Исламды қабылдап, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) соңынан ергенде,
кәпірлер мен көпқұдайшылдардың көрсеткен қиыншылықтарын
бірге бастарынан өткеріп, қуаныш пен қайғыда ортақтасады.
Қабылдаған
жас
сенімдері
–
Исламды
мүшріктердің
әділетсіздігінен құтқару үшін бас сауғалап Эфиопияға қоныс
аударады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) мүшріктердің зәбір-жапасына қарсы
тұра алмайтын мұсылмандарды Эфиопияға қоныс аударуға
үгіттеп: «Хабаша жеріне барыңдар, ол жер ешкімге зұлымдық
жасамайтын патшаның қол астында»
1
, – дейтін.
Һинд Эфиопияда, бөтен жұрттың жерінде, ұлы Сәләманы
босанады.
Аллаһ тағала Исламды құрайыш тайпасының ықпалды ірі
тұлғалары – Хамза ибн Абдулмутталиб және Омар ибн әл-
Хаттабтармен (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) күшейтіп,
құрайыштардың мұсылмандарға құрған тұзағы – экономикалық
қысымы, көрсеткен зорлық-зомбылықтары доғарылғаннан кейін
барып Әбу Сәләма мен Һинд басқа қоныс аударушылармен бірге
Меккеге
оралады.
Кейін
мәдиналықтармен
олардың
мұсылмандарға жәрдем көрсетуі және мұсылмандардың
бастарына әлдеқандай күн туғанда, өмірін қатерге тігіп, қанымен
қорғауы туралы келісімшартқа отыру аяқталған соң, Аллаһ елшісі
(с.а.с.) оларға Мәдинаға қоныс аударуға рұқсат береді.
Әбу Сәләма да өз отбасымен қоныс аударушылардың алғашқы
қарлығаштары атанады. Оған Меккені тастап, Мәдинаға қоныс
аудару ауыр әрі қиын соғады. Дегенмен сол кездегі орын алған
оқиға өз алдына бір тарих болатын. Бұл жайлы Умму Сәләманың
өзі былай әңгімелейді:
«Мәдинаға жол тартпақ ниетпен Әбу Сәләма мені мен
ұлымды түйеге отырғызып, өзі түйенің бұйдасын алып
1
Ибн Исхақ, әс-Сиәр уәл-мағази: 123.
113
Достарыңызбен бөлісу: |