Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал



Pdf көрінісі
бет48/98
Дата13.10.2022
өлшемі2.67 Mb.
#462563
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   98
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

ب
 (б) 
پ
(п) 
ت
 (т) ... (ұқсас емесін 
алмайсыңдар). 
2. Жұмыс. 
Әріптерді дыбыс жақындығына қарай сұрыптап, тап-табымен 
жазыңдар. Нұсқа: 
ب
(б) 
پ
(п) 
ت
(т) 
د
(д) ........ (Мұнда да дыбыс 
жақындығы жоқтары алынбайды). 
§ 3. Сөйлемдер 
Ақыш хатынан 
 
(«Әліп-би» 77 бет) 
Қадірлі Қатыш апатай! 
Мен әріптің бәрін танимын. Қандай сөз болса да оқимын. Жазуым 
қандай екенін осы қаттан байқарсыз. 
............................................................................................................................ 
Мен сүгретті де тәуір саламын. Бояуым таусылып келеді. Бояу алып 
бересеңіз екен. 
Ақыш 


190 
Осыны оқығанда дауыс неше рет тынады? Әр тынғаны бір «сөйлем» 
деп аталады. 
Мен тақтайға бір әңгіме жазайын. Сендер «Мұғалім әңгімесі» деп ат 
қойып, дәптерлеріңе көшіріңдер. 
Дәмеш мектепте оқиды. Мектептен үйіне түрлі әңгімесі бар кітаптар 
апарады. Әңгімелерін үйіндегілерге оқиды. Оқығанын басқалар тыңдап 
отырады.
Балалар түсінбегендерін сұрайды. Дәмеш түсіндіріп береді. 
Жазғандарыңды оқыңдар. Мұны оқығанда дауыс неше рет тынады? 
Тынғанда дауыс кәйтеді? Мұнда неше сөйлем бар дейсіңдер? 
§ 4. Сөйлем белгілері 
Тыныстық (.); Жапсарлық (,) 
Мұғалім әңгімесінде әріп нүктесінен басқа жерге қойылған нүкте бар 
ма? Олар сөйлемнің қай жерінде тұр? Тынатын белгіге не деп ат қою 
[керек]? Төмендегі «Мәкеш әңгімесі» дегенді үтір біткендерін түгел 
қойып көшіріңдер. 
Мәкеш әңгімесі 
Күзге қараған кез. Күндіз жылы, түнде салқындау. Ай жарық.
Қораның шетіне алтыбақан құрдық. Төрт баладан кезекке бөліндік.
Бір кезекке мен, Жұмаш, Тұраш, Нұраш төртеуміз кірдік. Екінші кезекке 
Үміт, Дәмет, Мұрат, Мұқаш төртеуі кірді. Зұлқаш, Зұлпынын, Ұрқия, 
Құбаш төртеуі бір кезекке кірді. Ұсақ балалар көп үстінен тебетін болды. 
Екі бала тебеді, екі бала жібереді. Біреулер қатты жібергенде 
қорқады. Қорыққандарға күлеміз. 
Осында әріп үтірлерінен басқа үтір бар ма? Олар қалай қойылған? 
Сөз арларының бәріне де қойылған ба? Қандай араларына қойылған? 
Осы әңгімені оқығанда, сөздердің үтір тұрған аралары мен үтір 
тұрамаған аралары қалай оқылатынын байқаңдар. 
Қайсысында сөз арасының жігі көбірек ашыла оқылады. 
Сөз арасының алыстайтын жігін көрсететін белгіні не деп айту 
[керек]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет