Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет83/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   200
Asyl-analar

 
 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хафсаға ара түсіп, оны жақтап, кейде 
айтылып қалатын уытты сөздеріне сабыр ететін. Оны заты әйел 
болғандығы үшін кешіріп, өзіне қымбат әрі онымен Аллаһ 
Исламды күшейтіп, аяғынан тұрғызған сахабасының қызы 
екендігі үшін сыйлайтын. 
Бірде Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен Мысыр патшасы сыйлаған күңі 
Мәрия Хафсаның үйінде оңашада қалады. Хафса мұны біліп 
қойғанда, оның жүрегін қызғаныш билеп, ызаланып, Аллаһ 
елшісіне (с.а.с.) зекіп сөйлейді. Десе де, Аллаһ елшісі (с.а.с.) 
кешіріммен қарап, Хафсаны тыныштандыру үшін Мәриямен 
қазірден бастап арақатынасты тоқтататындығын құпия қылып 
айтып, бұл сырды жария етпеуін ескертеді. Хафса сабасына түссе 
де, өзінде ұстай алмай, әлгі құпияны Айшаға жеткізеді, құпияның 
тарап кетпеуін, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) білмеуін ескертеді. 
Арадағы қызғаныш сезімі ғана болмаса, Хафса мен Айшаның 
арақатынасы өте тығыз болатын. Сөйтіп, Хафса ештеңе 
айтпағандай, ал Айша дәнеңе естімегендей қалып сақтауға әрекет 
жасайды. 
Бірақ Хафса бұл әрекетінің жазасын бағаламады және 
Аллаһтың елшісіне (с.а.с.) жіберген уахиында бұл жайлы: 
«Ей, Пайғамбар! Аллаһ өзіңе рұқсат еткенге әйелдеріңнің 
ризалығын іздеп неге тыйым саласың. Алайда, Аллаһ – өте 
Кешірімді, ерекше Рақымды. Аллаһ сендерге (белгілі 
мөлшердегі 
кәффаратын 
беріп,) 
анттарыңды 
шешуді 
міндеттеді. Аллаһ – сендердің Қамқоршыларың. Ол – бәрін 
Білуші, өте Дана. Пайғамбар әйелдерінің біріне (яғни Хафсаға) 
бір сөзді құпиялап айтқан еді. (Хафса) ол (сырды Айшаға) 
айтып бергенде, Аллаһ оны (құпияның айтылғанын) оған (яғни 
Пайғамбарға) білдірді де, ол бір бөлігін білдіріп, басқа бір 
бөлігінен (яғни оны айтудан) бас тартты. (Пайғамбар Хафсаға 
оның Айшамен сөйлескені туралы) хабарды айтқан кезде 
(Хафса): «Саған мұны кім хабарлады?» – деді. (Пайғамбар)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет