Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет58/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Жирмунский В. М. Теория литературы, поэтика, оптимистика. – Ленинград. – Наука. – 1997. – С. 405. 
2. Құдайбердіұлы Ш. Иманым. – Алматы: Арыс. – 2000. 92 б. 
3. Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер. Құраст. М. Жармұхамедов, С. Дәуітов, [А. 
Құдайбердиев]. – Алматы: Жазушы. – 1988. – 559 б. 
4. Иассауи Қожа Ахмет. Диуани хикмет (Ақыл кітабы). – Алматы: 67 б. 
5. Нұрмұратов С.Е. Иассауи ілімінің мәні – рухани еркіндік // Иассауи жолы. 2005. – №2. 19-26 б.
6. Қасқабасов С. Абай поэзиясының ренесанстық сипаты //Абай. 2003. №1. 30 – 36 беттер.
 
 
 
 
 


132 
Айтбайқызы Н., 
Қазақ Қыздар Мемлекеттік педагогикалық 
 университетінің магистранты
Казезова А.,
И.Қ.Сәтбаев ат. Қазақ ұлттық техникалық 
университетінің магистранты
ҚАЗАҚ ЭПОСТАРЫНЫҢ ЖАНРЫНДАҒЫ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕР 
Фольклор арқылы бүгінге жеткен жырлардағы сүйіспеншілік пен имандылық, адалдық пен 
адамгершілік мәселелері - жазба әдебиеттің де ең басты, ең негізгі мәселелері санатында. Жалпы, тек 
қана шығарма мен өлең немесе сурет т.б. қандай да болсын өнер туындысы махаббаттың себебінсіз 
тумайды. Эпостағы ең алғашқы кезендердегі «батыр мен қыздың бірін-біріне құмартуы ғашық болу 
негізінде емес, уақыт аралығында әйелді керек еткендігінде» - деп санайтын зерттеуші Е.Вердиман 
бұл ойын әрі қарай былайша өрбітеді: «Первобытные охотники вели бродячий образ жизни и 
зависели от возможности добывать свежее мясо. Жили они почти исключительно в общество муж-
чин, поглощенный единственным, что его волновало и насыщало, - охотой. Лишь время от времени 
они начинали искать женщину, незаботясь, однако, о выборе» [1, 11 б.]. Әрине, бұл көнеліктің 
көзқарасы деуіміздің өзі ойландырады. Қайткенмен де бүгінгі күннің өзінде де құдай жаратылы-
сының өзі «еркек – әйелсіз, әйел - еркексіз» бола алмайтынына, олардың бір біріне үлкен тартылыс 
күш арқылы ынтықтығын дәлелдейді. 
Қазақ эпосындағы жар іздеу мотиві ерекше мәселе деп айтсақ та болады. Қазақ эпосындағы жар 
іздеудің мысалы батырлар жыры, көне архаикалық эпос, лиро-эпос немесе діни және тарихи 
эпостарда жиі кездесіп, бір-бірімен байланысып, ұштасып жатады. Егер батырлық жырларда батыр 
жарын жекпе-жекте, жарыста немесе қыздың, әкесінің жарлығы бойынша бір талабын орындауы 
арқылы үйленсе, лиро-эпостарда батыр қызға шынайы ғашық болу арқылы қосылады. Көне эпос-
тарда батыр алдымен үйленуді немесе жар іздеуді мақсат тұтпайды, өзі жорыққа шығып ерлік 
жолында ғашық болып үйленеді. Осы көне эпостың бір ерекшелігі кейде ерді қыздың өзі таңдайды. 
Ал тарихи жырларда барлық жырлардағы секілді махаббат, сүйіспеншілік, сезімдік сипаттар көп 
көрініс беруімен бірге ұрпақ қалдыру мақсаты басым келеді деуге болады. Тарихи жырларда 
баяндалатын басты мазмұн халықтың өмір шындығы, шынайы болмысын елестету арқылы өткеннің 
сипаты танылады. Әлбетте, бұл жырларда оқиғаның дәлдігі сақтала бермейді, әр кезеңнің тарихи-
әлеуметтік, қоғамдық-саяси жағдайы керкемдік тұрғыдан бейнеленеді. 
Қазақ эпосындағы әр жанр бір-бірімен тұтастай байланысып жатса, тарихи жырлардан мұндай 
байланысты көрмейміз. Бірақ мұнда да ерлік жасағанда оның халықтың қамы, отбасының амандығы, 
әділдіктің басым түсуі жолында жасалатынын көруге болады. Батырлар жырында кейіпкер өз ерлігін 
жар іздеу, таңдау мақсатында көрсетсе, тарихи жырларда халықтық, мемлекеттік мүдделері басты 
сипат алады. Тарихи жырлардағы басты кейіпкерлер - тарихта болған адамдар, сондай-ақ, анық 
тарихи оқиғаларға негізделген деп есептеледі. Бұл жайында С.Сәкенов зерттеуінде былай дейді: 
«Батырлар жырының классикалық үлгілерінде өмірбаяндық сарындар - батырдың ғажайып болып 
тууы, ерекше балалық шағы, тым ерте жасаған алғашқы ерлігі, үйлену үшін жорыққа шығуы ... 
негізгі мақсат етіп қойылған тарихи жырларда бұл сарындарға онша мән берілмейді» [2, 126 б.]. 
Әрине, бұл пікірмен басы бүтін келісуге болмайды. Жырларда қазақ қыздарына ерекше мән беріліп, 
олардың отбасында өзіндік орындары бар екені көркемдік тұрғыдан шынайы берілген. Сондай-ақ, 
жырдағы үйлену дәстүрі жан-жақты сипатталады. 
Ал, діни эпостардың негізгі ерекшелігі мұнда діни ұстанымдар көбірек (неке қию, некеге дейінгі 
зандар т.б.) суреттеледі. Өкінішке қарай, халқымыз орын алған солақай саясаттың салдарынан халық 
ауыз әдебиеті мұрасының қомақты саласын құрайтын діни дастандардан ұзақ уақыт бойы көз жазып 
қалды. Соңғы он-он бес жыл ішінде олардың қайта жарық көріп, көпшіліктің қолына жете бастауы 
куанышты жағдай. 
Кезінде қазақ халқы арасында ауызша да, жазба түрінде де кең тараған діни мазмұндағы қиссалар 
көп болған. Діни қиссалар имандылыққа, қанағат-ынсапқа, күншіл болмауға, біреуге зорлық-
зомбылық жасамауға, жетім-жесірлерге көмек көрсетуге, қайырымдылыққа т.б. ізгі қасиеттерге 
үндейді. 
Бұл жырларды тақырыптық жағынан Н.Келімбетов үш түрге бөліп қарастырған: бірінші топқа 
ислам дініне енгізу жорықтарын баяндайтын дастандар, екінші топқа өсиет, насихат көп орын алатын
дастандар, үшінші топқа діни уағыздардан гөрі тұрмыс тіршілікке жақын дастандарды топтастырды. 


133 
Осы үшінші топтың қатарында «Жүсіп-Зылиха» дастанын атайды. Сондай-ақ, фольклорист - ғалым 
В.В.Радловтың жазбаларынан да ел арасындағы кітаби өлеңдерді яғни, діни дастандарды мазмұнына 
қарай бөлгенін аңғаруға болады. Рас, ғалым оларды арнайы атап бөлмеген. Әйтсе де, бірінші топқа - 
ислам қағидаларын, екінші топқа - өсиет, насихат айтатын өлендер, үшінші топқа - ислам қаһар-
мандары туралы өлеңдер деп топтастырғанын топшылауға болады. Діни қисса, дастандарда жырла-
натын кейбір оқиға желісі көне архаикалық жырларға ұқсас келетінін кереміз. Екеуіне де тылсым 
күшке, құдайға, пайғамбарларға сену, аян беру, әйел адамының келеңсіз қылықтарын ібіліс ретінде 
санау, айдаһарлар, барсакелмес сапар шегу, сиқыршылыққа тән. Негізінен діни әдеп, шариғат ұста-
нымдарын насихаттау басым. Баяндалатын оқиғаның орындалуына байланысты құдайдың бар 
екеніне көз жеткізіп, сенімді нығайту көзделген. Сол сияқты бұл шығармалардың негізгі идеясы 
ислам дінін тарату, үгіттеу, насихаттау идеясын жүзеге асыру үшін пайдаланылған. Мұндай құбылыс 
діни дастандардың жанрлық ерекшеліктерінің бірі. 
Тағы бір ерекшелігі діни дастандарда кейіпкердің үйлену сарынына байланысты неке қию, 
некелесу салтына аса назар аударылады. Расында да қайсібір жырды алсақ та онда тәрбие мәселесі 
көрініс табатынын әркез байқаймыз. Аталған діни қиссаларда тазалықты, инабаттылықты жоғары 
көтеретін, үйлену мен жар іздеу мотиві аса бір көркем, ғажайып суреттеледі. 
Ғалым Р.Бердібаев жанрлар арасындағы байланыс пен айырмашылыққа тоқталып, оның мынадай 
ерекшеліктерін ашып берген: «Егер көне, архаикалық жырларда адам баласының дүниені білуі мен 
тануының бұлдыр, балаң кездері, сол шақтағы түсінігі мифтік, киялдық түрде көрініс берсе, клас-
сикалық қаһармандық эпоста алғашқы қауым ыдырағаннан кейінгі ру, тайпа мүдделері үшін күрестің 
тәжірибесі әсіреленіп, биіктетіліп, тұтас бейнеленсе, романдық эпоста ерлік, Отан қорғау емес, 
адамның жеке бастың мүддесі, махаббат еркіндігі мәселесі алғы кезекке шығады» [3, 61 б.]. Әрине, 
жанрлық тұрғыдан алғанда осындай ерекшеліктерді байқауға болады. 
Осыған орай, тек қана қазақ эпостық жырларда ғана емес әлем шығармаларында да көп кезде-
сетін сарынның бірі – батырдың елден жырақ кеткен сапарында оның әйеліне әлдекімдердің көзі 
түсіп оған еркінен тыс үйленуге әрекет жасауы. Алайда бұл мақсат орындалмай, дәл үйленгелі 
жатқан күні батыр тағдырдың қалауымен тойдың үстінен түседі. Қазақтың «Алпамыс батыр» жырын 
терең зерттеген орыс ғалымы В.М.Жирмунскийдің: «Рассказ о возврашение героя из долголетнего 
безвестного отсутсвия о приходе его нежданным и неузнанным на свадьбу своей жены с сопер-
ником - самозванцем («муж на свадьбе своей жены» сохранился и двух разных версиях-новеллисти-
ческая или романической (западной) и героической (восточной). Новеллистическая (романическая) 
версия имеет чрезвычайно широкое распространение в фольклоре и средневековой литературе 
европейских народов, но в форме в значительной мере модернизированной, утратившей черты 
богатырской сказки, столь очевидны»[4, 220 б.], - деген пікірі сөзімізге ұштық болады.
Көбінесе, қыздың ауылына жау келіп, сұлуды берсе қолынан,бермесе жолынан алып, әйел 
етпекші болып отырған ханмен қалың қол жатады. Міне, осындай батырдың үйлену кезі ғана емес, өз 
халқының алдындағы борышы, ерлігі, сынағы болып есептеледі. Рас, жырларда мұндай сынақ тек 
соғысу емес күш пен тапқырлық, немесе мергендік сайысы түрінде боп келеді. Қыз жақтан немесе 
жау қолынан әр түрі инициация түрлері орындалатынын көреміз. Айталық, Қозы Көрпеш қайын 
атасының еліне тазша кейпінде келіп, бақташы болуы, сөйтіп Қодармен, тоқсан серімен сайысқа 
түсуі де, бір жағынан осындай кәмелеттік сынақ, ал, екінші жағынан, оның өзінің сынағы болып 
есептеледі. 
Сол сияқты, орыс кейіпкері Добрыня Никитычтың да әйелінің тойына келуі мен Алеша Попович-
тің сайқымазақ кейпінде келуі де осы сарынның көрінісі. Осы тектес сюжеттік ұқсастықтарды 
"Алпамыс", «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» т.б. жырлардан көруге болады. Егер, Алпамыс өз әйелінің 
басқаға үйлену тойында келсе, Көрпештің ғашығының үйіне жалшы болып келуі айтылады. 
Сонымен бірге, ел билеушісінің өз қарауындағы қарашасының бірінің сұлу әйеліне кездейсоқ көзі 
түседі де, оның әйелін өзіне жар ету мақсатында күйеуін қиын тапсырмалармен алыс сапарға жұмсау 
секілді сарындар да кездеседі. Алайда ханның қалауы бола қоймайды. Қандай қиын сынақтар болса 
да жігіт сынақтан сүрінбей өтіп, ханның дымын құртады. Айласы бітіп, амалы құрыған хан жігіттің 
дегеніне көнеді. Оларды еркіне жібереді. Бұл жерде адал махаббатқа ешнәрсе де бөгет бола алмайды 
деген идея көрініс береді. 
Осыған орай, қазақ эпостарында жар іздеу сарынының тарихи тамыры тереңге бойлайтынына көз 
жеткіземіз. Қай эпосты алсақ та, батырлардың бойынан да, ол таңдаған жардың бойынан 
 
да жоғары 
адамгершілік қасиеттерді, дегдарлықты, сөзге тұратын далалық мәрттікті көреміз. Олар үшін 
адамгершілік қағидаларынан аттау атымен жат. Бұл жоғары қағидаға жауы да сақ тұрған. Батырлар 
жырларының берер тағлымы, таратар өнегесі осында. 


134 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет