қарыншалардан айдаумен шектеледі.
329.
Қарыншалардың бұлшықетті қабырғасы – қалың, себебі ол қолқаға, одан әрі
тамырлар бойымен бүкіл организмге тарату үшін қанды үлкен күшпен айдап
шығарады.
330.
Жүрекшелер жиырылғанда жақтаулы қақпақшалар қарыншаға ашылып, қан
жүрекшеден қарыншаға өтеді.
331.
Қарыншалар жиырылғанда қандағы қысымнан жақтаулы қақапақшалар
көтеріліп, жабылып, қарыншалардағы қанды қан тамырларына айдайды.
332.
Қарыншалар жиырылғанда сіңір жіпшелері қақпақшалардың жүрекше жаққа
ашылуына жол бермейді.
333.
Жарты ай тәрізді қақпақшалар – қарыншалар мен олардан басталатын артерия
қан тамырларының арасында болады. Қызметі: қанның артериялардан
қарыншаларға кері ағуына кедергі жасайды.
334.
Қанның ағу бағыты: Вена – жүрекшелер – қарынша – артерия
335.
Жүректің жұмысы – бір – бірін жүйелі түрде алмастырып отыратын жүрек
циклінен тұрады.
336.
Жүрекшелердің жиырылуы (0,1 сек)
337.
Қарыншалардың жиырылуы (0,3 сек)
338.
Жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде босаңсуы (0,4 сек)
339.
Жүректің бір рет жиырылуының ұзақтығы 0,8 сек.
340.
Ересек адамда жүрек қалыпты жағдайда минутаны 70 – 75 рет соғады.
341.
Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетінен айырмашылығы – шоқтанып
орналаспай, бір – бірімен тор түзіп жалғасады
342.
Жалпақ жасушалар – жүректің ішкі бетіндегі ерекше қан тамырлары мен лимфа
тамырларының ішкі бетін астарлап жатады. Қызметі: қанның қан тамырлар ішінде
ұюына кедергі жасайды, қанның жүрек пен қан тамырларға үйкелісін азайтады
343.
Жүректің өзіне тән қасиеттері: Бұлшықеттері бір – бірімен тор түзіп жалғасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |