С. В. Киселев и. Л. Киселев желілік технологиялардың негіздері



Pdf көрінісі
бет32/47
Дата15.11.2022
өлшемі3.07 Mb.
#464877
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47
С. В. Киселев и. Л. Киселев желілік технологияларды негіздері

On-line коммуникациясыКоммуникацияның екінші түріне (on-line) тоқтала 
кетейік, бірақ интернетте әртүрлі ресурстардың көптеген түрлерін табуға болады. 
Олардың ішіндегі негізгі түрлерін атап өтейік. 
45
Желілерді логикалық ұйымдастыру
2.4


IRC (ағылш.Internet relay chat) — интернеттегі сұхбаттасуды тарату. Интернеттегі 
әңгімелесу қысқаша толқынды радионы еске түсіреді: бірнеше анықталған тақырыпта 
сұхбаттасу жүргізуге болатын (телеконференция сияқты)арналары бар. Осы арналарға 
қолдау көрсету үшін арнайы серверлер мен арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету 
қолданылады. Пайдаланушы IRC-клиент бағдарламасын пайдалана отырып, IRC 
серверінің біреуіне қосылуы тиіс.Ол өзін қызықтырған арнаны таңдай алады және 
желіде әңгімелесіп жатқан әңгімелесушімен мәтінді клавиатура арқылы тере отырып 
қарым-қатынас жасай алады. Дыбыс картасы мен қажетті бағдарламалық қамтамасыз 
ету бар болған жағдайда өзінің әңгімелесушілерін тікелей тыңдауға болады. Бүкіл әлем 
бойынша IRC мыңдаған арналары мен жүздеген мың әңгімелесушілері бар. 
WWW-чаттары (ағылш.chat — достық әңгіме, мағынасы жоқ әңгіме). 
Телеконференция сияқты өз орнын веб-форумдарға береді, сондай-ақ, IRC орнына 
чаттар негізінде WWW-технологиясы келді. WWW-чаттарын пайдалану үшін арнайы 
бағдарламаның болуы қажет емес — қарапайым браузер жеткілкті. Сұхбаттасуға қатысу 
үшін чат орналастырылған веб-серверге кіру керек. 
2.14 -сурет. ICQ бағдарламасының терезесі 
 
 
 
 
 
 
46
тарау 
2 
Ғаламдық компьютерлік желілер


 
 
 
 
ICQ (ағылш.I seek you — мен сені іздеп жүрмін). ICQ өзі интернетте пайда болған 
кезден бастап өзінің пайдаланушылары арасында тез уақытта айтарлықтай 
танымалдыққа ие болды. Қазіргі заманғы адамның іс-жүзінде пайдалану үшін 
қарапайым ICQ қолжетімділігі мен тегін болуын ұштастыра отырып,e-mail сияқты 
міндетті атрибут етіп жасады. ICQ пайдалану үшін клиент деген арнайы бағдарлама 
қолданылады, оны www.icq.com сайтынан тегін жүктеуге және өз компьютеріңізге 
орнатуға болады. 
Бағдарламаны алғашқы рет іске қосқанда өзіңіздің есептік жазбада тіркелген 
деректеріңізді енгізіңіз, ал егер жоқ болса, ICQ серверіне тіркеліп, есептік жазбаны 
(UIN) алу керек. 
Бүкіл процесс бірнеше минутты алады, содан кейін сіз бірден ICQ қосыласыз және 
қарым-қатынас жасауды бастай аласыз. 
Корреспондентпен сөйлесуді бастау үшін оның (UIN) есептік жазбасындағы 
нөмірін білу керек — сондай-ақ, электрондық хабарлама жіберу үшін e-mail мекен- 
жайын білу керек. Тұрақты корреспонденттердің тізімі ол мекен-жай кітабымен ұқсас 
пошталық клиент бағдарламасында контактілер парағында жүргізіледі (2.14-сурет). 
Пайдаланушы нақты уақытта on-line режимінде кім отырғанын көре алады. 
Хабарлама жіберу үшін корреспондентті тізімнен тінтуір көмегімен таңдайды және 
ашылған терезеде қысқаша хабарламаны тереді, ол бірден әңгімелесушіге жіберіледі, ал 
сіз жауап күтесіз. Егер жауап келсе, сіз дыбыстық сигнал естисіз және байланыс тізімінен 
жыпылықтап тұратын хат көресіз.Бір мезгілде осындай «әңгімені» бірнеше 
әңгімелесушілермен бірден жүргізуге болады. Бағдарлама қабылданған және жіберілген 
хабарламалар журналын жүргізеді. 
Интернет арқылы on-line режимінде қарым-қатынас жасау үшін көптеген 
бағдарлама сыныбын әзірлеу барысында ICQ-ды ойлап шығарғандар алғашқы із 
салушылар болды. Осындай бағдарлама сыныбы Instant messengers(сөзбе-сөз «лездік 
хабарламалар») деп аталады.Өздерінің ұқсас өнімдерін шығарды. Microsoft — MSN 
Messenger, Yahoo — Yahoo! Messenger және т.б. Бұл мессенджерлердің әрқайсысы өзінің 
серверімен жұмыс істейді (MSN Messanger — Microsoft серверімен, Yahoo Messenger! — 
Yahoo серверімен) және өз байланыс хаттамаларын пайдаланады. Сондықтан ICQ 
бағдарламасын пайдаланушы MSN Messenger бағдарламасын пайдаланушысына 
хабарлама жібере алмайды якикерісінше. 
ICQ клиент-серверлік технология бойынша жұмыс істейді: егерICQ сервері істен 
шығып қалса, онда барлық пайдаланушының бағдарламасы жұмыс істеуді тоқтатады 
және серверді қалпына келтірмейінше хабарлама жіберуге болмайды. Дәл солай — егер 
сізде интернет желісі жоқ болып кетсе, онда тіпті сіз қосылған жергілікті желіге 
қосылған және көрші столда отырған корреспондентке де ICQ бойынша хабарлама 
жіберуге болмайды, өйткені ICQ жұмыс істеу үшін сервермен байланыс қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет