайындау), 0-
5және 5-20 см тереңдікте алынған.
Далалық кезеңінде топырақтың қазіргі кездегі экологиялық жағдайына 
сипаттама беру үшін, ластанған топырақ ареалдарының кеңістікте таралуына 
зерттеу жүргізіп, олардың ластану деңгейі, ластаушы заттардың 
ингридиенттік құрамын анықтау процессі жүреді.
Ластанған жерлерді анықтау процессі келесі екі кезеңде жүргізіледі: 
Алматы 
аудансы 
жерінде 
алғашқы 
(рекогносцировкалық) 
зерттеу 
макродеңгейде және аудан ауданы жері мен белгілі жер пайдаланушы мен 
(жер иеленушулердің) жер учаскелері ластануына арнайы сипаттама беру 
ретінде жүргізіледі.


31 
Алғашқы кезеңнің міндеті жалпы аудан деңгейінде ластанған жерлерді 
белгілеу, және де ластаушы заттардың, екінші зерттеу кезеңінде сандық 
анықтауларға жататын, ластаушы заттардың түрін толықтай анықтайды.
Аймақты далалық зерттеуді жаяу жүргенде немесе жүргенде, сынама 
алу схемасы түсірілген керекті масштабтағы картографиялық негіздің және 
ертедегі ақпараттық материалдардан жиналған материалдардың негізінде 
жүргізіледі.
Ластану мүмкіндігі жоғары көздердің орнын белгілеуді жүргізу, сол 
жердегі аймақтың шаруашылықтық қолдануын бағалау, топырақтың 
ластануын визуалды түрде анықтау, және де оған ықпал ететін белгілер 
(өсімдіктің жаралануы мен бұзылуы),топырақтан үлгі алу орындары 
орналасқан жерлерді белгілеу. Үлгі алу орны жергілікті жерге толық 
байланысты болу керек. Біріккен үлгілерді алуда оның үлгі алу алаңының 
орталығына байланысы болуы керек. [17, 18-24 бет]
Екінші (бөлігі) зерттеу кезеңі (жергілікті ластанған учаскелерде) 
рекогносцировкалық зерттеулер нәтижесі бойынша ластанған деп танылған 
учаскеде жүргізіледі.[10] 
Екінші кезеңге мыналар кіреді:
 керекті масштабтағы картографиялық негізді таңдау;
 далалық зерттеу жұмыстарын үлгіні алумен жүргізу.
Далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде үлгі алу схемасына сәйкес 
топырақ қимасына, өсімдік мәдениеті және табиғи өсімдік жағдайына 
сипаттама беріледі, үлгіні алу 5.2.15-2.17 пункттеріне сәйкес жүргізіледі.
Далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде жиналған топырақ 
үлгілерін химиялық талдауға өткізеді. [10] 
Топырақ үлгілерін алу, сақтау, тасымалдау және талдауға дайындау 
МЕСТ 17.4.4.02-84 сәйкес жүргізіледі.
Топырақ үлгілерін алу және тасмалдау процесінде ластану мүмкіндігін 
шектейтін шарттарды қатаң түрде сақтау, ластану дәрежесі жайлы сенімді 
аналитикалық материалдар алу үшін маңызды шарт болып табылады.
Үлгіні топырақ қимасынан металы аз құралдар пышақ немесе 
шпателмен алады. Үлгіні алмас бұрын топырақтың қимасы бетін 
полиэтиленнен немесе полистиролдан жасалған пластмас шпатель немесе 
пышақпен тазалайды.
Үлгілерді жинап болған соң оларды ыдыстарға немесе полиэтилен 
пакеттеріне салып арластырады. Барлық үлгілер тіркелген және номерленген 
болу керек, әр үлгіге келісілген форма бойынша (3- қосымша) талон 
толтрылады. Топырақ үлгілерін тасымалдау кезінде қайталап ластану 
мүмкіндігін алдын-алу шаралары қолданылуы керек. Топырақ үлгілерін 
талдауды сертификаты бар атестатталған лабораториаларда жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет