Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал



Pdf көрінісі
бет46/98
Дата13.10.2022
өлшемі2.67 Mb.
#462563
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   98
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

ا
 (а), 
و
(о), 
ۇ
(ұ,ү), 

(е), 
ى
(и) бұрынғыша дауысты деп аталады. 
2)
ر
(р),
ڭ
(ң), 
ل
(л), 
م
(м), 
ن
(н), 
و
(у), 
ي
(й) үнді дыбыстар деп 
аталады. 
3) 
ج
(ж), 
ز
(з), 
س
(с), 
ش
(ш), 
غ
(ғ), 
گ
(г) сыбысты дыбыстар деп 
аталады. 
4)
ب
(б),
پ
(п), 
ت
(т), 
د
(д), 
ق
(қ), 
ك
(к) сыбырлы дыбыстар деп 
аталады. 
«Тіл жұмсардың» кәзір екі бөлімі ғана шығып тұр. 1-інші бөлімдегісі 
көбінесе әріптер мен әріп белгілерін түрлі орында көбірек жұмсалатын сөз 
белгілері мен сөйлем белгілерін жаза ілу. Дәйекшіні керек қылмайтын
дыбыстардың әріптерін білу. Сөздің жекелік, көптік түрлерін тану. 
Көбінесе айтылатын сұрау сөздермен танысу. Жеңіл сұрауларға жауап 
жаза білу. Жеңіл бүркеулерді (.......) аша білу. Сөзге үйлесетін сөз теріп 
ала білу. Оңай туатын сөздерді туғыз білу. Сөзді сипырға цифрға), 
сипырды сөзге айналдыра білу. Тасымалдаумен танысу. 
Бұл бөлімде бақылау мен мәнісін білу жағынан тура тұтыну 
тәжірибе жағы басым болып отырады. 
Жана бір ескертетін нәрсе – 1-інші бөлімде берілетін тіл тану білімі 
«Әліп-бидегі» әңгімелермен байланысқан. Оны сол іретше басқа 
кітаптардағы әңгімелермен байланыстыруға болады. Мұнда тек 
байланыстыру жолы, жөні осы іретше болу тиістілігіне үлгі үшін 
байланыстырып көрсетілген. 


188 
«Тіл жұмсардың» 2-інші бөлімінде 1-інші бөлімдегілердің көбі қайта 
келеді. Бірақ олар пысықтау ретінде емес, анадағы білімдерді тереңдетіп, 
аудандарын кеңейтіп білдіру ретінде келеді. 
Оның үстіне жаңадан сөйлемдердің түрлерін тану, сөздердің, 
дыбыстардың негізгі түрлерін тану, орын талғайтын дыбыстармен танысу, 
сыбайлас дыбыстардың бір-біріне ететін әсерлерімен танысу, дауыс 
екпінін тану кіреді. 
Бұл бөлімде істеу жүзінде байқаумен алған білім жұмсау жүзінде 
іске алып, бақылау мен жұмсау екеуі теңбе-тең бірдей жүріп отырады. 
Адағында айтып өтетінім – емле үйретуге «Тіл жұмсардың» екі 
бөліміндегі қолданыстық нәрсе (материал) жеткілікті. 
Соның бәрін балалар дұрыстап жұмсап, түгел қолданып өтсе, 
емленің 90% шамасын білуге дыбыс жүйелі. Оны білу үшін буынды 
жақсы тану, дұрыс буындай білу, сөздің буындарын біліп отырып жазуға 
әдеттену ғана керек. Оған «Әліп-би» мен 1-інші «Тіл жұмсар» көлеміндегі 
нәрсе де, мезгіл де, білім де жеткілікті.Онан арғысы 2-інші «Тіл жұмсар» 
мен толықтырып, үшеуінің көлеміндегі нәрседен емленің 90% ілімін 
толық алуға болады. Онан әрі қалған 10% білімін 3 –нші «Тіл жұмсар» 
беруге тиіс. 
Сүйтіп, бақылау мен жұмсау тәжірибе жолымен, «Тіл жұмсардың» 
үш бөлімінің беретін білімін алғанда, балалардың сауаты емле жағынан 
толық жеткілікті болмақ.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет