жетектеуге ыңғайлана бергенде, мен шыққан муғира
тайпасының бірнеше ер адамы жетіп келіп, күйеуіме:
– Қалайша сен біздің алдымызға шығып барасың? Қаласаң,
Ясрибқа өзің бар, біз қызымызды жібере алмаймыз, – деп
қолынан түйенің бұйдасын жұлып алды. Сол кезде Әбу
Сәләманың туыстары ашуланып, муғираның адамдарына:
– Жоқ, қыздарыңды қайтарып алсаңдар, алыңдар, бірақ
баланы бермейміз, – деп, ұлымыз Сәләманың қолын шығарып
жібере жаздап, әрлі-берлі жұлқылап таласты.
Ақырында оны Әбу Сәләманың туыстары тартып алды. Ал
муғиралықтар мені өздерінде қалдырды. Күйеуім болса Мәдинаға
жүріп кетті де, мен жалғыз қалып қойдым. Олар мені күйеуім
мен ұлымнан айырды. Осы сәттен бастап мен күн сайын төбе
басына шығып, айырылысқан жерімізге келіп, күн батып, қас
қарайғанша көз жасымды көл қылатын болдым. Бұл жағдай
тайпаластарым мені түсініп, аяушылық білдіргенше жалғасты.
Бір кісі тайпаластарыма келіп:
– Мынау, бақытсыз әйелді қоя беру ойларыңда бар ма өзі?
Оны сендер күйеуі мен ұлынан айырдыңдар, қайғыға душар
еттіңдер! – деді. Мұны естіген олар маған:
– Қаласаң, күйеуіңнің артынан кете бер, – деді.
Күйеуімнің тайпасына барып, ұлымды қайтарып алып,
Мәдинаға аттандым. Танғим деген жерге келіп жеткенде,
Осман ибн Талханы
1
кездестірдім. Ол:
– Қайда жүріп бара жатырсың, неге жалғызсың, ей, Зәду
Ракибтің қызы? – деп тіл қатты. Мен оған:
– Мәдинаға... күйеуіме... қасымда жалғыз Аллаһ пен ұлымнан
басқа ешкім жоқ, – деп едім, түйесіне отырғызып, өзі
бұйдасынан жетектеп, Мәдинаның өзіне дейін апарып салды.
Аллаһпен ант етейін! Мұншалықты кеңпейіл, жомарт
адамды көрмеппін. Құба елді мекеніне таяй бергенде: «Сенің
1
Осман ибн Талха – Қағбаның кілтін қолында ұстаған өте беделді кісі.
114
Достарыңызбен бөлісу: |