«Ясауи» ғылыми-зерттеу орталығы п а қ ы р н а м а


Эго психологиясы мен сопылық: ұқсастықтар



Pdf көрінісі
бет12/33
Дата28.10.2022
өлшемі7.51 Mb.
#463573
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Пақырнама 2021

Эго психологиясы мен сопылық: ұқсастықтар 
1. Екеуінде де адамның дамуына қатысты теориялар бар. 
2. Екеуі де адамның толыға түсуі үшін практикалық әдіс- 
тәсілдер ұсынады. 
3. Екеуінде де сана, сана алды және түпсана ұғымдары бар. 
4. Екеуі де түпсананы ашуға талпынады. 
5. Екеуі де адам дамуының интеллектуалды қабатына емес, 
сезімдік жағына көңіл бөледі. 
6. Екеуі де бір жолбасшы немесе терапистің қажетті екенін 
мойындайды. 
7. Екеуі де кәмілдік, толықтық жолында әртүрлі сатылардың бар 
екенін айтады. 
Батыс психологиясы адам дамуының рухани, эволюциялық және 
трансцендентті сатыларын ашуды қаламайды. Алайда сопылықтағы 
төрт саты осы салаларды қамтиды. 
Нәпсінің төртінші дәрежесі: фақр (пақырлық) 
Фақр кедейлік деген сөз. Қалау мен құмарлықтардан құтылу 
мағынасын да қамтиды. Сопылық жолы әдетте пақырлық жолы деп те 
аталады, жолаушыны да пақыр деп атайды. Бұл сатыда адамға нәфс-и 
мүтмәиннә серік болады. 
Көптеген дәстүрлерде, рухани дамуда дүнияуи жүктерден 
құтылудың маңызы айтылады. Сопылық басқа батини (ішкі) 
дәстүрлерден осы сатыда қалып қоймағанымен ерекшеленеді. 
Пақырлық мәселесінде әсіре әрекетке берілу адамның толығуға деген 
талпынысында оған тұсау болуы да мүмкін. 
Нәфс-и мүтмәиннә 
Пақырлық сатысында сопы іштей тыныштық пен қауіпсіздік 
сезімін түйсінеді. Бір нәрсені меншіктену немесе одан айрылу, бір 
мүлікті иемдену-иемденбеу сезімдері арасында үздіксіз күрес жүріп 
жатады. Нәфс-и мүтмәиннәға (қанағаттанған нәпсі) қол жеткізу, ішкі 
шиеленістерден, дүнияуи қалаулардан және меншіктену сезімінен 


27 
құтылу, өмірдің және болмыстың көрінбейтін ритміне жақындау 
деген сөз. Психодинамикалық тұрғыдан қарағанда, ұдайы қалау
құштарлық, қомағайлық және дүниені толассыз жинау – негізінен 
ішкі сенімсіздік пен ішкі кедейлікке қатысты психопатологиялық 
қасиеттердің бірі. Сопылар риязатты, яғни өз-өзіне бейнет тілеп 
алуды қолдамайды. Бірақ адам дүниеден жүз қайыру арқылы одан 
азат болуы тиіс. Шынайы кедейлік пен пақырлық хәлінің көрсеткіші 
– адамның ішкі әлемінде материалды нысандарды қабылдау сипаты. 
Болған сайын болсын дейтін құмарлыққа, билікке құл болмаса ғана 
адам пақыр, ізгілігі мол адам. 
Эрих Фром қазіргі адамның болу және ие болу арасында таңдау 
жасайтын орында тұрғанын сипаттайтын шығармасында былай деп 
жазады: «Тұтыну, қазіргі өндіріске шектен тыс басымдық берген 
қоғамның ең маңызды ие болу түріне жатады. Тұтынылған нәрсені 
кері қайтару мүмкін емес болғандықтан, бұл жағдай қорқыныш, үрей 
сезімін азайтуға жарайды. Алайда әрбір тұтынылған нәрсе тұтынған 
сәттен бастап, тұтынушыны бұдан қанағат таппайтын күйге 
келтіргені үшін адамдар қайтадан және одан да көп нәрсе тұтынуға 
ұмтылуға мәжбүр болады». Сопылықты болу өнері деп те сипаттауға 
болады. Олай болса, шынайы сопылар тұтыну идеологиясының 
құрбанына айналмайды деген сөз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет