84
етістік өзгереді. Етістік өзгеруі тұрасында дыбыстар екі-ақ тапқа бөлінеді:
1) Дауысты дыбыс. 2) Басқа дыбыстар (дауыссыз һәм жарты дауысты
дыбыстар). Сөз түбірінің аяғы дауысты дыбыс болса, жалғау мен түбір
арасына «и» дәнекер болады; дауыссыз, яки жарты дауысты дыбыс болса
«а», «е» дәнекер болады.
Етістіктер райлармен өзгергенде екі түрлі айтылады: 1) Дара түрде.
2) Қосар түрде. Қосар түрде сөйлегенде көмекші етістіктер қосыла
айтылады.
Көмекші етістіктер дегеніміз; тұрмақ, жүрмек, отырмақ,
жатпақ, бармақ, болмақ, алмақ, бермек, келмек, кетпек, көрмек, өтпек,
тастамақ, қоймақ, қалмақ, имек. Мұнан басқа жай етістік болады.
Қосар түрде сөйлегенде, жай етістіктер мағына беруші болып, алда
жүреді; көмекші етістіктер өзгеруші болып, сонда жүреді. Қосар түрін қоя
тұрып, қазір де дара түрін көрсетеміз. Қосар түрі етістіктің көсемше һәм
есімше түрлері жайынан сөйлегенде көрсетілмекші.
Етістіктің түпкі түрі салт етіс пен сабақты етіс;
өзгелері туынды
етістер. Сондықтан бастапқы екеуі екі-ақ мүшелі 1) Түбір. 2) Жалғау.
Басқа етістер үш мүшелі 1) Түбір. 2) Жұрнақ. 3) Жалғау. Түбір мен
жұрнақ екеуін жалғаудан айырып сөйлегенде, тұқыл дейміз. Сүйтіп
жалғау түпкі етістердің түбіріне жалғанады; туынды етістердің тұқылына
жалғанады. Етістік жалғаулары есім жалғауларынан өзгеше болғандықтан,
һәм һәр заттың ісінің жігін айырып айтатын болғандықтан жалғау орнына
жіктеу дейміз.
Билік рай
Билік рай дейміз – істі істеуге-істемеуге кесіп айтқандағы сөз түрін.
Һәр етістіктен түбірі мен тұқылын алып, билік рай түрінде жіктеп айтып
көрейік. Болымды түрде: жазбақ (сабақты етіс), жыламақ (салт етіс),
күреспек (ортақ етіс), жуынбақ (өздік етіс), жатқызбақ (өзгелік етіс),
қаздырмақ (беделді етіс), жегілмек (ырықсыз етіс), атыстырмақ (шағысты
етіс), шапқыламақ (дүркінді етіс), алыңқырамақ (өсіңкі етіс); Болымсыз
түрде: жазбасқа, жыламасқа, күреспеске, жуынбасқа, қаздырмасқа,
жатқызбасқа, жегілмеске, атыстырмасқа, шапқыламасқа, алыңқырамасқа.
Жіктеу
Болымды түрлері
Жекеше:
1-ші жақ
2-ші жақ
3-ші жақ
Жаз
Жазайын
Жаз
Жазсын
Жыла
Жылайын
Жыла
Жыласын
86
Жатқызба
Жатқызбайық
Жатқызбаңдар
Жатқызбасын
Жегілме
Жегілмейік
Жегілмеңдер
Жегілмесін
Атыстырма
Атыстырмайық
Атыстырмаңдар
Атыстырмасын
Шапқылама
Шапқыламайық Шапқыламаңдар Шапқыламасын
Алыңқырама
Алыңқырамайық Алыңқырамаңдар Алыңқырамасын
Дағдыландыру. Һәр істен һәр түрлі
сөздер алып, билік раймен
жіктету.
Ашық рай
Ашық рай дейміз – істі ашық баяндайтын сөздің түрін. Ашық
райдағы сөздер билік райдағы айырыс, үш жақтан бас үш мезгілмен
сөйленіп өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: