Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет56/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

Пайдаланған әдебиеттер 
1. Кенжебаев Б. «Әдебиет және сын мәселелері». Еңбекші қазақ. – 1932, 26 қыркүйек. 
2. Мүсірепов Ғ. Әдебиет айтысына. // Еңбекші қазақ. – 1932, 4 тамыз. 
3. Тоғжанов Ғ. Әдебиет және сын мәселелері. Қызылорда: –1929. 
Оспанова А., 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің оқытушысы 
ҒҰМАР ҚАРАШ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ 
 
1910 жылы жарық көрген «Тумыш» кітабында Ғұмар Қараш ел жақсыларының азаматтық намы-
сын қозғап отырған. 
Айрылып пана болған ағалардан 
Күн қалған тұқым бұзар таналарға. 
Қор болып ер қазақтан күн кеткен соң, 
Тілі бар дұспандардың табаларға. 
Ақын халқының қамын молдалардың да ойлауы керек екендігін, дүмше оқу емес, дұрыс оқу 
болуын міндеттейді. Жастарға жаман әдеттен аулақ жүріңдер дейді. Ретімен біріншіге, екіншіге, 
үшіншіге, төртіншіге қаратып отырып айтып, бесіншіге былай дейді: 
Бесінші, кесіп кезек жас жандарға, 
Ақылы жастықпенен мас жандарға. 


125 
Жасынан жаман әдет тауып алып,
Әдептің сызығынан асқандарға. 
Адасқан әркімдердің жолын қуып, 
Жолынан жақсылықтың қашқандарға. 
Әй, сіздер адаспаңыз, жас балалар, 
Жақсылықты, жамандықты тастаңдар да, 
Әдепке осы күннен мойын қойып, 
Адамдық жақсылыққа бастаңдарда. 
Жасыңда жақсылыққа үйренбесең, 
Түзелу қиын жасы асқандарға. 
Сіңеді сүйегіне жастағы әдет. 
Аяғын өнбес асып басқандарға. 
Қалмайды бір бойыңа сіңіп алса, 
Қаншама бұл әдеттен қашсаңдар да. 
Құдайым жатса берер берген жанға. 
Ұстатпас жас өткен соң атсаңдар да. 
Құйрығы қолдарыңа ілінбейді, 
Ұстарға айла құрып басқандарда. 
Баланы жастан тәрбиелеу – ақын ұстанымында ұлттық міндет. «Жаста үйрет жақсылықтың 
өрнегіне» дейді. 
Алтыншы сөзді әйелдерге қаратып айтқан ақын қыз баланың тәрбиесіне талап қою жайында, оны 
тұрмысқа бейімдеу турасында ой қосып сөйлейді. Әйелдің тұрмыста кемдік көруінің жайы да назарда 
болған. Шариғат жөніне жетіп, өзі оқымысты молда Ғұмар Қараш мұнда исламдағы әйелге араша 
тұру, әйел құқын қолдау негізінде ой төккен дейміз. 
Кейбір жан санға әйелді есептемес, 
Хақы бар нендей үлкен оны білмес. 
Атына ашуланса қатын соғар, 
Бейне бір оны күңнен артық көрмес. 
Жұмсайды отқа, суға, күл, көмірге, 
Үстіне өңді киім алып бермес. 
Ақын осы ұзақ толғауында тағы да заман халін, оның жеке өкілдерінің тура, немесе бұрыс 
бағытын саралайды. Атап айтар бір мәселе, қай дәуірде де нақыл айтып, тәлім үйретіп отыру желісі 
жарысып отыратын қазақ поэзиясының дәстүрлі сипаттары Ғұмар Қараш шығармашылығында да 
көрініс тапқан. 
Сонымен бірге жаңа дәуірдің көркемдік-эстетикалық мұраттарының талап, талғамына жауап 
беретін сұлу тіркесті, жанды, астары қалың, айтпағы жартылай жұмбақ өлеңдер де – Ғұмар Қараш 
шығармашылығының етене бір сипаты. 
Ғұмардың ақындық айналымында «ырыс қайтып, бақ сөну» сынды сақтандырып отыратын, 
ұлттық тағдыр-талайының кие, қорғанындай оралымдар жиі ұшырасады.
ХІХ ғасырдың ен ортасында далаға «мініп көрер күші жоқ, сауып ішер сүті жоқ – ақша дейтін 
мал шыққанда» (Шортанбай Қанайұлы), сол ақшамен бірге дендеп жайылған дерт – атасын 
сыйламайтын ұл, апасын тыңдамайтын қыз, бауырдан байлық қымбат, билік қадірлі болған күндер 
туды ел басына. Сол жағымсыз, жат құбылыстар отарлық езгіде тұншыққан елді қара албастыдай 
қаптап басып алған болатын. Ғұмар өлеңдерінің негізгі өзегі жұртын осы кеселден сауықтырудың 
мұңы.
«Қазақтың атқа мінген адамдарына» атты шығармасында Ғұмар қазақтың таза, нұрлы, табиғи 
жаратылысынан аттамаған өткен дәуір, алыста қалған аяулы күндерін сағынады.
Бай еді ер қазақтың жарық күні, 
Басып тұр қараңғылық нұрсыз түні. 
Байқасам жан-жағыма көзім салып, 
Келмейді замананың ешбір сыны. 
Жайылып ұрлық, өтірік тегісінен, 
Жойылды бұ заманда сөздің шыны. 
Әкеге бойсұнбайды туған ұлы, 
Аға тілін алмайды жаман іні. 
Бастаған халықтың көшін адамдары 
Шықпайды ел қамында еш бір үні. 


126 
Көш бастай ел бастаған басшыларға 
Осылай болар ма екен істің жөні. 
Қайғы етіп кесер басын халқын көрмеу, 
Айтар ма оңған деп ешкім оны. 
Қоймаса бұл мінезді бас адамдар 
Қорқамын қайнай ма деп елдің соры, 
Ғұмар негізінен өсиет, өнеге өлеңге басымдық берген. Соған қоса шынайы поэтикалық 
тылсымның дәмін сезінуіне де айрықша талғам көрсетіп отыратыны болады дедік. «Шәңгерей 
өлеңдерін оқығанда» атты қысқа туынды ақын талғамы, ақынның өнерге қойған талабы дегізетіндей. 
Көріп ғажап бұл ғазалны* қалдым қайран, 
Мафһумы** неше түрлі алуан-алуан. 
Теріліп Пушкин, Лермонд*** – қылса баян, 
Айта алмас жүз мыңнан бірін ғаян****. 
Ғұмар Қараш 1875 жылы Ішкі Бөкей Ордасына қарасты Қырқұдық деген мекенде дүние есігін 
ашқан. Қазіргі Батыс Қазақстан облысында. Әуелде ауылдағы молдадан сауат ашқан. Кейінде білімін 
кеңітіп, Ғұбайдолла Ғалінеевтің медресесін бітірген. 1902-1910 жылдарда өз елінде, Тіленшісай, 
Борсы атты жерлерде жаңа оқу жәдитпен балаларды оқытқан. Борсы – қазақтың ХХ ғасыр басын-
дағы әдебиетінде айрықша көркемдік тәсілдерімен олжа салған әйгілі ақыны Шәңгерей Бөкеевтің 
мекені. Осы ауылда бала оқытқан Ғұмар Шәңгерейдің тәлімін көрген. Заман беталысына орай өзіндік 
шығармашылық бағытын түзе бастаған.
«Шәңгерей Ғұмарға орыс тілін үйретеді, орыс, еуропа өлеңдерінің көрнекті шығармаларымен 
таныстырады, басты-бысты роман, повестерді әңгімелеп береді. Ғұмар осы естігендерін ауыл 
адамдарына айтып таратады. Табиғатында зерек, білімге құштар Ғұмар өздігінен әр саладағы орыс 
тіліндегі кітаптарды оқитын дәрежеге жетеді. Бұған куә оның А.Некрасовтың «Соғыс қаһары» өлеңін 
аударуы Л.Толстой философиясымен таныстығы сияқты жайлар» (1, 6-б.). 
Ғұмар Қараш 1917 жылғы Ресейде өткен Ақпан төңкерісін үміт-күдік аралас көңілде қарсы алған. 
Бұл тұрғыда, алда сынақты күндер барын Ғұмар білді, тым қуанып, әсериеле қойған жоқ деп, «ХХ 
ғасырдағы қазақ әдебиеті» зерттеу еңбегінде Сәбит Мұқанов дәл байқап айтқан болатын.
Ғұмардың заман ыңғайын саралау сұңғылалығы, жан-жақты, дүние біліміне көз тастаған сергек 
қалпы оны тек дін оқуын үйрету міндетінде қалмай, аумалы-төкпелі уақыттың ағынына түсіреді. 
Ғұмар Қараш өмірін зерттеушілердің келтірген деректері халқына қызмет етуді өмірінің мақсат-
мұраты санаған адамзат ақынның 1918 жылы діни мансабын біржола тастап, елге нақты қызмет ету, 
әлеуметтік өмірге белсене араласу жолына ойысқанын, туған елі Жәнібекке келіп, Ордадағы педтех-
никумда сабақ бергенін, 1918 жылғы 24-ші қыркүйекте болған Бөкей губерниясы мұғалімдерінің І 
съезінде және 1918-1920 жылдарда өткен сол губерния кеңестерінің І, ІІ, ІІІ, ІV съездерінде делегат 
болып қатысқанын айтады. Съездерде жарыссөзге шығып, өз пікірлерін ашық білдіріп отырған. 1919 
жылы Бөкей губисполкомында істейді, сол жылы оған Ордада ұйымдастырылған айына екі рет 
шығатын «Мұғалім» атты тәлім-тәрбие, ғылыми-пән журналының шығарушылар алқасын басқару 
жүктелген. Бұл өзі тұңғыш қазақ кеңес педагогикалық журналы екен. Ғұмар Қараш осында «Педа-
гогика» атты еңбек жариялаған. Ордада қазақ жазушыларының одағы іспетті ұйым құрып, «Дұрыс-
тың жолы» атты газет шығарады. Шаруашылық жұмыстарымен шұғылданып, «Қырқұдық» атты 
артель құрысқан. 
Ғ.Қараштың өмірінің ақыры қайғылы қазаға ұшырауымен ауыр ойға батырады. Көпшілік деректе 
1921 жылы оны Құнаншапқан деген жерде өлтіріп кетеді. Сәбит Мұқанов дерегінде Ғұмардың қазасы 
1927 жылмен даталанған. 
«Қазақ тілі» газеті (1921, №36): 
«Ғұмардың атын Россиядағы қазақ елі түгел біледі деп айтсақ та өтірікші болмаймыз. Қазақ еліне 
білімді, пікірлі қызметкерлердің өте керек болып тұрған заманында Ғұмар сияқты зор ғалымның 
қашқындар қолынан қылышпен кескіленіп өлтірілуі жанды күйдіреді, жүрегімізге от жағады. 
Уақытсыз кеткен есіл ер, топырағың торқа болсын, сенің атың, қызметің қазақ халқымен бірге 
жасайды деп жазған». 
Ғұмар Қараш ғұмырбаянын зерттеуде, оның әдеби мұрасын, қайраткерлік ісін танып, бағалауда 
қилы көзқарастар болды. Қайшы пікірлер көп айтылды. Қилы қаулы-қарарлар бірде ақтап, бірде 
айыптап отырды.
Зерттеуші Қабиболла Сыдиықов Ғұмардың шығармашылық өмірбаянын түзіп отырып, ақын 
туралы оң пікір айтқан ғалым Есмағамбет Ысмайыловты айрықша ілтипатпен атайды. 


127 
«1943 жылы «ХХ ғасырдағы қазақтың демократияшыл әдебиеті» деген кандидаттық диссер-
тациясында ақын мұрасының мейлінше әділ бағалануы. Бірақ бұл кезеңде де әдеби мұраларымызға 
үрке қараған солақай белсенділер, сыңаршақ айтыс-тартыстар, баспасөз бетіндегі тырнақ астынан 
кір іздеген дүбәрә, дүмше сындар аз болған жоқ. Сондай сойқанды сындарға зерттеушілер де, олар 
тарапынан мұрасы дұрыс бағаланған Ғұмар сияқты ақындар да қайта ілікті. 1947 жылы «Қазақстан 
Коммунистік большевиктер партиясы Орталық Комитетінің», «Қазақ ССР Ғылым академиясының 
Тіл және әдебиет институты жұмысындағы саяси өрескел қателер туралы» дейтін қаулысы шықты. 
Онда Балқы Базар, Шортанбай, Мұрат, Шәңгерей, Сұлтанмахмұттармен бірге Ғұмар да феодалдық-
реакциялық, буржуазиялық-ұлтшылдық сарындағы ақын делініп, шығармаларын оқуға тыйым 
салынды. Ғұмарды сол қаулыда «революцияға дұшпан буржуазиялық-ұлтшылдық Алашорда партия-
сының қайраткерлерінің бірі» деп көрсетті. Бұл қаулы қазақ әдебиеті тарихын, сондай-ақ Ғұмар 
сияқты көрнекті ақындар мұрасын жинап, зерттеуге, жариялауға кесек болған бірден-бір қанды 
қақпан болды» (1, 9-б.). 
Ғұмар өз дәуірінің тынысы түскен өлеңдерді өнімді жазған ақын. 1911-1918 жылдар арасында 
бірнеше өлең жинағы шығады. Ғұмар Қараш тек өлең емес, түрлі жанрда, халқы қажет еткен салада 
тынымсыз еңбектенген, үзбей жазып отырған.
Бір жылда үш бірдей кітабы шыққан кезі де бар. 1911 жылы шыққан «Бала тұлпар», «Тумыш», 
«Қарлығаш» сынды кітаптарында ақын халық қамын ойлау үстінде, мазақ ғұмыр кешіп жатқанын 
көрсетіп отырады.
Кезінде шеберлікке шыңдалу барысындағы Сәбит Мұқанов айрықша атап көрсететін «Аға 
тұлпар» өлеңдер туралы жинағы туралы кейінгі зерттеушілер де оң пікірлер айтады.
«Аға тұлпар» (Орынбор, 1914) жинағында Ғұмардың ақындық шоқтығы бұрынғыдан да биіктей 
түскен. Ол өз сөзімен айтқанда «Заман жайын көзге алар» шын азамат ақын ретінде танылады. Уағыз, 
өсиет, насихат, тілек түрінде келетін өлең, толғауларының қай-қайсысында да замана, замана адамы 
жайында бағзы жыраулар өнегесімен өзінше толғанады. 
Ақынның қасірет-қайғысы: патша отаршылары еркіндеп қазақтың бағзы қоныстан айрылуы: ары, 
діні мал болып ел ағасы жетім-жесірге қарамай, атақ, дәреже үшін арын сатуы, екіжүзділік, паңдық, 
арызқойлық, мансапқорлық, жіншілдік, надандық, парақорлық жол алып, елдің азуы: Ғұмар халықты 
өнер, білім жолына бастауды жастарға ғана аманат етеді, соларға үміт артады. 
Ақынның бұл жинағында болмыс, ғарыш әлемі хақындағы өлеңдері де бар» (1, 14-б). 
Ғұмар Қараш мұрасын танып, бағалауда кезінде қағаберіс қалған бір мәселе – ақынның 
ағартушылық бағыттағы еңбегінің жалпытүркілік рухани кеңістіктегі мәні дер едік. Ғұмар Қараш 
поэзиясының пәлсапалық арқаулары, дәстүрлі поэзиямен сабақтасып жатқан негіздері, адамгершілік, 
ізгілік ұстанымдары, үйрену мектебінің халықтың, әлемдік құнарлары туралы, өлең құрылысындағы 
сипаттар, шеберлік, шешендік үздік қырлары көзге ілініп, ара-тұра болса да бағаланып, танылып 
келгенімен, жәдитшілдік ағым аясындағы елеулі еңбегі кейінде ғана назарға алынып, ой талқысына 
түсе бастады. Осында Мақсат Тәж-Мұрат зерттеуі мәнді (4). 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған кейінгі 20 жыл көлемінде әдебиет тарихын зерттеу, 
әдеби мұрасын тану ісінде елеулі өзгерістер өтуде.
«Бүгінгі Тәуелсіздік биігінен қараған сәтте артта қалған тарихи кезеңдер өзіне айрықша тартып, 
қоғамдық ой-сананың сан-саласын күн өткен сайын өзіне қызықтыра түсуде» (2, 3-б. Ө.Ә.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет