Әуелі не жаратты бір құдайым?
Елентай:
Болық, маған белгілі сенің сырың,
Біздерден артық емес айтқан жырың.
Бұрынғы даналарындан есітемін,
Жер менен көк жаралды елден бұрын
(Сонда, 8-бет) –
Осыдан әрі қарай дін әңгімелері жаңағы екі ақын
айтысының негізгі тақырыбы болып кетеді. Құдайдың
алғашқы жаратқаны жер мен көк болса, сол жерді көтеріп
тұрған кім деген сұрауға: «Көк өгіз», - деп жауап
қайырады Елентай. Көк
өгізді көтеріп тұрған балық, оны
көтеріп тұрған су, ал суды көтеріп тұрған бу… деп өлеңге
қоса, әңгімесін соза береді.
Осы сияқты дін айтыстарында сұрау-жауап ретінде
аспан әлемі, жердің асты-үсті, табиғат көріністері,
хайуанаттар дүниесі айтылады. Бұлардың барлығын
жаратушы бір құдай екендігін айтып, халықты соған
нандырмақ болады. Сондай-ақ,
дін айтыстарынан бес
уақыт намаз оқу, ораза ұстау, қайыр-садақа, үшір-пітір
беру жайы да орын алады. Бұларды да дін айтысы
халықтың «құдай тағаланың әмірін орындау, құлшылық
ету»
жағын көздеп әңгіме етеді; намаз оқыған, ораза
ұстаған, қайыр-садаққа берген адам ғана «жұмақтың»
төрінен орын алады, ал бұл шарттарды орындамағандар
«тамыққа» жанады деп қорқытады. Сөйтіп, дін айтыстары
әр түрлі діни ұғымдарды елге тарату, қараңғы халықты дін
насихаттарына сөзсіз бағындырып ұстау мақсатын
көздеген қожа-молдалардың бір кездегі үгіт құралы етіп
пайдаланғандығын аңғарамыз. Бұдан дін үгіттерін арап
тілінде
халыққа ұғындыра алмайтындығын, ол халыққа
түсініксіз
болатындығын
білген
қожа-молдалардың
поэзияны дін насихатының құралы еткендігі көрінеді.
Ерте кезде дін айтысы қазақтың ауыз әдебиетінде
белгілі жанр болғандығы да байқалады. Бірақ бертін келе
халықтың дүние танудағы көзқарасы ұлғайған және діннің
халыққа жат екендігін түсіне бастаған кезінде, дін
айтыстары бұрынғыдай құптап қарсы алушылық жойыла
береді; дін айтыстары өз алдына әдебиеттік жанр болудан
қала бастайды. Бұдан, әрине, кейінгі кездегі айтыс
өлеңдерінде дінге байланысты ұғымдар, дін үгіттері мүлде
айтылмайтын болды деген түсінік тумайды.
Ондай діни
әңгімелер бергі кездегі ақындар айтысынан да орын алған.
Мәселен, Шөже мен Кемпірбайдың бір айтысында, Шөже
әр нәрсені айта келіп: «Уаттури ләззәйтуни», – деген
аяттың мағынасы не деп сұрайды. Онысы ескі дін аңызы
бойынша, Мұса пайғамбардың Син (Синай) тауына
шығып, құдаймен жауаптасқан сөздерінде не айтылғанын
шешіп бер дегені еді. Бірақ, діни білімі шала Кемпірбай
бұған жауап таба алмай, жеңіліп қалады.
Бұл мысал дін
әңгімелерінің соңғы кездегі ақындар айтысынан да орын
алғандығын аңғартады. Әйткенмен ол таза дін айтысы емес
еді, өйткені бұл кезде дін айтысы бұрынғыдай, өз алдына
сақталған айтыс болмайтын.
Дін айтысы қазақтың айтыс өлеңдеріне, оның
қалыптасып дамуына зор ықпал-әсер жасаған айтыс емес.
Бұл арада дін айтыстарын сөз қылып отырған себебіміз
қазақта айтыс жанрының алғашқы үлгілері
қандай
екендігін, онда не айтылғанын қарастыру жайын
көздегендіктен. Ал, өлеңдік жағынан алғанда, дін
айтыстары үздік шыққан айтыс тобына жатпайды. Тек дін
жайын сөз ететін қара дүрсінді өлеңдер болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: