Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


  Кен өндіру саласы жəне қоршаған ортаны қорғау



Pdf көрінісі
бет148/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   195
kazakhstanII.KAZ

8.2 
Кен өндіру саласы жəне қоршаған ортаны қорғау 
Мұнай жəне газ саласы 
Соңғы кезде кейбір оңтайлы өзгерістердің болғанына қарамастан, мұнай мен газ өндіру 
кезіндегі ластану əлі де орын алып келеді. Көмірсутек кен орындарын барлау мен игеру кезінде 
500-800 метр радиустағы өсімдік жамылғының 70-80 пайызы жойылады. Мұнай өндіру үдерісі 
кезінде атмосфераға шығарылатын қалдықтар мен төгілетін мұнай ең үлкен залал келтіреді 
(8.1 қосымшаны қараңыз). Қоршаған орта мен адам денсаулығына қатысты ең басты 
проблемалардың бірі - мұнай өндіру кезінде ілеспелі газдың көптеп бөлініп шығуы. 
Қазақстанда жылына 800 миллион текше метрден астам ілеспелі газ жанып шығады. 
Мұнайдың төгілуіне тотығу, құрылыс жəне монтаж жұмыстары кезіндегі ақаулар себеп 
болады. Оның үстіне қазақстандық ішкі тасымал құбырларының ешқайсысында мұнай төгілу 
апатының алдын алатын сенімді төтенше жағдай жүйесі жоқ. Өндіру, жинау, сақтау, 
тасымалдау жəне өңдеу процестерінің түрлі сатыларында кеткен шығынды есептеу жүйелері 
де ресурстар тиімділігіне қатысты қазіргі заманғы талаптарға сай емес. Есептеулерге сəйкес, 
жыл сайын мұнай кен орындары орналасқан жəне мұнай құбырлары тартылған аймақтардың 1 
шаршы шақырымына шаққанда 0,02 тонна мұнай сыртқа ағып кетеді. Қазақстанның мұнай 
жəне газ саласындағы экологиялық проблемалардың ең бастылары мыналар: 
• 
Құрамында қоршаған орта мен адам денсаулығына зиянды күкіртті газ, күкірт 
қостотығы, күкіртті көміртегі жəне басқа да сульфидтер мен қоскүкіртті қоспалар бар 
айтарлықтай тереңдікте жатқан «тұзасты» шөгінділердің (яғни тұз қабаттарының) 
(Қарашығанақ, Жаңажол, Теңіз жəне өзге де кен орындары) игерілуі;
• 
Сусыздандыру жəне минералсыздандыру кезінде бөлінетін ілеспелі сулар, газдар, ең 
соңғы (хвостовые) жəне өзге қалдықтар, сондай-ақ миллиондаған күкіртті қалдық үйінділері 
құрамында болатын техникалық жəне технологиялық қалдықтардың көп көлемде шығарылуы;
• 
Шикі мұнайдың Қаспий теңізі бассейнінде өндірілуі. Су асты бұрғылау жұмыстарының 
жүргізілуі апаттарға соқтырып (күкіртті көміртегінің ауаға шығып кетуі жəне мұнайдың 
төгіліп кетуі сияқты жағдайлар), теңізге, теңіз жағасына орасан зор нұқсан келтіріп, аймақтың 
тірі организмдерін едəір уландыруы мүмкін.
2000-ші жылы мұнай саласындағы игеру жұмыстарына Маңғыстау облысының 2300 га жері 
берілді. Соның 134 гектарында ғана сауықтыру шаралары қолға алынған. Өндірістік 
қолданысқа берілген жердің басым бөлігі «Теңізшевройл» компаниясына тиесілі 
«Күлсарымұнай» жəне «Прорванефть» кен орындарының үлесіне тиеді. Жер ластануының 
басты көздері мынадай: 
• 
Тасымалдау, бұрғылау жəне құрылыс кезінде аса қуатты жəне зардап келтіруі мүмкін 
ескі қондырғылар мен құрал-жабдықтардың пайдаланылуы; 
• 
Шикізат тасымалына арналған тасымалдау жүйесінің үнемі жалғанып, кеңейтіліп 
отыруы; 
• 
Мұнай кен орындарында қолданылатын қондырғылар жəне тасымал құралдарының 
талапқа сай еместігі; 
• 
Мұнай жəне бұрғылаудан қалған шөгіндінің жиналуы, соның өңделуі жəне кəдеге 
жаратылуы; 
• 
Күкіртті сутегілік қышқылдың шикізат құрамындағы жоғары деңгейі; 
• 
Мұнайдың төгілуі ; 
• 
Су қоймаларының жəне жер асты суларының қалдықтармен жəне дизель отынымен 
ластанып отыратыны.


 

Тарау

Минер
алды
 ресурста
р ме
не
дж
ме
нті
 жəн
е қоршаға
н орта
169
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет