303
Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек
Қаншама талпынғанмен, қаншама күшін салғанмен жеткілікті қылып
школдар ашуға үкіметтің шамасының келмейтіндігі анықталып отыр.
Қазақ республикасында ашылатын әр түрлі школдарда, кітапқаналарда әм
басқа оқу орындарында қызмет қылатын 2616
кісінің ғана расқодын
көтермекші болып отыр. Бірақ оқу жұмысын жөндеп, балаларды тегіс
оқытуға 20 мыңнан артық кісі керек. Бұлардың әм басқа расқодтары керек.
Оқу жұмысынң шығындарының көбін үкімет орындарындағы
жиналатын әр түрлі салықтардан жұмсаңдар деп отыр. Бұл турада
жұмыстың көбі губисполкомдардың мойнына ауады,
бірақ олардың да
жарылқауы, оқу жұмысына жеткілікті ақша берулері қалықтың байлығы,
шаруаның жақсылығы әм салық тез, түгелімен жиналуымен байлаулы
нәрсе. Осыған қарағанда, бұл орындарда жиналатын салықтарға сеніп
отыруға болмайды. Сенгенмен губисполкомдар тезден аша алмайды.
Оқудың
мезгілі өтіп бара жатыр, балалардың бір жыл болса да оқусыз
қалулары үлкен зиан екендігі белгілі. Бұдан былай ұйқыны қойу керек.
Енді бұл жұмысқа қалықтың өзі кіріспесе, болмайды.
Бұрын Николай заманында бірнеше жыл ізденіп, шығынданып
ашатын школды Кеңес үкіметі өзі-ақ ашыңдар деп ұран шақырып
отырғанда, қалықтың үндемей отыруы –
зор айып, күнә. Школдың
расқодынан қашпай, бұрынғы жалдап молда ұстап бала оқытатын
расқодты мойындарына алып, школ ашулары керек. Бұл жұмысты айаққа
бастырып, орындап, ел арасындағы оқығандардың, ушител, мұғалімдердің
мойындарындағы зор міндет – школды мынау реттермен ашу керек: бір
ауылнай, не бір болыс ел күш біріктіріп, байға байша, кедейге кедейше үй
басына салық салып, сол жиналған салық оқытушылардың әм басқа
қызметкерлердің ақысына, школдың керек-жарағына міндетті болып,
жергілікті оқу бөлімдерімен догоуор жасап, школ ашу керек. Бұл қалыпта
ашылған
школдардың оқыту, балаларға тәрбие беру тәртіптерін сырттан
оқу бөлімдері бақылауға тиіс. Оқытушыларға ақы кәсіпшілер ұйымы
белгілеген мөлшермен беріледі. Салық төлеп оқуға шамасы келмейтін
кедей балаларына бірнеше орын қалдыру керек, оқу құралдарын: кітап,
қағаз, қалам сықылды нәрселерді жергілікті оқу бөлімдері алуы тиіс.
Ауылдың жиі жерінде балалар үйлерінен келіп оқуға болады,
бірақ
ауыл сирек, әр жерде отырған болса, қыс күні әсіресе киімі жоқ кедей
балалары келіп оқуға өте қиын. Сол себепті балалар көбірек ауылдарда
школдың қатар бөлімдерін ашу керек. Бұл қатар бөлімдердің расқоды
ортадағы школға деп елден жинаған салықтан берілуі керек. Бұл сықылды
қатар бөлімдер ашуға,
ауылдар өте сирек болып, аралары өте шалғай
304
болса, әрине, балалар келіп оқуға болмайды, соның үшін школдың
жанынан балалар жатып оқитын үй (обшежитие) не болмаса интернат
ашылуы қажет. Интернат ашылғанда, бай
балалары өз тамағымен келіп
жатып, шамасы келмейтін кедей балаларына елден азық-түлік жинап
беріп, сол үйде жатқызып оқыту керек. Мұндай интернат болмаса, кедей
балалары оқи алмайды. Жоғарыда айтылған бойынша школды бір
ауылнай не бір болыс ел болып ұйымдасып ашпаса, жеке бір кісі, иаки
бірнеше кісі болып ашуға болмайды. Себебі, ондай школдарды ашушылар
меншіктеніп, оқу-тәрбие жұмыстарын өздерінің дегенінше жүргізуге
тырысып, үкіметтің школдар қақында шығарған жобаларын, тәртіптерін
қолданбасқа мүмкін. Соның үшін жергілікті
оқу бөлімдері бұл жұмысқа
өте шұғыл қарауы керек.
Екінші, айтылып өткен реттермен ел арасындағы каператіп әм басқа
ұйымдар школ ашуға кірісулері керек.
Осы жұмыстарды ілгері бастыруға елдегі сенімді азаматтар зор
міндетті әм қалықтың өзі де бұл жұмысқа салқын көзбен қарамай,
шығатын азын-аулақ шығынға көзді жұмып жіберіп кірісулері керек.
Достарыңызбен бөлісу: