153
Мысалы, су бетінің 123,4 және 123,8 белгілерінің арақашықтығы
40мм болсын. Ал А нүктесі мен 123,4
белгісі арасындағы қашықтық
10 мм. Берілген белгілердің айырмасы, яғни еңісі 0,4 м. Осыдан:
Демек А нүктесіндегі су бетінің деңгейі 123,4 + 0,1 = 123,5 м
болады. Дәл осындай тәсілмен В нүктесінің деңгейін табамыз
(15 сурет).
15-сурет. Екі жағдайдағы су бетінің деңгейін анықтау
Екінші жағдай үшін екі горизонталь арасындағы нүктенің
абсолюттік биіктігін табу керек.
Өзеннің еңістігі пайыз есебімен анықталады. Мысалыға есептеу
үшін 1:10000 масштабты карта берілді делік. А мен В нүктелерінде су
деңгейі 156,8 және 162,2 м болсын. А және В нүктелерінің арасындағы
қашықтық 540 м болса, онда өзен еңістігі f оыған тең: