«Ясауи» ғылыми-зерттеу орталығы п а қ ы р н а м а


Нәпсінің үшінші дәрежесі: зухд (тақуалық)



Pdf көрінісі
бет11/33
Дата28.10.2022
өлшемі7.51 Mb.
#463573
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
Пақырнама 2021

Нәпсінің үшінші дәрежесі: зухд (тақуалық) 
Зухд дүниедегі нәрселерді сағыну мен қалаудан бас тарту деген 
мағынаға келеді. Жүнейд Бағдадиға сәйкес, «Қолыңның дүниенің 
қызықтарынан, жүрегіңнің ашқарақ құмарлықтан азат болуы». Ескі 
құндылықтар мен арзу-қалаулардың тәрік етілуі деген ұғымға келетін 
зухд инфантильді аңсарлар мен сезімдер кейінде қалған ішкі 
транфсормацияны білдіреді. Бұл сатыда адам өзінің нарцисстік 
қалауларының және импульстік құмарлықтарынан хабардар болу мен 
осы қалауларды жаншудың орнына оларды біртіндеп түзету, әсерсіз 
қалыпқа түсіруге жұмыс істейді. 
Кәмілдік Эрик Эриксонның адамның дамуы теориясында ең 
жоғарғы сатыны құрайды. Бұл сатыда эгоның бүтіндігі немесе үміттің 
жоғалу сезімі орнайды. Бұл сатыда адам не жеңістерге жетеді не 
жеңілістерді бастан кешіреді. «Меннің» бүтіндігі «Мен» сезімінің өз 
ішінде тәртіп пен мәннің орнауы. Бұл «Меннің» жалғыз өзін емес
барлық адамзатты, адам баласын шынайы, риясыз қалыпта сүюі. 
Меннің бүтіндігі, толықтығы оң-теріс, ащы-тәтті жақтарымен 
адамның өз өмірін сол қалпында қабылдауы. Эриксон бұл кезеңнің 
даналыққа көмкерілгенін айтады; бұл даналық сезімдеріне тұтас, 
толық қалыпта қарау. Батыстың психотерапиялық тәжірибелері 
сырқаттың ауру симптомдарын жоқ қылу мен күнделікті 
шындықтарға сәйкестендіру негізіне құрылған. Біздің дүнияуи және 
индивидуалды шындықтарымыздан тыс деңгейде шындықтың 
ашылуы 
мен 
сезімге 
айналуын 
Фрейдтің 
психоанализі 
мойындамайды. Мәселен, бір адам бұл дүниенің шегіне шығып, 
Универсал Хақиқат жолында жүргісі келсе, бұларды Фрейд 
психоанализі 
өмірге 
қарсылық, 
әсіре 
нарцисстік 
әрекет, 
психотикалық регрессия деп атайды. 
Зухд сатысы Батыс психотерапиясында толықтық және адамның 
бүтінделуі дәрежелеріне сәйкес келеді. Бұл сатыда адам өзіне, өз 
өміріне және басқаларға біраз қашықтан көз тастап көреді. Карен 
Хорниға сәйкес, «толықтық иллюзиялардан бірте-бірте арылу, 
құтылу». Адам бала кезіндегі иллюзия мен алдамшы қиялдан өзін 
біртіндеп құтқарады және шындық аясында өзінің күші мен 


25 
шектеулерін анықтап таниды. Эриксонның даналықты «өлім теңізінің 
жағалауында өмірге алыстан, ұзақтан қарау» деп сипаттағанын 
ескерсек, сопылардың тақуалық мен толықтық сатысының адам 
дамуын тежейтін дағды, мінез-құлық және симптомдардан құтылу 
деген мағынаға келетінін аңғарамыз. Иллюзиялардың бір сәтте 
жоғалуынан кейін үмітсіздік сезімдері мен депрессия пайда болуы 
ықтимал. Иллюзиялардан біртіндеп құтылу өкініш пен шарасыздық 
сезімдерін оятуы мүмкін. Алайда жалған қиял мен иллюзиялардан 
құтылу – нарцисстік, травмалық, невротикалық мінез-құлықтардан 
және шартты рефлекстерден құтылу деген сөз. 
Психоанализ, Батыс психотерапистері мен бірқатар Батыс 
психология салалары толықтық мәселесінде бұдан басқа нәрселерді 
ойға алмайды. Яғни оларда адамның толықтығы, кемелдігі мәселесі 
тек осымен ғана шектеледі. Алайда сопының сапары бұдан әрі де 
жалғаса түседі. Оның әлі баратын төрт тұрағы, төрт даму сатысы бар: 
фақр (пақырлық), сабыр, тәуекел және разылық. Зухд сатысында 
серік болатын нәпсі нәфс-и мүлһимә. Яғни шабыт беруші нәпсі. 
Нәфс-и мүлһимә, Идрис шаһтың айтуынша, «Шынайы сана 
толығуының бастауы; ол жерде сана ескі құнарсыз хәлінен арылып
бұдан да жоғары дәрежеге көтеріледі». 
Неге шабыт беруші? 
Зухд әдет пен дағдылар қорғанушы мінез бен адамды 
жаңылтатын қиялдардан құтылу әрекеті. Адам осы әрекеті арқылы 
түпсананың жойдасыз, тежелмеген асау қуаттарына қол жеткізеді. 
Бұл қуаттарды бастан өткеру, сезіну және сипаттау тек нәфс-и 
мүлһимә арқылы ғана жүзеге асады. Шабыт беруші нәпсі зухд 
сатысында сопыларға дүниенің шегі мен талаптарынан асуға бір 
мүмкіндік береді. Осылайша ішкі «Меннің» шектеулерінен; уақыт, 
кеңістік мен мәдениеттің шектерінен ғайыптан келетін шабыттың 
күшімен асып шығуға болады, мұндай дәрежеге жеткен адамның 
жүрегіндегі даналық тілінен інжу, маржан мен дүрлер болып төгіледі. 
Мұндай дәрежеге жеткен адам өнер саласында бір туынды қалдырса, 
оған жұрттың бәрі таңғалып, тамсанып тұратын дәрежеде болады. 


26 
Қазақтың ұлы ақыны Шәкәрім бұл күйді: «Ойдан маржан, меруерт 
төгілгенде Отыра алар кім шыдап оны термей» деп сипаттайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет