С. В. Киселев и. Л. Киселев желілік технологиялардың негіздері



Pdf көрінісі
бет31/47
Дата15.11.2022
өлшемі3.07 Mb.
#464877
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47
С. В. Киселев и. Л. Киселев желілік технологияларды негіздері

44
тарау 
2 
Ғаламдық компьютерлік желілер


Телеконференциялар мен веб-форумдар. Электрондық поштадан басқа да off-line 
режимінде ақпаратпен алмасу технологиялары бар. Олардың ішінде веб-форумдар 
арқылы қарым-қатынас айтарлықтай танымал болып келеді. 
Веб-форумдар ізашарларымен ұжымдық қарым-қатынас тәсілі ретінде 
телеконференциялар ашылды, ол электрондық пошта сияқты, интернеттен бұрын 1980 
жылдың басында пайда болған.Телеконференциялар пайдаланушыларға көптеген 
бөлімдер мен әрқайсысының өз тақырыбы бар жаңалықтар топтамасын ұсынды. 
Сонымен қатар топтың әрбір қатысушысы басқа қатысушылар топқа орналастырған 
хабарламаны оқып, оларға жауап бере алады және топтың барлық қалған 
қатысушыларына қол жетімді болатын өз хабарламаларын орналастыра алады. 
Телеконференция жаңалықтар сервері – мамандандырылғансерверлер желісі 
арқылы таратылады. Жаңалықтар серверіне қол жеткізу үшін бұрын арнайы 
бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану қажет еді. 
Қазіргі уақытта көптеген пошта клиенттерінің, соның ішінде Outlook Express-тің 
телеконференциялармен жұмыс жасауға арналған кіріктірме мүмкіндіктері бар және 
қосымша бағдарлама орнату қажет емес. 
Телеконференцияның гүлденуі мен орасан танымалдылыққа ие болуы 1980-1990 
жылдары орын алды. Қазіргі уақытта «классикалық» телеконференцияны негізінен 
компьютерлер мен телекоммуникация саласындағы кәсіпқойлар және университеттердің 
қызметкерлері пайдаланады. WWW пайда болуы мен даму салдарынан WWW- 
конференциялар немесе веб-форумдар тарату артып келеді. Веб-форумдар әлдеқайда көп 
мүмкіндіктер береді — олар WWW-дің барлық заманауи мүмкіндіктерін, соның ішінде 
мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдалануға жағдай жасайды. Веб-форумдардың 
танымал болуының басты себебі Web mail сияқты: қосымша бағдарламаны пайдалану 
қажет емес — барлығы браузер арқылы жасалады. 
Қарым-қатынастың тағы бір түрі блогтар болып табылады. Блог (ағылш.web log 
— вебжурнал) үй парағы мен веб-форумның синтезі болып табылады. 
Әрбір блог өзі блогтың авторы – пайдаланушының жазбаларын үнемі жаңартып 
отыратын парақтарды білдіреді. Жазбалар хронологиялық тәртіппен және кейбір 
жағдайларда тақырыптық айдарларға бөлініп сұрыпталады. 
Блогқа кірушілердің әрбір жазбаға өз пікірлерін жазуға, жазбалар мазмұны 
туралы пікірлерін қалдыруға мүмкіндіктері бар.Блогқа кірушілер автордың жазбаларын 
ғана емес, сонымен қатар басқа да келушілердің оған жазылған барлық пікірлерін көре 
алады, содан кейін өз хабарламасын қосуға мүмкін болады.Блогта қарым-қатынас 
жасауды осымен қортындылауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет