9
ұятқа. Шалқайғанға шалқай,
пайғамбардың ұлы емес, еңкейгенге еңкей,
атаңнан қалған құл емес. Атаң жаман кісі еді: ат бергеннің құлы еді, енең
жаман кісі еді: Мәскеудің қара күңі еді. Іш қазандай қайнайды, күресуге
дәрмен жоқ, қоян қолтық алысып, жығылсаң да арман жоқ.
Сөйлем һәм сөз
Бір сөйлемнің ішінде бірнеше сөз болады. Мәселен, «Аш бала тоқ
баладай ойнамайды» деген сөйлемнің ішінде бес сөз бар: 1) аш, 2) бала,
3) тоқ, 4) баладай, 5) ойнамайды.
Алайық, «Тоқ бала аш болам деп ойламайды»
деген сөйлемді.
Мұның ішінде алты сөз бар: 1) тоқ, 2) бала, 3) аш, 4) болам, 5) деп,
6) ойламайды.
Дағдыландыру. Төмендегі жазылған сөйлемдердің һәр бірінің ішінде неше
сөзден барын айырту.
Үлкен бастар, кіші қостар.
Қоянды қамыс өлтірер, ерді намыс
өлтірер. Орақшының жаманы орақ таңдайды. Хас жорғадан жортақ туар,
хас батырдан қорқақ туар, хас шеберден шорқақ туар. Өз ақылын
шамалаған қор болмас.
Өзі білмес, өзгенің тілін алмас. Тентектің ақылы
түстен кейін енеді. Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі, бетіне келер
ұятын өзі біліп жуса игі. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
Көп баланың ішіндегі қарт — бала болар, көп қарттың ішіндегі бала —
дана болар. Білген кісі тауып айтады, білмеген кісі қауып айтады. Жібекті
сақтай білмеген жүн етеді, қызды сақтай білмеген күң етеді.
Сынау. Төмендегі сөйлемдер ішінде неше сөзден бар екенін айырып,
һәр сөйлемнің ішіндегі сөздерді бастан-аяқ нөмірлеп,
жақша ішіне
нөмірлерін қойып жазыңдар.
Үлгі:
«Балалы үй базар»
жазу керек: 1) балалы, 2) үй, 3) базар.
Өлген келмес, өшкен жанбас. Берген алар, еккен орар. Жер таусыз
болмайды, ел даусыз болмайды. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып
секіреді. Шам жарығы түбіне түспес.
Аузы жаман елді былғар, аяғы
жаман төрді былғар. Білегі толық бірді жығар, білімі толық мыңды жығар.
Екі қатын алғанның дау үйінде, жаман қатын алғанның жау үйінде.
Қайтып кірер есікті қатты серіппе. Төс табаны жайылған атан жүрер жол
екен, төсегінен айрылған адам жүрер жол екен.
Достарыңызбен бөлісу: