22
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың негізгі көрсеткіштері:
1) пәннің оқу бағдарламасы бойынша біліміндегі олқылықтар;
2)
оқу-танымдық іс-әрекетіндегі олқылықтар;
3) оқуға қажетті өзіндік жеке қасиеттерінің даму деңгейінің жеткіліксіздігі;
4) эмоционалды қолайсыздық.
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау алгоритмі:
1) бірнеше педагогтің сабақтарды, оқыту процесін бірлесіп жоспарлауы
(олқылықтардың орнын толықтыру үшін оқу материалын қайталау, бекіту, оқу
тапсырмаларының минимумын орындау, қателерді талдау және жою бойынша
оқу әрекетін реттеу және т.б.);
2) оқу іс-әрекеті барысында қолдау көрсету және кеңес беру;
3) бірінші сыныптың білім алушылары мен осал топтың балаларын
психологиялық бейімдеуді қамтамасыз ету;
4) оқу іс-әрекетін ынталандыру (көтермелеу,
табысты жағдаяттарды
туғызу, оқу процесіне белсенді қатысуға ынталандыру және т.б.).
5) оқушының оқу іс-әрекетінің және оқу жетістіктерінің мониторингі
(білім алушыларға жүйелі сауалнама жүргізу, оқу тапсырмаларының
орындалуын тексеру, кері байланыс, өзін-өзі бағалауда
белсенділікті арттыру
және т.б.);
6) қосымша сабақтарды және өзара көмек беруді ұйымдастыру;
7) білім алушыға қолдау көрсету бойынша ата-аналармен жұмыс;
8) өздігінен орындайтын тапсырмалар үшін қашықтан оқыту жүйесін
пайдалану.
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жұмыстарында:
педагогке:
- білім алушының артта қалу себептерін, оның оқу жетістіктерінің деңгейін
және біліміндегі олқылықтарды анықтау;
- жеке қолдау көрсету үшін білім алушының қажеттіліктерін зерделеу;
- жеке тапсырмаларды таңдай отырып, оқытудың жеке жоспарын әзірлеу;
- жүйелі кері байланысты ұйымдастыру
ұсынылады.
Педагог оқушылардың білім алу қажеттіліктерін және жеке даму жолын
ескере отырып, пән бойынша білім алушылардың білімін
толықтыру алгоритмін
дербес әзірлейді.
Мысалы:
- өткен және ағымдағы оқу жылдарындағы оқу пәні сабақтарының
тақырыптарын, оқу мақсаттарын кіріктіру;
- пәндер бойынша өткен оқу жылының материалдарын жаңа оқу жылының
барлық кезеңіне бөлу;
- жаңа тақырыптарды және оқу мақсаттарын меңгертуге дейін бұрынғы оқу
материалдарын қайталау;
- білім алушыларға қиындық тудырған
тақырыптар бойынша қосымша
сабақтар өткізу;
- білім алушыларға күрделі тақырыптар/оқу мақсаттары бойынша жеке
және топпен консультациялар өткізу;
- өткен оқу материалы бойынша оқу пәнінен олимпиадалар ұйымдастыру;
23
- каникулдық сабақтарды және жазғы мектепті ұйымдастыру;
- формативті бағалауда өткен оқу жылындағы оқу бағдарламасы бойынша
тапсырмалар әзірлеу және енгізу;
- өткен оқу жылындағы материалдар бойынша
зерттеу және жобалау
жұмыстарын ұйымдастыру;
- білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру сабақтары үшін Үлгілік оқу
жоспарының вариативтік компонентінің сағаттарын пайдалану;
- білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында қосымша білім
беру ұйымдарының мүмкіндігін барынша пайдалану;
- білім беру платформаларын қолдану.
9(10) және 11(12) сыныптар аяқталған қорытынды
аттестаттау ҚР Білім
және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 наурыздағы № 125 «Бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы
бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары»
бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: