Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет2/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   195
kazakhstanII.KAZ

Алғы Сөз 
 
Қазақстанның 
экологиялық 
қызметінің нəтижелілігі туралы екінші шолуды (ЭҚНШ) дайындау 
2007 жылы сəуірде дайындық миссиясын жүргізуден басталды, соның барысында есептің 
түпкілікті құрылымы талқыланды жəне бекітілді. Шолу жөніндегі миссия 2007 жылы 10-19 
қыркүйекте өтті. Халықаралық сарапшылардың тобына Италияның, Финляндияның, 
Францияның жəне Швецияның, Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық 
комиссиясының (БҰҰЕЭК) хатшылығы мен экономикалық ынтымақтастық жəне даму
ұйымыынң (ЭЫДҰ) сарапшылары кірді. 
ЭҚНШ есебінің орыс тіліне аударылған жобасы ескертулер дайындау үшін Қазақстанға жəне 
экологиялық қызметтің нəтижелілігі жөнінде қарау үшін арнайы сарапшылар тобына 
наурызда берілді. 2008 жылғы 17 жəне 18-ші сəуірдегі отырыстың барысында сарапшылар 
тобы Қазақстан үкіметінің өкілдері болған сарапшылармен бірге есепті егжей-тегжейлі 
талқылап, атап айтқанда, халықаралық сарапшылар жасаған қорытындылар мен ұсыныстарға
зейін аударды. 
Сарапшылар тобы ұсынған түзетулермен ЭҚНШ ұсыныстары содан кейін БҰҰ ЕЭК 
экологиялық саясат жөніндегі Комитетінің он бесінші сессиясына 2008 жылы 21-ші сəуірде 
алқалық қарауға берілді. 
Алқалық қарау отырысына Қазақстаннан жоғары деңгейдегі делегация қатысты. Комитет осы 
есепте мазмұндалатын ұсыныстарды бекітті. 
БҰҰ ЕЭК экологиялық саясат жөніндегі Комитеті жəне БҰҰ Шолу жүргізу жөніндегі тобы 
Қазақстан Үкіметіне де, сондай-ақ оның халықаралық сарапшыларымен бірге жұмыс істеген 
жəне мағлұматтар мен көмек беру түрінде жəрдемдескен сарапшыларына да ризашылық 
білдіреді. БҰҰ ЕЭК Қазақстан үкіметіне, осы екінші шолудың ұсыныстарын орындауды қоса 
атағанда, табиғат Қорғау саласындағы мақсаттарына жету жолындағы міндеттерді жүзеге 
асыруда табыстан-табысқа жете беруін тілейді. 
БҰҰ ЕЭК сондай-ақ Австрия, Болгария, Германия, Нидерланды жəне Эстония үкіметтеріне 
қаржылай салымдары үшін, Италия, Финляндия, Франция жəне Швеция үкіметтеріне осы 
шолуды жүргізу үшін сарапшылар бергені үшін, сондай-ақ ЭЫДҰ-ға, Еуропадағы қауіпсіздік 
пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымға, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасына 
ЭҚНШ бағдарламасына, осы шолуды жүргізуге көрсеткен көмектері үшін шынайы алғыс 
айтады. 


Қазақстандағы экологиялық қызметтің нəтижелілігі туралы екінші шолуды (ЭҚНО) дайындау жөніндегі 
Халықаралық сарапшылар тобы 


vii 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет