Ќазаќстан Республикасыныњ білім жѕне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата17.11.2022
өлшемі379.16 Kb.
#465092
1   2   3   4   5
39a305f5975067242b4c6b4021216cf5

регистрация (тіркеу), ранжирлеу, шкалалау әдістері жатады. 
Регистрация әдісінің мәні зерттеушіге қажетті белгілі бір 
қасиеттері бойынша ажыратылатын объектілерге нақты сандарды 
беру болып табылады. Мысалы, қандай да бір қасиет бөлініп 
алынады да, бақылауда немесе эксперимент барысында осындай 
қасиеті бар объект немесе құбылыс кездескен әрбір жағдайда ол 
белгіленіп отырады. Сондай әр объектіге немесе құбылысқа «1» 
беріледі, ал осындай қасиеті жоқ объект немесе құбылыс «0» деп 
белгіленеді. 
Рангтік бағалау әдісінің мәні объектілерді немесе 
құбылыстарды қарастырылып отырған белгінің шамасының өсуі 
немесе кемуі бойынша ретпен орналастыруда. Сосын әр объектіге 
немесе құбылысқа сол қатардағы орнын білдіретін рет саны 
беріледі. Ол сан ранг деп аталады. 


Зерттеліп отырған белгісінің шамасы (величина признака) 
көп объектіге ондай белгісінің шамасы аз объектіден үлкен сан 
беріледі. Ал көрші рангтерінің мәндерінің ара қашықтығы еркін 
болуы мүмкін (оны зерттеушінің өзі анықтайды). 
Рангтік бағалау үлгісі ретінде оқушылардың жұмыстарын 
және жауаптарын бес балдық шкала бойынша бағалауды айтуға 
болады. 
Өсу ретінде жазылған кез–келген сандар реті жарамды
себебі санаудың нольдік нүктесі мен терттік өлшеудегі көрші екі 
сандардың арасындағы интервал белгісіз. 
Бұл сандар осы бақылау жұмысы, бөлімы, курсы және т.с.с. 
бойынша оқушылардың білім көлемін емес, олардың білімдерінің 
рангтік бағасын береді. 
2. Статистикалық әдістер. 
Статистиканың негізгі үш бөлімін көрсетуге болады: 
1) сипаттау статистикасы; 
2) индуктивтік статистика; 
3) корреляция. 
Сипаттау статиситикасы деректерді кестелер, графиктер 
түрінде сипаттауға мүмкіндік береді.
Индуктивтік статистиканың міндеті - осы таңдаудағы 
алынған 
нәтижелерді 
аталған 
таңдау 
алынған 
барлық 
популяцияға таратуға болатындығын немесе болмайтындығын 
тексеру. 
Корреляцияны өлшеу екі айнымалының бір-бірімен 
қаншалықты байланысты екендігін білуге мүмкіндік береді. Осы 
арқылы бір айнымалының мәнін білсек, екінші айнымалының 
мүмкін болатын мәнін болжауға болады. 
Корреляция дәрежесін қорытуға немесе еспетеуге мүмкіндік 
беретін статистикалық әдістердің екі түрі бар: параметрлік

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет