59
бөлшегін жасау үшін),құралды және ыстық пен тозуға төзімділігі
жоғары
болып сипатталатын арнайы, сонымен қатар коррозияға
тұрақты.
Көміртекті болаттар. Көміртекті болаттарға темірдің көміртекпе
ерітіндісі
және марганец, кремний,күкірт пен фосфор қоспалары
жатқызылады.Бұл болаттар көміртектің болуына қатысты төмен
көміртекті (көміртек -0,25%-ға дейін), орташа көміртекті (көміртек –
0,25...0,60%) және жоғары көміртекті (көміртек – 0.6 %-дан көп) болып
бөлінеді. Болатта көміртек құрамының артуымен оның қаттылығы мен
сынғыштығы артылады,және иілгіштік пен соғу тұтқырлығы бәсеңдейді.
Құрылыста динамикалық жүктемеге түсетін конструкциялар үшін төмен
көміртекті болаттарды жиі қолданады.
Олардан көпірлер, фермалар,
резервуарлар мен құбыр желісін жасайды.
Болаттар әрдайым әртүрлі қоспалардан тұрады. Зиянды қоспалар
неғұрлым аз болған сайын, соғұрлым болаттың сапасы жоғары болады.
Осыған қатысты қарапайым сападағы, сапалы,
жоғары сапалы және
ерекше жоғары сапалы болаттар бөлінеді.
Қарапайым сападағы көміртекті болат ең арзандар қатарына
жатқызылады және құрылыста кең қолданылады. Оның құрамында
кремний мен марганец болады,ал көміртек - 0,06.0,62% .
Құрылыс конструкциясының болатын түрлерге бөледі және құрамы,
бағыты,механикалық және химиялық қасиеті,
жасау әдісімен
қышқылсыздануын көрсету үшін белгілейді.
Бағыты мен кепілді механикалық сипаттамасына қатысты қарапайым
сападағы көміртекті болат екі топқа және бір топшаға бөлінеді:
▪
А тобы — механикалық қасиет бойынша жеткізілетін;
▪
Б тобы — химиялық құрамы бойынша жеткізілетін;
▪
В топшасы —химиялық құрам бойынша қосымша талаппен
механикалық қасиет бойынша жеткізілетін.
Құрылысты мақсатта негізінен А тобының болатын қолданады.
А тобының қарапайым сапасындағы көміртекті
болатын Ст әрпімен
(болат) және 0-ден 7-ге дейін сандармен (мысалы: Ст1,Ст2,Ст3 және т.б.)
белгілейді.Санның артуы бойынша көміртектің құрамы артады және
ертерек айтылғандай, материалдың иілгіштігі мен соғу тұтқырлығының
жоғалуымен беріктік пен қаттылық артады.Әртүрлі
тәсілмен алынған
көміртекті болат
суу сипаттамасы бойынша тынық, жартылай тынық
және қайнап тұрған болып бөлінеді.