барша кендердің мекені болған бір тау сықылды». Шайху әл-машаих
(рахматуллаһи ғаләйһи) қаддаса Аллаһу тағала рухаһу айтады:
«Пақырлық бір дария дүр, оның түбі жоқ. Оның түбін әзірет
Мухаммад Мустафа саллаллаһу ғаләйһи уа сәламнан /өзге кісі/
көргені /жоқ/.
Саид Ахмад Кубра: «Пақырлық – Құдайдың нұры. Әркімге ол
нұрдың сәулесі түсетін болса, оның түсетін сәулесінен кемел ышық
табады», - дейді.
Шайх Ахмад: «Пақырлық байлықтың тәжі. Әркім басына кисе
екі жаһанда Сұлтан болды».
Шайх Шақиқи Балхи рахматуллаһи: «Пақырлық бір от дүр.
Әркімнің көңіліне түсті ме болмыс/ы/ алтын болды», - дейді.
Шайх Ахмет Жами айтады: «Пақырлық бір шарап дүр. Әр кісі
бір жұтым ішер болса, қияметке дейін мас болды. Дидар талап
болды».
Шайх Қутбуддин Айдар айтады: «Пақырлық Құдайдың зарбесі
(соққысы) дейді. Кімге тисе екі жаһанда мұратына жетті».
Қожа Абдулла Абиди айтады: «Пақырлық Тәрбиеші Құдайдың
дүниеде тура жолға салуы дүр. Әркімге берсе, /әркім жол тапса/
мәңгілік Сұлтандықты табқай».
Шайх Мансур Халлаж айтады: «Пақырлық Құдай тағаланың
дидары. Кімде-кім көрсе көрмеді».
Лұқман
шырақшы
айтады:
«Пақырлық
–
ұмтылу,
тырысулықтың қыраны. Әркімге келіп қонса, ол кісі ғаршыға ұшып
Ләмаканға барды».
Көріп тұрғанымыздай, бұл шығарма пақыр, пақырлыққа жету
жолында қандай мансапқа ие болатындығын, оның негізгі сипатын,
бір сөзбен айтқанда, Хақ тағаланың разылығына жету жолында Оның
дидарына қауыштыруға апарар үлкен мақам, рухани мәртебе, дәреже
екендігі ашып көрсетілген.
8
Осы ретте пақыр, пақырлық турасында қасиетті Құран Кәрімде
де айтылған аяттарды негізге алуға толық болады. «Фатыр» сүресінің
15-ші аятында:
اَي
اَهُّيَأ
ٌ ساَّنلا
ٌ م تنَأ
ٌ ءا َرَق فْلا
ىَلِإ
ٌَِّاللّ
ٌ ۖ
ٌ َّاللّ َو
ٌَو ه
ٌُّيِنَغْلا
ٌ ديِمَحْلا
« Әй, адам баласы! Сендер Аллаға мұқтажсыңдар. Алла тағала
Ол әр нәрседен мұқтажсыз, өте мақтаулы».
«Мұхаммад» сүресі, 38-ші аятында:
اَه
ٌْم تنَأ
ٌِء َلَ ؤ ََٰه
ٌَن ْوَعْد ت
او قِفن تِل
يِف
ٌِليِبَس
ٌَِّاللّ
م كنِمَف
نَّم
ٌ لَخْبَي
ٌ ۖ
ٌَو
نَم
ٌْلَخْبَي
اَمَّنِإَف
ٌ لَخْبَي
نَع
ٌِهِسْفَّن
ٌ ۖ
ٌ َّاللّ َو
ٌُّيِنَغْلا
ٌ م تنَأ َو
ٌ ءا َرَق فْلا
« Негізінде,
сендер сол Алла жолында мал жұмсауға
шақырылудасыңдар. Алайда кейбіреулерің сараңдық қылады. Кім
сараңдық қылса, өзіне ғана сараңдық қылады. Өйткені Алла бай,
сендер кедейсіңдер...» деп келеді [6, с. 622].
Бұл келтірілген аяттарда жалпы адам ұрпағының бай болсын
кедей болсын, тоқ болсын аш болсын, бәріне бірдей « әнтуму әл-
фуқара'у» – «Сендер кедейсіңдер» дейді. Мұндағы « фуқара» –
фақирдың көпше түрі. Осы тұста Алла тағаланың жалпы адам баласын
неге, қай тұрғыдан «кедейсіңдер» дегені ерекше назар аудартады.
Әзірет Сұлтан кесенесінің екі күмбезі мен көреген Әмір Темір
арнайы жасатқан жәдігерлердің бірі тайқазанның айналасында
мынадай жазу берілген:
( ала әл-мулку лиллаһи) للهٌكلملاٌلَا
«Бүкіл жаратылыстың иесі Алла» [7, 131 б.].
Арнайы мақсатта таңдалып, теріліп жазылған бұл жазуда
барлық, бүкіл жаратылыс, оның ішінде тіпті адам баласының жеке
меншігіндегі, иелігіндегі нәрселердің өзі Алла тағаланың мүлкі
дегенді білдіріп тұрса керек-ті. Себебі Абай Құнанбайұлының «Көк
тұман – алдыңдағы келер заман» атты өлеңінің мына шумағында осы
жоғарыдағы «әл-мулку лилләһи» сөзінің мәнін:
Адам ғапыл дүниені дер менікі,
Менікі деп жүргеннің бәрі Оныкі.
Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде,
Ойла сонда болады не сенікі? - деп ашықтай түседі.
9
Хәкім Абайдың бұл өлең жолдарымен мағыналас мынадай жыр
жолдарын көптеген әулие аталарымыздың жырларынан кездестіреміз.
Олардың бірнешеуін Ясауи бабамыздың хикметтерінен, Шәкәрім
Құдайбердіұлының
жыр
шумақтарынан,
басқа
да
әулие
аталарымыздың қалдырған өсиеттерінен мысалға келтірер болсақ,
Ясауи бабамыздың 92-хикметінде «Әзірейіл келіп, ыстық тәннен әзиз
жаныңды алып, бес-ақ күндік ғұмырыңды қолдан бергенде, Мүлкің
қалар, малың тұрар мөңіреп тұл» дейді. Ал Шәкәрім Құдайбердіұлы
болса:
Шаранамен туып едің,
Бөз оранып өтесің.
Қанша дәулет жиып едің,
Бәрі қалды нетесің,
Мал үшін жан қиып едің,
Қайтіп алып кетесің, - деп дүниенің, дүние малының
баянсыз, ақыретте серік бола алмайтынын айтады. Сондықтан өзіңе
мәңгі серік болатын нәрсені табуға Абыл Тілеуұлы: «Лә иләһа
иллалла иманымыз, Бір имандай болмайды-ау жиғанымыз» деп
тақуалыққа шақырып, оның негізгі байлығы иман екенін атап
көрсетеді.
Міне исламның ұлы ойшылдары «дүние деп – алтын, күміс және
басқа да қазына байлықтарды емес, дүние деп – Құдайдан ғафыл
қалғанды айтады» деп дүниеден, байлықтан мүлде бас тарт
демейтінін атап өту керек. Себебі дүниелік заттардың өзі иман
байлығын қолға келтіруге сеп болатынын хадистер мен діни
еңбектерден жиі ұшырастыруға болады.
Келтірілген Құран Кәрімдегі «Сендер кедейсіңдер» дегендегі
аяттың мәні – негізінен иман байлығы, рухани байлық тұрғысынан
жұтаңсыңдар дейтіні осы, ол – ақиқат. Оны Хақты тануды, табуды
мақсат тұтқан ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы «Нұрға байсың,
нұрыңнан зекет парыз, Мен кедеймін, нұр сұрап қылдым арыз» деп
аяттағы «кедейсіңдер» сөзінің мәнін тереңірек аша түседі. Бұл екі
қатар жыр жолдарын жоғарыда келтірген аяттардың дәлме-дәл
аудармасы, тура мағынасы, тәпсірі, сыры деп те және осы тұсқа
10
дейінгі «пақыр» «пақырлық» жөнінде әулие аталарымыздан
еңбектеріне жүгініп сыр тартқан ойлардың бір қыры десек
қателеспесіміз анық.
Осы жерге дейін «пақырлық», «пақыр» сөзінің мәнін
адамдардың рухани кедейлігі, иман байлығының жоқтығы
тұрғысынан қарастырған болсақ енді керісінше, рухани бай болу,
рухани кемелдікке жету үшін «пақыр» болу, «пақырлық» керектігі
тұрғысынан қарастырамыз. Мұндай пақырлықты Алланың елшісі
хадисінде: « Пақырлық – менің абыройым» деп әспеттеген. Осы
орайда дана бабаларымыз да «пақырлық» деген кемдіктің, қорлықтың
белгісі еместігін «Жалғызсың демегін – Аллаға тілің тиеді, жарлысың
демегін – пайғамбарға тілің тиеді» деп өте көркем жеткізеді.
Келесі кезекте осы «пақыр» және «пақырлықтың» сыры мен
мәнін Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың «Пақырнама» шығармасынан
көреміз. Ол: «Ей, Мұхаммед! Егер Мені /Менің дидарымды/ ешбір
себеп, кедергісіз көруді қаласаң пақыр бол, тәжрид бол, тәфрид бол.
Егер дидарымның жамалын, кемелдігімді ешбір себепсіз көруді
қаласаң риязат қыл, риязатпен шұғылдан. Сонда барып дидар
жамалымды көргейсің, /сұлу дидарыма лайық болғайсың/. Кімде-кім
дидар тілесе, Хақтан өзге оған харам дүр» деп баяндалатын жолдарда
пақырлықтың шынайы ұғымын аңғаруға болады.
Жалпы, осы жарық дүниеде Хақты тануды, Хаққа жетуді, Алла
тағаланың разылығын табуды талап қылған, мақсат еткен исламның
ұлы ойшылдарының барлығының дерлік еңбектерінен Алла
тағаланың дидарын көруге жетуде бұ дүниелік тұрмақ, о дүниелік
нығметтердің өзінен бас тарту керектігін аңғаруға болады. Айталық,
Әзірет Сұлтан бабамыз осы еңбегінде: «Егер нағыз шайхқа дүниенің
нығметін түгел беремін десе – Хақтан бас тартқандарға бере бер, ал
ақыреттің нығметі мен жаннатты беремін десе – момындарға бере
бер» деп, өзіне бүкіл қиыншылықты өзіне қарай бұрып тілеп алады
дейді.
«Бустан ул-мухиббин» атты еңбекте шынайы дәруіш «Бұл
дүниенің нығметі – Сен ойымда болсаң жетеді, Ақыреттегі нығметің
– дидарың болса жетеді» деп тілейді дейді. Ал тілегің, мұратың дүние
11
де емес, жаннат та емес Алланы тану, табу, Оған жету болсын дегенді
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Болмасқа, толмасқа мақсатты салма» деп
екі ауыз сөзбен өте шеберлікпен астарлап айтады.
Хақты тануды, табуды, жетуді талап, мақсат қылғандар түбінде
бар малын, дүниесін сарп етуге дейін жететінін жомарттықтың үш
халі туралы «Бустан ул-мухиббин» атты еңбектің қайырымдылық,
Достарыңызбен бөлісу: |