Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет182/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   200
Asyl-analar

 
 
қызметкерді қалдырып, тысқа шықтым. Қайтып келсем, Мәртәд 
бөлменің сыртында тұр екен. Одан:
«Неге шықтың?» – деп сұрадым. Ол:
«Мүміндердің әміршісі маған тысқа шығуды бұйырды», – 
деді. Ішке кірсем, бұл дүниемен қош айтысқан екен». 
Міне, осындай ұлы тұлғаның қасында сабыр қылып бірге 
болған жан жары Фатима еді. Аллаһ оған рақым етсін! 


242
 
 
УММУЛ БӘНИН
АБДУЛ-АЗИЗ ИБН МАРУАНҚЫЗЫ
(АЛЛАҺ ОҒАН РАҚЫМ ЕТСІН) 
«Оны барша адамдар шешен, фиқһ білгірі, халал мен харамды 
айыра алушы адам ретінде сипаттаған». 
Уммул Бәнин – мүміндердің әділетті әміршілерінің бірі 
халифа Омар ибн Абдул-Азиздің әпкесі. Олардың әкелері Абдул-
Азиз Мысырда жиырма жылдай уәлилік құрған. Уммул Бәнин 
мен Омар ибн Абдул-Азиздің халифа Омар ибн әл-Хаттабпен 
(Аллаһ оған разы болсын) нәсілдік туыстықтары бар. Асим ибн 
Омар ибн әл-Хаттаб – бұлардың нағашы аталары. Ал көкелері 
Абдул-Мәлик ибн Маруан еді. Уммул Бәниннің күйеуі – осы 
Абдул-Мәлик ибн Маруанның баласы Уәлид ибн Абдул-Мәлик 
болған. Ал Омар ибн Абдул-Азиздің әйелі Уәлидтің қарындасы 
Фатима Абдул-Мәликқызы болатын. Ағайынды адамдардың 
бұлайша өзара қыз алысып, қыз берісуі халифалық тұқымның 
таза сақталуы үшін істелетін. Әлбетте, бұл – Ислам шариғаты 
рұқсат ететін ғұрып. Умәуилер үкіметінің негізін салған Уәлид 
ибн 
Абдул-Мәлик, 
жалпы 
әділетсіз 
болғанымен, 
өз 
халифалығының тұсында көптеген игі істі атқарып кеткен. Соның 
қатарында Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мешітін кеңейтіп, қайта 
салдырған. Ол Құранды көп оқитын. Тіпті ол бірнеше күнде бір 
хатым қылатын еді деген де әңгіме бар. Нақ осы Уәлид ибн 
Абдул-Мәликтің тұсында Ислам кеңінен қанат жайған. Үнді елі 
мен түркі жұрты және Испания Ислам мемлекетінің қарамағына 
өткен. 
Бұл әңгіменің арқауы болып отырған Уммул Бәнин Абдул-
Азизқызы – осы Уәлид ибн Абдул-Мәликтің әйелі. Ол фиқһ 
ғылымы білгірлерінен деп есептелетін бірегей әйелдердің бірі 
және хадистанушы, шешентілді, ақыл-парасаты жоғары, қолы 
ашық жомарт жан еді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қаласында 


243


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет