Тарих, археология және этнология факультеті



Pdf көрінісі
бет2/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Учебник Теор. этнология

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


КІРІСПЕ 
 
Бұл оқу құралы этнологияның теориялық - методологиялық мәселелерін, 
теориялық этнология пәні мен зерттеу әдістерінің сипатын және шектес 
ғылымдармен өзара байланыстылығы мәселелерін қарастырады. Бұл 
мәселелердің жалғасы этнология аясында қалыптасқан жүз жылдан астам 
тарихи дамуы бар ғылыми мектептер мен бағыттардың негізгі қағидаларын, 
тұжырымдарын оқып үйренуге, этникалық, этномәдени үдерістердің теориялық 
мәселелерін де талдауға мүмкіндік береді. Оқулықта қарастырылған ғылыми 
бағыттар этнологияның тарихи дамуында бір-бірін ауыстыра отырып, белгілі 
реттілікпен баяндалады.
Сондай ақ оқу құралының негізгі бөлігі этнологияның теориялық 
мәселелерін қарастыруға арналған. Онда этникалықтың негізгі теориялары мен 
этностың классификациясы баяндалады, соның арқасында әлеуметтік мәдени 
дамудың барлық үдерісі жүйеленіп, реттелген сипат алады. Онан кейін 
адамзаттың антропологиялық әртүрлілігі мен әрбір нәсілдің өзінің айыратын 
ерекшелігі болатындығын түсіндіретін антропогенез және этногенез үдерісін 
қарастыруға өтеді. Бұл тақырыптардың жалғасы этнос психологиясының 
қалыптасу механизмімен байланысты және адам санасының өзін сол этносқа 
жататындығын түсіндіретін кешенді сұрақтардан тұрады.
Оқу құралында бүгінде этнолог ғалымдардың назарын аударып келе 
жатқан мәселе - дамудың әртүрлі деңгейіндегі мәдениеттің өмір сүруі. Дәстүрлі 
және жаңартылған мәдениеттің сапалылығын, олардың құрылымын
этномәдени үдерістердегі әдет ғұрып, салт-дәстүрлердің маңызын зерттеу әрбір 
жекелей этникалық мәдениеттің өзіндік ерекшелігін терең түсінуге көмектеседі.
Қорыта келгенде әрбір этностың өмір сүруі мен дамуы көбіне оның басқа 
этноспен өзара байланыста болуының әртүрлілігіне қатысты болады. 
Этномәдени байланыстардың әртүрлілігін және этникааралық коммуникация 
концепциясын білу - қазіргі этникалық үдерістердің дамуы мен қызметін, 
мәдениеттің таралуын және адамның басқа этникалық социомәдени қоршауын 
игеру тәсіліндегі механизмдерін түсінуге мүмкіндік береді.
Оқу құралының негізгі міндеті – білім алушылардың әлемнің этникалық 
картинасы жөніндегі танымын қазіргі әлемдік этнология ғылымына сәйкес 
қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент қазіргі қоғам алдында тұрған 
әлеуметтік және саяси мәселелерді түсіну мен шешуде этнология ғылымы мен 
этникалық факторлардың теориялық және практикалық маңызын түсінуге қол 
жеткізеді.
Пәнді игеру нәтижесінде студент: 
білу керек: 
- теориялық этнологияның негізгі теориялық - методологиялық 
қағидаларын, тұжырымдарын ; 
- этнология ғылымының тарихы мен қазіргі жағдайын; 
- теориялық этнологияда қолданатын негізгі теориялық және 
әдістемелік терминдерді, ұғымдарды,
- теориялық этнологияның зерттейтін аспектілерін; 


- этнология ғылымындағы деректер мен негізгі зерттеу әдіс-тәсілдерін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет