14
әдетпен өтіп кетсең, соңына дейін «дидар» (Тәңірдің жәннатта
момындарға өзін көрсетуі) саған нәсіп болады» (
Левенд А.С. Ашығ
Пашаның белгісіз болып келген екі мәснәуиі: Пақырнама және Уасф-
ы хәл, ТДАЙ. Бюллетень 1953, Анкара 1953, б. 205-255беттер).
Бұдан көргеніміздей, Ашығ Пашаның мәснәуи тек пақырлықтың
не екенін түсіндіруге және оның маңызын көрсетуге тырысқан
көркем туынды. Ол бір қарағанда, Қожа Ахмет Ясауидің
«Пақырнамасынан» форма мен мазмұны тұрғысынан толықтай
ерекшеленеді.
Мансұр
Халлаж айтқандай, «Құл Алланың пақырлығы
өлшемінде Алланы тапқанда ғана бай болады. Дүниеде пақырлығы
артқан сайын рухани байлығы молая береді». Семнун Мухиб есімді
сопы «Пақыр меншігінде ешбір нәрсе жоқ және өзі де еш нәрсенің
меншігінде қалмаған кісі» деп, Хақ жолындағы жолаушының нәпсі
мен шайтанға және дүниенің мал-мүлкіне құл болмауы керектігіне
назар аударады. Әбу әл-Хусейн ән-Нури «пақырдың
ерекшелігі
жоқшылықта өмір сүрсе де, үнсіздік пен разылық сезімін қорғауы,
баршылықта тіршілік етсе де, меншігіндегі мүлкін үлестіруі, өзінің
емес, басқалардың қамын ойлауы» деген. Атақты сопы Шибли болса,
«Пақырлықтан ғиззат пен қанағат, шүкіршілік туады. Әулиенің
сипаты үшеу: Әр нәрседе Аллаға сену,
әрбір істе Оған мұқтаж болу
(пақырлық) және барша игіліктен теріс айналып, Оған қайту».
Сәрраж пақырлық үш дәрежелі дейді: «а. Құдайға жақын
жандардың пақырлығы: Не тілмен, не іштей ешкімнен еш нәрсе
қаламайды және ешкімнен көмек, жәрдем күтпейді, бір сый тарту
етсе қабыл етпейді. Бұлар Аллаға жақын мақамда тұрады. б.
Шыншылдардың пақырлығы: Біреуден бір нәрсе қаламайды,
бірақ
егер берсе алатындардың мақамы. в. Қанағат иесінің пақырлығы: Бұл
топтағылар да мұқтаж жағдайға түскен кезде бұл хәлін қуана-қуана
жәрдем беретін бір досына ғана айтады». Сондай-ақ, Әбу Насыр әс-
Сәрраж төрт ұлы халифаның сопылық жолдағы алатын орындары
жайлы былай деген: «Дүниені толығымен тәрік етіп, қолы мен
уысында ұстаған әр нәрсені Алла жолында
жұмсағандардың имамы
әзіреті Әбубәкір. Дүниенің жартысынан бас тартып, жартысын
15
отбасы мен туған-туысқандарының мұқтаждығына жаратқандардың
басшысы әзіреті Омар. Дүниенің мал-мүлкін Алла үшін жинаған және
Оның разылығы үшін таратқандардың көсемі әзіреті Оспан.
Көңілінде дүниеге деген титтей де құмарлық болмағандықтан, дүние
ізінен қалмай ерсе де, одан бас тартып, қашқандардың имамы әзіреті
Әлі еді».
Атақты сопылардың бірі Кәлабази
«Алла тағаланың сондай
Достарыңызбен бөлісу: