Монография посвящена 0-летнему юбилею Рыспековой Мадины Оразовны Астана, 2017 (035. 3)



Pdf көрінісі
бет8/91
Дата28.11.2022
өлшемі3.87 Mb.
#465923
түріМонография
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   91
29-12-2017-monografiya-60-m-o-ryspekova

Германия
Германиядағы 
инновациялық 
қызметті 
дамыту 
көрсеткіштерінің жоғары болуы елеулі дәрежеде зияткерлік меншікті қорғау 
саласындағы қызметімен байланысты болып табылады [13]. Бұл ретте 
Германиядағы патент алу үшін берілетін өтініштердің 90% кәсіпкерлік секторға 
келеді [14].
Германиядағы ҰИЖ маңызды белгілеріне кіреді:
− Дәстүрлі түрде ҰИЖ негізгі элементтері болып университеттер 
табылады, оларда негізгі екпін ғылыми және зерттеу қызметіне жасалып отыр.; 


19 
− Жеке өнеркәсіп барлық ғылыми зерттеулердің басым көпшілігін іске 
асырады және ҒЗТКЖ кеткен барлық шығындардың 70% жуығын 
қаржыландырады;
− ҒЗТКЖ жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар және өнеркәсіп арасындағы 
технологияларды беру жүйесі жақсы ұйымдастырылған және фирмаларға 
максималды толық өндірістік тізбектер құруға мүмкіндік береді. 
− Негізінде мемлекеттік зерттеулердің басым көпшілігі жүзеге 
асырылатын университеттерден басқа ҒЗТКЖ жүзеге асыруға маманданған 
ғылыми қауымдастықтар белсенді түрде қатысады: Фраунгофер ат.ғылыми 
қоғам (қолданбалы зерттеулер); Макс Планк қоғамы және Хельмгольц 
Қауымдастығы (іргелі зерттеулер), Лейбництің зерттеу институттары 
Қауымдастығы, ғылымдар Академиясының инстиуттары, федералды және 
жергілікті деңгейлерге тиесілі ғылыми зертханалар және орталықтар.
− Ғылыми зерттеулер және зерттемелерді қаржыландыруға жүзден астам 
жеке қорлар қатысады, олардың ішіндегі ең ірілері Volkswagen және Thyssen 
компанияларымен құрылған бірнеше компаниялардың, университеттер мен 
ҒЗИ ғылыми-зерттеу желісіне бірлесіп қатысуы Германияның зерттеушілік 
инфрақұрылымының мүмкіндіктерін тиімдірек пайдалануға, сондай-ақ, 
технологиялардың ғылымы мен өнеркәсіп арасында берілуін тездетуге 
мүмкіндік береді [15; 16].
Германияда (Финляндия және Швеция сияқты) мемлекет экономиканың 
басым секторларын тікелей қаржылық қолдауды жүзеге асырады, бизнес-
сектордың ғылыми-технологиялық және инновациялық қызметін салықтық 
ынталандыру бойынша шаралар жоқтың қасы, кәсіпорындар үшін жалпы 
салықтық режимді жетілдіру шараларына артықшылық беріледі. 
Жапония. Жапонияның инновациялық жүйесі қатаң түрде құрылған тік 
қатынастары бар жоғары орталықтандырылған ретінде сипатталады. Оның 
ерекшелігі – қолданбалы ғылыми зерттеулердің жоғары дәрежесі, жеке 
компаниялардың ҒЗТКЖ нәтижелерін тез енгізіп, коммерциялық қолдану 
қабілеті. Мемлекетте өткізілетін ғылыми зерттеулер және зерттемелердің 
басым көпшілігі жеке сектормен қаржыландырылады. Жапонияның үкіметі 
ҒЗТКЖ қаржыландыруда негізгі құрауыш болып табылмайды, бірақ 
мемлекеттегі ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыруға белсенді түрде 
қатысады. Бұл жерде университеттер АҚШ сияқты зерттеулер жүргізуде 
маңызды рөл атқармайды. Жапониялық ҰИЖ әлсіз тұсы болып іргелі 
зерттеулерге жеткіліксіз дәрежеде назар аудару, венчурлық қаржыландырудың 
дамымағандығы табылады.
Жапониядағы инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу органдарына 
жататындар: Жапонияның Премьер-Министрі басқаратын ғылым істері 
жөніндегі Кеңес, ғылым жөніндегі Басқарма (ірі ұлттық бағдарламалар және 
жоспарларды жасау), Жапониялық зерттеулерді дамыту корпорациясы (жаңа 
ғылымды қажетсінетін фирмаларды қолдау), сондай-ақ, ұлттық қорғаныс 
Басқармасы, экономика, сауда және өнеркәсіп Министрлігі, Жапониялық сауда 
комиссиясы, 
білім 
беру 
Министрлігі, 
өнеркәсіптік 
технологиялар 


20 
қауымдастығы, қаржы Министрлігі, Жапония Банкі, экономикалық жоспарлау 
Агенттігі, пошта және телеокммуникациялар Министрлігі.
Бүгінгі таңда Жапониядағы инновациялық қызметтің дамуы үшін 
қолайлы жағдай тудырудың негізгі қағидалары ішінен төмендегілерді 
ажыратуға болады:
− Жапониялық даму банкінің және Жапониялық экспорттық-импорттық 
банктің көмегімен қаржылық ұйымдарға берілетін субсидиялар және 
несиелердің көмегімен өнеркәсіптің басым бағыттарын мемлекеттік 
қаржыландыру; 
− Кәсіпорындарға жаңа шетелдік технологияларды сатып алуға 
жәрдемдесу, отандық фирмалардың шетелдік компаниялармен техникалық 
кооперациясы үшін қолайлы жағдай жасау; 
− Ғылымды қажетсінетін жабдықтың жеделдетілген амортизация 
жүйесін жасау, ол жапониялық кәсіпорындарға салық салудың азайтылуына 
көмектеседі және жаңа жоғары технологиялық кәсіпорындар мен жобаларға 
қаржы қаражаттарының салынуын мүмкін етеді [17]. 
Жапонияда табиғи ресурстар көлемі үлкен емес болғандықтан, үкімет 
ғылыми-техникалық 
саясатты 
экономика 
өсуінің 
және 
мемлекеттің 
халықаралық бәсекеге қабілеттілігі өсуінің маңызды ынталандыру құралы 
ретінде қарастырады. Жапония жеке секторды ғылыми-зерттеу жұмысына 
тарту мақсатында әлемде ең бірінші болып салықтық жеңілдіктерді жасап, 
қолданды. Мемелекеттегі ғылыми сектордың даму қарқындары және 
құрылымы «Арнайы салықтық шаралар туралы» заңымен реттеледі [18]. Ең 
алдымен ол жеке сектордағы зерттеулерге шығындардың өсу кезіндегі 
салықтық жеңілдіктер (салықтық несие) туралы ереже, сондай-ақ, шағын және 
орта бизнестің технологиялар қорын дамытуға бағытталған салық салу 
бойынша шаралар туралы ереже.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет