№1 (130)/2020 вестник евразийского национального университета имени Л. Н. Гумилева Серия филология


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ



Pdf көрінісі
бет11/28
Дата07.12.2022
өлшемі1.58 Mb.
#466746
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
features-of-creation-of-documentary-and-military-prose-based-on-the-novel-by-a-beck-volokolamsk-high

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. 
ФИЛОЛОГИЯ сериясы 
64
№1 (130)/2020
ның дамылсыз ойдың адамы ретіндегі образын жасап шықты. Әрине А. Бекке бұл жұмыс 
оңайға соқпағаны анық, алайда әр қаламгердің шығармашылық лабораториясындағы бір-ақ 
шығармасы ғана жарқырап жұлдызы жанған, бағы ашылған туынды болатынын ескерсек, 
«Арпалыс» романы да Бекке бақ құсы болып қонған тың туындыларының біріне айналды. 
Әрине мұнда Б. Момышұлының еңбегі өлшеусіз болғанымен, соғыс даласында тір-
шілік етудің қолайсыз, әрі қиын жағдайына тап болған А. Бек те өз деңгейіндегі ерлік-
ке барды. Ол алдында күтіп тұрған қиыншылықтарға мойынсұнып, осылайша тәуекелге 
бел буды. Б. Момышұлы– айтушы, А. Бек – жазып алушы. Айта кету керек, осыдан ба-
рып А. Бек енді мақала жазушы журналист-публицисттен кәдімгі әдеби орта мойындаған 
жазушыға айналды. 
Алайда А. Бектің щығармашылық жолына үңілетін болсақ, ол мақала, очерк, рецен-
зия жазудың шебері екендігін көреміз. Өзінің журналистік жолын ерте бастап, газет редак-
торына дейінгі қызметте болған. Сондай-ақ, атақты тұлғалар өмірін, олардың өсу, өркендеу, 
қалыптасу кезеңдерін, әсіресе үкімет тарапынан берілген тапсырманың бірі –бесжылдықты 
игеру мен ондағы адамдардың тағдырын суреттеп баяндау – Бек шығармашылығының не-
гізгі арнасы болды. Сондықтан болар, өзара әңгіме құрып немесе әңгіме айтушының сөзі-
нен оқиға шындығын жазып алу оның өзіндік жазушылық стиліне айналды. «Мен әдепкі 
жазуым былайша өрбиді: ең бірінші, сұхбат алушым өз аузынан хронологиялық тәртіпте 
өз білгенінің бәрін өзі айтып беретін болады. Мен әртүрлі сұрақтар қойып оның сөзін бөл-
меймін. Қояр сұрағымды жазып алып, кейіннен сұрауға қалдырып қоямын. Келесі кезең 
– әртүрлі қызықты эпизодтарға толықтай шолу жасап шығу. Келесі кезекте – сен міндетті 
түрде өзіңді қызықтыратын адамдар туралы айтып беруді сұрайсың. Әртүрлі мәліметтерді, 
оқиғаларды, мінездерінің белгілерін, қажет болар штрихтерді, тіпті оларды нақтылауға 
қол жеткізуге тырысасың. Ең ақырғы кезең – бұл сенің сұрақтарыңның әртүрлі мәселе-
лерді қозғауға арналуы тиіс: тұрмыс мәселелері, еңбекті ұйымдастыру, қоғамдық өмірдің 
ұйымдастырылуы... және қайтадан эпизодтар, штрихтер, детальдар, детальдар. Осылайша 
сен материалды бірнеше рет ақтара қопарып, аударып сол адамнан барын алуға тырыса-
сың» [4, 27 б.].
А. Бек Б. Момышұлына қалай тәнті болғанына романның алғашқы беттерінен-ақ 
көрініп тұр. Оның бала кезінен «Шаңтимес» атанып, жүйрік аттың қасиетіне теңелгендігі, 
өсу, кемелдену кезеңіндегі зеректілігі, кейінгі ересек өмірі өзінің динамикасымен қызықты-
рды. Жоғарыда келтірілгендей, А. Бек өзінің ұстанымынан айнымай шығарма жазуды ұй-
ғарды. Әдеби жанрдың кіші формасы повесттен бастап, документалды фактілерді қолдана 
отырып, оны романға айналдыру трансформациясы бірте-бірте көркем реалистік шығар-
маны дүниеге әкелді. «Құжаттық негізге құрылған повесть жаза отырып, мен роман заңда-
рына бағынышты туынды жаздым», - депті А. Бектің өзі. Бұл шығарманың деректі өзегі 
сол – неміс басқыншылары Мәскеуді басып алмақ болып, Волоколамск және Ленинград 
тас жолына бет алған болатын. Генерал-майор И.В. Панфиловтың басқаруымен 316-шы 
атқыштар дивизиясының тойтарыс беруімен жауды ұстап қалып, бұл оқиға 1941 жылдың 
тарихында айрықша әскери қимылдардың бірі болып қалды. «Арпалыс» романының көр-
кемдік әлемінің ерекшелігі болып кейіпкердің нұсқауымен автордың тарихи, документалды 
оқиғалардың шынайылылығын айтылған күйінде жеткізуі. Осылайша романның алғашқы 
нұсқасы 1942 жылы «Знамя» журналында «Панфиловшылар алғы шепте» деген атпен жа-
рық көреді. Соғыс кезінде оның таралымы да жоғары болды деп айтпасақ та белгілі факт. 
Бұл кітап чех, поляк, еврей, неміс және т.б. шет тілдеріне аударылып, әскерилер үшін соғыс 
тактикасы мен стратегиясын жетік меңгеруге арналған әдістемелік құрал болса, қалған оқы-
рман қауым үшін бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтпаған көркем туынды болып келеді. 
Осы кезде А. Бек танымалдылықтың да атақ-даңқтың ауыр жүгін арқалауға мәжбүр бола-
ды. Олай дейтініміз, роман авторлығына сенімсіздік танытқан кейбір азаматтар ашық та, 


65


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет