ұрлау өлім жазасына кесіледі. Төбелесте болған кемтарлық үшін (жазым),
ауырлығына қарамай
мал - дүниемен құн төлейді. Көзін шығарса кінəлі жақ қызын береді, қызы жоқ болса, əйелінің
жасауын береді, дененің бір жеріне зақым келтірсе, айыпқа ат төлейді, ат немесе басқа бір дүниені
ұрлаған адам, ұрланған дүниенің құнын он есе қылып айып төлейді. Өлген адамның мəйітін
шатырға сақтайды. Ұлдары, немерелері, екі жақтың туысқандары жылқы мен қой сойып, оны
шатырдың алдына жайып тастайды құрбандық деп, өздері атқа мініп шатырды жеті рет айналады,
осыдан кейін шатырға кірерде беттерін пышақпен жаралап,
дауыс салады, қан мен жас сөйтіп
қатар ағады. Осылай жеті рет жасайды да аяқтайды. Кейін белгіленген күні марқұмның мінген
атын, тіршілікте қолданған заттарын мəйітпен бірге жағып жібереді, күлін жинап жылдың
келісілген мезгілінде бейітке көмеді” (15, с.221-222).
"Тхань əулетінің тарихы" деп аталатын жылнама түркілердің құқықтық көзқарастарын толықтыра
түседі. "Көтеріліс, сатқындық, адам өлімі, өзгенің əйелімен болған ойнас, шідерлеулі тұрған атты
ұрлау - өлім жазасы. Төбелесте болған жазым үшін құн төлейді - ауыр-жеңіліне қарай. Көзін
шығарса - қызын береді, қызы жоқ болса əйелінің
жасауын береді, денесінің бір жеріне зақым
келсе жылқымен төлейді, жылқы немесе басқа бірдеңе ұрлаған үшін оның өз құнынан 20 есе
қылып қайтарады".
Міне, қазақ билігі немесе "Жеті жарғы" аталатын жолдың түп-тамыры.