Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал



Pdf көрінісі
бет33/98
Дата13.10.2022
өлшемі2.67 Mb.
#462563
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   98
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

 
Осы шақ 
Болымды түрлері: 
Жекеше: 1-ші жақ 2-ші жақ 3-ші жақ 
жүр жүрмін жүрсін жүр 
тұр тұрмын тұрсын тұр 
отыр отырмын отырсын отыр 
жат жатырмын жатырсың жатыр 
Көпше: 
жүр жүрміз жүрсіңдер жүр 
тұр тұрмыз тұрсыңдар тұр 
отыр отырмыз отырсыңдар отыр 
жат жатырмыз жатырсыңдар жатыр 
Болымсыз түрлері жай етістіктерше жіктелді. 
Бұл түрінің осы шағы нағыз осы шақ болады. Сыпайылық һәм 
анайылық ретпен сөйлеу етістікте де бар. Анайылық ретпен сөйлегенде 
жоғарыда көрсетілген қалыпша айтылады. Сыпайылық ретпен сөйлегенде 
тыңдаушыға сөйлеуші «сіз» «-ыңыз» қосып сөйлейді. Мәселен: 
Жекеше: 
Билік рай: «Бар» орнына «барыңыз» 
Ашық рай: 1) «Барасың» орнына «барасыз» 
2) «Бардың» орнына «бардыңыз» 
3) «Барарсын» орнына «барарсыз» 
Шартты рай: «Барсаң» орнына «барсаңыз» 
Ерулі рай: «Барсаңда» орнына «барсаңызда» 
Азалы рай: «Барсаңшы» орнына «барсаңызшы» 
басқалары да осылайша.
Көпше:
Билік рай: «Барыңдар» орнына «барыңыздар» 
Ашық рай: 1) «Барасыңдар» орнына «барарсыздар» 
2) «Бардыңдар» орнына «бардыңыздар» 
3) «Барарсыңдар» орнына «барарсыздар» 


99 
Шартты рай: «Барсаңдар» орнына «барсаңыздар» 
Ерулі рай: «Барсаңдар да» орнына «барсаңыздар да» 
Азалы рай: «Барсаңдаршы» орнына «барсаңыздаршы» 
басқалары да осылайша.
Көсемше 
Көсемше дейміз – екі етістік қосарынан сөйлегенде, алдында 
айтылатын етістіктің қысқа түрін. Мәселен, жаза бер, қарап тұр, жүріп 
келді дегенде алдыңғы сөздер көсемше етістік болады. 
Көсемше үш түрлі: 1) Үнемді. 2) Үнемсіз. 3) Ниетті. 
Үнемді көсемше – созымды істі көрсету үшін айтылады. Мәселен, 
айта бердім, айта бердің, айта берді.
Үнемсіз көсемше – созымсыз, бірден бітетін істі көрсету үшін 
айтылады. Мәселен, айтып бердім, айтып бердің, айтып береді. 
Ниетті көсемше – істеуге ниеттеніп тұрғанды көрсететін сөз түрі. 
Мәселен, барғалы тұрмын, барғалы тұрсың, барғалы тұр уа ғайри солай. 
Жоғарыда райлар турасында сөйлегенде етістіктер қосарлы күйінде, 
көсемше түрде айтылады деп едік. Сол қосарлы күйі көсемше түрде қалай 
айтылатындығын көрсету үшін жоғарыдағы райларынан жіктеген 
сөздерден: аяқ дыбысы дауысты бір сөз, аяқ дыбысы дауыссыз я болмаса 
жарты дауысты бір сөз алып һәм көмекші етістіктерден бірнешесін алып, 
қосарлы түрде өзертіп көрейік.
Тұйық рай 
Жаза бермек, сынай тұрмақ. 
Билік рай 
Үнемді көсемше 
Болымды түрлері: 
Жекеше: 1-ші жақ 2-ші жақ 3-ші жақ 
жаза берейін жаза бер жаза берсін 
сынай тұрайын сынау тұр сынай тұрсын 
Көпше: жаза берейік жаза беріңдер жаза берсін 
сынай тұрайық сынай тұрыңдар сынай тұрсын 


100 
Болымсыз түрлері: 
Жекеше: жаза бермейін жаза берме жаза бермесін 
сынай тұрмайын сынай тұрма сынай тұрмасын 
Көпше: жаза бермейік жаза бермеңдер жаза бермесін 
сынай тұрмайық сынай тұрмаңдар сынай тұрмасын 
Үнемсіз көсемше 
Болымды түрлері: 
Жекеше: 1-ші жақ 2-ші жақ 3-ші жақ 
жазып берейін жазып бер жазып берсін 
сынап тұрайын сынап тұр сынап тұрсын 
Көпше: жазып берейік жазып беріңдер жазып берсін 
сынап тұрайық сынап тұрыңдар сынап тұрсын 
Болымсыз түрлері: 
Жекеше: жазып бермейін жазып берме жазып бермесін 
сынап тұрмайын сынап тұрма сынап тұрмасын 
Көпше: жазып бермейік жазып бермеңдер жазып бермесін 
сынап тұрмайық сынап тұрмаңдар сынап тұрмасын 
Дағдыландыру. Әр етістен әр түрлі сөздер алып, осы үлгі бойынша
қосар түрде билік раймен жіктету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет