239
– Аллаһтың атымен ант етейін! Оның мұнан басқа киімі жоқ, –
деп жауап береді.
Бірде Ата ибн Әбу Рабах деген ғалым Фатимадан:
«Омар қандай еді?» – деп сұрайды. Сонда Фатима:
«Ол мұсылмандар үшін өзін түгелдей бағыштады. Кешке
мұсылмандардың ісімен айналысып отырғанда,
қазына шамын
жағып отырса, оны аяқтаған соң ол шамды өшіріп, өз ақшасына
сатып алынған шамды жағатын. Түнімен Аллаһқа жалбарынып
көз жасын төгетін. Таңның атуымен ораза болатын. Бір күні мен
одан:
«Уа, мүміндердің әміршісі! Түнімен жылап-еңіреп шығасың,
саған не боп жүр?» – деп сұрадым. Ол:
«Ей, Фатима! Сен өз жөніңді біл, ал мені өз жайыма қалдыр.
Саған тәлім ретінде айтайын, мен көз жүгіртіп, осы үмбеттің
жауапкершілігін арқалағанымды көрдім. Олардың кедей-
кепшіктерін,
аш-жалаңаштарын,
мүсәпір-ғаріптерін,
адасқандарын, абақтыға түскендерін,
бала-шағасы көп, жағдайы
төмендерін, тағы басқа жер бетінің түкпір-түкпіріндегі осы
сияқтыларды есіме алдым және осылардың барлығынан Аллаһ
тағаланың мені сұраққа алатындығын аңдадым. Аллаһ елшісі
(с.а.с.) мені олардың (үмбетінің) арасында айғаққа тартатынын
ойладым. Сөйтіп, Аллаһтың үзірімді (уәжімді) қабыл алмауынан
қорықтым. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қатарында айғағымның
қабылданбауынан қорықтым.
Өз-өзіме жаным ашып, көзімнен
жас сорғалады. Жүрегім қан жылап, жаным шырқырады.
Осыларды ойлаған сайын қорқынышым арта түседі. Қаласаң –
өнеге ет, қаласаң – жайына қалдыр», – деді.
Омар ибн Абдул-Азиз
«Қандай да бір іс жасамаңдар, Біз
Достарыңызбен бөлісу: