Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет40/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

Қылмыстың жасалу тəсiлi – бұл қылмысты жасау үшiн адамның қолданған əдiс, амалдары. Олар əртүрлi 
нысанда көрiнедi: күш қолдану, қорқыту, алдау, сенiмге қиянат жасау, қатыгездiк немесе аса қатыгездiк, 
жасырын түрде, құжаттарды бұрмалау жəне т.б.
Бiрқатар қылмыстар тек белгiлi тəсiлмен ғана жасалуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда қылмыстың тəсiлi 
заңда қылмыс құрамының мiндеттi белгiсi ретiнде көрсетiледi. Мысалы, меншiкке қарсы талан-тараж 
қылмыстары бiр-бiрiнен осы қылмыстың жасалу тəсiлi бойынша ажыратылады. ҚК 175-бабы 
″Ұрлық″, яғни 
бөтен мүлiктi жасырын ұрлау, ҚК 178-бабы 
″Тонау″, яғни бөтен мүлiктi ашық ұрлау қылмыстарын айтуға 
болады. 
Қылмыстың жасалу тəсiлi əрекеттiң қоғамға қауiптiлiк дəрежесiне елеулi əсер ететiн жағдайда 
заңшығарушы оны əрекеттiң ауырлатушы белгiсi ретiнде қарастырады. Мысалы, ҚК 145-бабының 2-бөлiгi 
бойынша тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу күш қолданып не оны қолданамын деп қорқытып
жасалса жауаптылықты ауырлатуға негiз болады.
Қылмыстың жасалу орны деп қылмыс оқиғасы болған, яғни қылмыстық əрекет басталған, аяқталған 
немесе қылмыстық нəтиже туған белгiлi бiр аумақты айтамыз.
Объективтiк жақтың басқа факультативтi белгiлерi сияқты қылмыстың жасалу орны да, егер ол нақты 
қылмыс құрамының мiндеттi белгiсi ретiнде заңшығарушымен қылмыстық-құқықтық нормаға енгiзiлсе, 
əрекеттi саралауға əсер етедi. Мысалы, ҚК 246-бабы 
″Жарылыс қаупi бар объектiлерде немесе жарылыс 
қаупi бар цехтарда қауiпсiздiк ережелерiн бұзу
″, ҚК 385-бабы ″Шайқас даласында өлгендермен 
жаралғандардың заттарын ұрлау
″, ҚК 329-бабы ″ҚР мемлекеттiк туын сауда кемесiнде заңсыз көтеру″. Ал 
мына қылмыстарда қылмыстың жасалу орны жауаптылықты ауырлататын белгi ретiнде қарастырылады. 
Мысалы, ҚК 178-бабының 2-бөлiгi 
″г″ тармағы ″Тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз 
кiрумен жасалған тонау
″, ҚК 285-бабының 2-бөлiгi ″Төтенше экологиялық жағдай аумағында жердi 
бүлдiру
″.
Ал басқа жағдайларда қылмыстың жасалу орнын əрекеттiң қауiптiлiк дəрежесiне əсер етушi факультативтi 
белгi ретiнде жазаның түрi мен мөлшерiн таңдау кезiнде сот ескередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет