- деп əрі жүріп кетті дейді. Осыдан кейін Едіге көпке тізгін беріп, Жарылғап көлденең беріпті.
Содан сөзден сөз шығып кəрсонда бір арам сідік кəрі түйе шығып (арам сідік, арам сирақ –
сырттан келген, ұрлықтан, өз малы емес) осы сөзді иелік қылып Едіге жағы бітім алған екен
дейді. Бірақ бұл “бітім алу”, яғни анық айғақсыз бітім даулау Едігеге жақпаған екен – мыс деп ел
əңгіме қылады.
Кесім айту (кестіру) - бұл сөздің түбі “кесу” дауды бітіру мағынасында. Бұл енді дау
жалғаспайтындай қылып, біржолата шешіп-пішіп дауды бітіру үлгісі. Қазақ билігінің соңында
ала жіп кесіледі, ол дау осымен бітті, енді қайта бұл мəселеге айналып соқпаймыз деген емеурін.
Кесім сөзді билер айтады, бірақ кесім белгілі бір ұсынысты, төрелікті, жаңалықты бекіту үшін
де айтылуы мүмкін. Бұрынғы уақытта хандар мен сұлтандар өз тарапынан төрелік бере
отырып, өз сөзінің салмағын бекіту үшін билерге кесім кестіреді. Билік дəстүрінде құқықтық
тəртіптің қайнар көздері қатарына белгілі бір шешім үлгілері жатады. Бұл үлгілердің қатарына
билердің қолданысындағы əдет-ғұрып ережелерінің көпшілігін, билікке қатысты мақал-
мəселдерді т.б. жатқызуға болады, сонымен қатар төрелердің, атақты билердің айтқан сөзін,
шешімін сол қалпында, сол жерде құқықтық ереже есебінде бекітетін дəстүрлі де (прецедент)
кесті деп айта береді.
Қазақ тарихында ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда өте беделді, ықпалды, əруақты болған хандар Əз Тəуке
мен Абылай өмірбаянынан олардың өздері айтқан шешімді, ұсыныстарын билердің кеңесіне
кестіретінін көреміз. Бұдан əрі бүкіл ел билігін, төрелігін жасаушы би қызметіндегілер осы
шешімді заң ережесі есебінде пайдаланды.
Үкім шығару (үкім айту) - билік істерінде көбінесе ауыр қылмысқа байланысты айтарыды.
Үкімді хан да, сұлтан да, билер кеңесі де айта береді, тіпті жеке билердің өзі де (ердің құнын екі
ауыз сөзбен шешетін билер) ел ішінде өте ықпалды болса үкім айта алады. Ол тек бітім
мəселесін ғана шешпейді, үкім тікелей жаза тағайындауға байланысты айтылады.
Үкімге жататын істердің ішінде ең ауыр қылмыс саналатын – адам өлтіру, ел тонау, əйел
зорлау т.б. жазаның ең ауыр түрін талап етеді. Сұраушы мен жауапкер жақ өз ара келісіп
құнды малға, дүниеге т.б. салған күннің өзінде де жаза қолданылады. Мысалы, адам өлтірген
жақ құн төлеуге келіскеннің күннің өзінде де өлген адамның туыстары қылмыс жасаушының
ауылына ат қойып, қолдарындағы қаруларымен үйлерді бір-бір салып етеді.
Үкім айтылатын істердің ішінде өте күрделісі де, өте жеңілі де болады. Соңғысы айғағы бар,
кінəлінің мойнына нақты қойылып отырған қылмыс (ауыр). Ал енді күрделісі бұрын соңды
билердің алдына келмеген ала бөтен, үлгісіз, тəжірибеге түспеген істер. Мысалы, ертеде бір
елдің ішінде өз ара төбелес болып қалып, бір қатын бала тастады дейді. Содан өз ортасындағы
үйсін Тоғас биге барып айтса, ол “ағайын, бірің оң көзім, бірің сол көзім, мен қанша түзу
айтқанмен, жығылған жағын екінші болады. Көз таңбалы арғында Манас деген би бар, соған
жүгініңдер” - депті. Манасқа барса ол “Қаз дауысты Қазыбектің баласы Бекболат биге
барыңдар” деп, Бекболат “жалғыз ауыз сөзіне ел риза болған Едігеге барындар” деп даугерлер
қатты қиналыпты.
Соңда Едіге даугерлерден сұрады дейді. –Ол қатыннан түскен түсік қайда? – деп. Құрым киізге
орап қанжығаларына байлап жүр екен, көрсетті. Көрсе екі бөлек сүйек екен, мүше жоқ, сүрет
бола алмаған екен. Едіге би сөйлепті:
-Мұнда бас дейтін бас жоқ, көретұғын көз жоқ, ұстайтын қол, жүретін аяқ жоқ, адам санына
Достарыңызбен бөлісу: |