Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал



Pdf көрінісі
бет36/98
Дата13.10.2022
өлшемі2.67 Mb.
#462563
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   98
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

Ереуіл рай 
 
Үнемді көсемше 
Болымды түрлері: 
Жекеше: 1-ші жақ 2-ші жақ 3-ші жақ 
жаза берсем де жаза берсең де жаза берсе де 
сынай тұрсам да сынай тұрсаң да сынай тұрса да 
Көпше: жаза берсек те жаза берсеңдер де жаза берсе де 
сынай тұрсақ та сынай тұрсаңдар да сынай тұрса да 
Болымсыз түрлері: 
Жекеше: жаза бермесем де жаза бермесең де жаза бермесе де 
сынай тұрмасам да сынай тұрмасаң да сынай тұрмаса да 


105 
Көпше: жаза бермесек те жаза бермесеңдер де жаза бермесе де 
сынай тұрмасақ та сынай тұрмасаңдар да сынай тұрмаса да 
Үнемсіз көсемше 
Болымды түрлері: 
Жекеше: 1-ші жақ 2-ші жақ 3-ші жақ 
жазып берсемде жазып берсеңде жазып берседе 
сынап тұрсамда сынап тұрсаңда сынап тұрсада 
Көпше: жазып берсекте жазып берсеңдерде жазып берседе 
сынап тұрсақта сынап тұрсаңдарда сынап тұрсада 
Болымсыз түрлері: 
Жекеше: жазып бермесемде жазып бермесеңде жазып бермеседе 
сынап тұрмасамда сынап тұрмасаңда сынап тұрмасада 
Көпше: жазып бермесекте жазып бермесеңдерде жазып бермеседе 
сынап тұрмасақта сынап тұрмасаңдарда сынап тұрмасада 
Дағдыландыру. һәр етістен әр түрлі сөздер алып, осы үлгі бойынша
қосар түрде ереуіл раймен жіктету.
Реніш рай 
Бұл рай үшін де жаза бермек, сынай тұрмақ деген сөздерді алып, 
басқа райлардағы көрсеткен үлгі бойынша үнемді, үнемсіз көсемшенің 
болымды, болымсыз түрлерінде қосар күйде айтқызу. 
Дағдыландыру үшін әр етістен әр түрлі сөздер алып, алдағы үлгілер 
бойынша реніш райымен жіктету. 
Қалау рай, сенімді рай, болжам рай, мұң рай, көніс рай, қайрау рай, 
азалы рай, теріс рай – бұлар үшін де жаза бермек, сынай тұрмақ деген 
сөздерді алып, басқа райларда көрсеткен үлгі бойынша үнемді, үнемсіз 
көсемшенің болымды, болымсыз түрлерінде қосар күйде айтқызу. 
Дағдыландыру үшін әр етістен әр түрлі сөздер алып, алдағы үлгілер 
бойынша жіктету. 
Ниетті көсемше де үнемді көсемше сияқты жалғыз-ақ айырмасы сол 
үнемді көсемшенің жалғауы «-а» (жіңішке сөзде «-е») һәм «-й», ниетті 
көсемшеде «-ғалы» (жіңішке сөзде «-гелі»). 


106 
Есімше 
Есімше дейміз – есім сияқты айтылатын етістіктің түрін мәселен, 
айтушы адам, шабатын ат, жазған хат дегенде «айтушы», «шабатын», 
«жазған» деген сөздер есімше болады. Есім сияқты дейтініміз: сын есімше 
«қандай?» деп сұраймыз. 
Есімше үш түрлі: 1) Осы шақтық. 2) Өткен шақтық. 3) Ұйғарынды. 
Осы шақтық есімше дейміз – осы шақта істеп тұрғанды көрсеткенде. 
Мәселен, өлең айтушы, бие сауушы, құдық қазушы деген сияқты сөздер. 
Өткен шақтық есімше дейміз – бұрын істелген істі көрсететін іс 
түрін. Мәселен, өлең айтқан, бие сауған, құдық қазған дегендегі «айтқан», 
«сауған», «қазған» деген сияқты сөздер өткен шақтық есімше болады. 
Ұйғарынды есімше дейміз – істеуге ұйғарылған істі көрсету үшін 
айтылатын сөз түрін. Мәселен, жазатын хат, сөйлейтін сөз, көретін көз 
дегендегі «жазатын», «сөйлейтін», «көретін» деген сияқты сөздер 
ұйғарынды есімше болады. 
Есімшеге есімдер сияқты жалғаулар да, етістіктер сияқты жіктеулер 
де жалғанады. Жіктегенде де есімдерше жіктеледі. Әуелі есімдерше 
өзгертіп, сонан соң етістікше өзгертіп қарайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет