Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет103/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   615
3-106-2015-2-chast

ЖЕКЕШЕ
КӨПШЕ
I жақ
II жақ
III жақ
I жақ
II жақ
III жақ
Мен
сен
сіз
ол
біз біздер
сендер
сіздер
олар
я
ты
Вы
Он, она, оно
мы
вы
Вы
они
I
you
you
He, she, it
we
you
you
they


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
84
Осы тақырыпты өткен кезде үш тілде жаттығулар беріледі. Мұндай жаттығулар оқушыларды 
үш тілде ойландырып, өз тілдерін жаттықтыруларына көп тәжірибе бере алады.Немесе сөздерді 
қайталауға мынадай жаттығулар ұсынылады:
Дұрыс қайталаңыз. Дыбыстардың дұрыс айтылыуна назар аударыңыз. Прослушайте и повто-
рите слова. Обратите внимание на произношение звуков. Listen and repeat the words. Mind the 
pronunciation of the sounds. [ә] -[æ] (англ. apple), [θ]- [ә:] (англ.term), [қ] - [-]
1. әлем, әдеп, әсем, ән, сән, сәлем
2. өрік, өсиет, көсем, көмір, өмір
3. қала, сақина, сақшы, қамыр
Берілген сөздерді дұрыс орналастырыңыз. Подберите правильный ряд слов. Insert the proper 
words to continue the lines.
Керекті сөздер: ана, әке, апа, әже, қарындас, іні, аға, ата, daughter, grandfather, wife, son, husband, 
бабушка, жена, дедушка, сын, сестра, брат, дочь, муж.
1)Ұл, .....
2)Қыз,....
Сонымен қатар оқулықта үш тілде өлеңдер, ойындар, салт-дәстүрлер, қазақ халқының әдет-
ғұрыптары басқа елдермен салыстырып көрсетілген. Оқулық өте, қызықты, заман талабына сай 
құрастырылды.
Көптілділік – заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, 
әлем суретін әр алуан, әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін 
және құндылықтарын сезінуге болады.Көптілді білім беру дегеніміз , оқу үрдісі барысында екі не 
одан да көп тілде білім беру. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту-қазіргі 
заман қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дәрежеде асы-
рылады. Тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Тіл 
мәселелерін оңтайлы шешу – ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің, халық бірлігі мен қоғамдық 
келісімді нығайтудың түпқазығы болып табылады. Елбасымыз үстіміздегі жылы Қазақстан халқына 
арнаған “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауында “Тілдердің үштұғырлығы” мәдени жо-
басын жүзеге асыруды ұсына отырып, қазақ елін әлемдегі үш тілді қатар тұтынатын білімді де 
білікті ел ретінде танытуымыз қажет екенін және мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ұлтаралық қарым-
қатынас тілі – орыс тілі мен жаһандық экономикаға табысты кірігу тілі – ағылшын тілі болуы тиіс 
екенін ерекше атап көрсеткен. Қазіргі уақытта аталған Жарлыққа сәйкес “Тілдердің үштұғырлығы” 
мәдени жобасын іске асыру мақсатында қоғамдық өмірдің барлық салаларында қазақ тілінің 
мемлекеттік тіл мәртебесіне сәйкес қолданылуын қамтамасыз ету, ресми тіл, ұлтаралық қатынас 
тілі ретінде орыс тілінің функцияларын сақтау, жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі 
ретінде ағылшын тілін дамыту жөніндегі шаралар кешені қолға алынып отыр. Мемлекет басшысы: 
«Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы 
бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Және оған қамқорлықта 
сондай дәрежеде болады», – деп сендірді. Көптілділік – заман талабы. Бір халықтың мәдениетін 
басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр алуан әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін 
ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады. Көптілді оқыту 
– жас ұрпақтың білім кеңестігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпяларына 
үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Әр адамның 
рухани-адамгершілігін арттыру үшін, бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету 
үшін жан-жақты болу қажет. Осыған орай, бүгінгі таңда Қазақстанға ақпараттық-технологиялық, 
ғылыми, инженерлік,экономикалық, оқу-әдістемелік т.б. салаларындағы жаңалықтарды, әлемдік 
ілгері тәжірибелерден хабары болып, бұл жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне 
пайдалануы үшін халықаралық байланыстарды нығайтып, әлем аренасына шығу үшін көп тіл 
білетін мамандар қажет. Осы бағытта балабақшалар, мектептер, ЖОО-дары өз үлесін қосуда. 
Нарықтық экономика еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды қажет ететіні белгілі. Бұл 
оқу орындарының барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Осыған 
орай білім беру жүйесінде оқытушыларға қойылатын басты талаптардың бірі – өмірден өз ор-
нын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, 
белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін 
мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу. Көптілді мемлекет-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет