Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет52/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
235556 (1)

қосылған жоқ екен. Бұған құн бұйырмайды. Бұрынғыдан ата-бабадан қалған сөз бар еді: “Даушы 
құр қалмайды, жаншы қор қалмайды” деген. Бұл төбелеске екі тоғыз айып салу керек. Қатынды 
ұрған жағың “түйе бастатқан тоғыз айып” төлеуің керек, қатынға болысып көмектескен 
жағың “ат бастатқан тоғыз айып” төлеуің керек. Түйе бастатқан тоғызды Тоғас бидің 
босағасына байлаңдар, ат бастатқан тоғызды Манас бидің босағасына байлаңдар, Бекболат пен 
екеуімізге бітіріп қайтарған абыройдың өзі олжа болуға толық” - депті. 
Бұл жерде Едігенің айтқаны үкімнің нағыз өзі. Ғалымдар арасында қазақ заңдары қылмыстың
салдарымен ғана күреседі деген пікір бар, жоғарғы мысал, екі жақты бірдей жазалау арқылы 
болашақта қылмысты болғызбаудың бірден – бір кепілі. 
Қазақ дауларының көпшілігі “ала жіпті” кесумен аяқталады. Егер сұраушы мен жауапкер 
билердің шешіміне риза болса екі жақ “ала жіпті шорт кесіп бітіседі. Бұл мəселе толық 
шешілді, енді қайтып дау көтерілмейді дегеннің белгісі. Дау барасында билердің шешімімен ала 
жіпті қарт əйелдердің бірі дайындайды, ол сонысына бола өз жолын алады. Бітім айтылып екі 
жақта өз ризашылығын білдірген уақытта жаңағы қарт əйел ала киініп (міндетті түрде) ала 
жіпті кеседі. Егер жаңағы əйел кеспей басқа адам кессе, онда дау əлі де жалғасып кетуі мүмкін 
деп есептелді. 
Ағайын арасындағы, ел ішіндегі даулардың көпшілігі осы “ала жіпті” кесумен аяқталғандықтан 
қазақтың ішінде “біреудің ала жібін аттамады” деп те айтылады. Ол адам ақ, таза, ұрлыққа, 
т.б. қылмысқа қатысы жоқ деген сөз. Қазақ халқы ала жіпті аса құрметтейді, оның басты бір 
себебі түпкі ұлттық бірлік идеясы алаға /Алаша/ байланысты болуымен тікелей қатысты. 
“Ала” ұлттық, рулық, ағайындық бірліктің нышаны. 
Ірі ру – тайпалар арасындағы дау-жанжал бітімін тапса құрбандыққа мал шалады. 
Құрбандыққа шалынатын малдың қасқа болуы басты шарттардың бірі. Сол себепті не ақ қасқа, 
не көк қасқа деп айтылады. Құрбандық малдың “ақ (ақшыл)” түсті болуы да басты шартардың 
бірі болып табылады (ақсарыбас). Сойылған малдың бауыздау қанына екі жақ қолдарын малып, 
дұға оқыса бітім аяқталды деп есептеледі. Қолдарын құрбандық малдың қанына батыру, одан 
кейін қан болған қолдарын көкке көтеру ертеде – егер бұдан кейін уағда, ант бұзылса “көк 
соқсын” деген Тəңірге арналған дұғамен біткен. Кейінгі уақытта мұсылмандық тəртіп бойынша
Құран оқылып, ел тарқасады. 
Қазақ ішіндегі бітім-кесіммен бірге жүретін бір түсінік “салауат” деп аталады. Оның 
мағынасы ел арасындағы ағайындық шарттармен тікелей байланысты, егер дау “қарындасқа” 
бітсе, аяғы салауатқа жалғасады. Екі жақ та бұл жағдайда “өткенге салауат” айтып енді 
бұдан бұлай бұл істі қумайтын болады. “Қарындас” болып біту көбінесе дауласушы жақтардың 
бір-бірінен қыз алып, құда болып жарасуымен тікелей байланысты. Қазақ құн даулаған уақытта, 
ірі барымтаның кезінде, жер дауы, жесір дауының кезінде даудың соңын осылай “қарындас” 
болып аяқтағанды дұрыс көреді. Жеме - жемге келгенде ел басшылары “жан беру”, “ант 
беруден” қашып “қарындасты” оңай жол, елдің басын қосып, ынтымағын күшейтетін бітім деп 


біледі. 
Бітімге оңайшылыққа келмейтін дауларды қазақ “қасаң дау” деп атайды. Бұған байланысты Қаз 
дауысты Қазыбек би жас кезінде Əнет бабаңнан сұраған екен деп қазақ мынадай əңгіме айтады:
“Əнет баба заманында көп оқыған, Бұқарада он екі фəн ғылымын бітіріп келген адам екен. 
Қазыбектің жас кезі Əнет бабаңнан қазақтың ескі жолын, əрі шариғаттың тəртібін үйренейін 
деп əдейілеп келіп бір жаз қоныстас болыпты. Күзде еліне кетерде Бабаңмен қоштасып тұрып
мына сөзді сұрапты: 
- Баба! Дүниені не бұзады? Күнə неден шығады? 
Сонда бабаң ойланып отырып айтыпты: 
-Шырағым, “əкім” деген сөзде арапша үш əріп бар, соны екі рет айтсаң алты əріп (акм, акм). 
Сол алты əріп: əйел (айал) мен алтын, кек пен кежір, мақтан мен мансап. Адам осы алтауына 
қызығып дүниені де бұзады, ардан да, адамшылықтан да айрылады, күнəға да ұшырайды – депті.
-Айғақсыз, қасаң дауға неге бұрынғылар бір түйін шешім айтпаған?- деп Қазыбек Бабаңнан 
сұрағанда, Əнет бабаң: “Қазақ жолы – қанағат, ол да жолдан адаспас, қасаң дау емі – шариғат, 
бұған ешкім таласпас” деген екен”. 
Бұл өте маңызды анықтама. Ең алдымен қазақ жолының (құқық) тəртібінің негізгі мақсаты 
айқын көрініп тұр, ол жоғарыда айтылған “қарындас”, “салауат” ұғымдарымен тікелей 
байланысты “қанағат”. Қазақтың дауындағы басты мəселе тіпті біреуден бірдеме өндіріп алу
да емес, əділдік, ел ішінде өзінің адамшылығын, абыройын, азаматтығын сақтап қалу. Бұл 
жердегі басты мəселе намыс жолы. Ал қазақ дəстүріне болмаған уақытта шариғатқа жүгіну 
“Жеті жарғының” енгізген басты жаңалықтарының бірі. Қашанда туыстыққа, өз ара келісімге 
бастайтын қазақ жолына көнбеген уақытта əр ережесі нақты, белгілі бір материалдық, не 
жаза көлеміне сүйенген шариғат бітім құралы. 
Көшпелілердің өз арасындағы дауларда бітім хандарының, сұлтандарының, атақты би –
батырларының қатысуымен жасалады. Егер екі жақта бітімге келсе (жаугершілікті 
тоқтатуға, жесір (тұтқын) айырбастауға), онда құрбандыққа мал сояды. Мұндай жағдайда ірі 
мал, көбінесе жылқы сойылады, олардың ішінде ерекше айтылатыны “көк қасқа айғыр, қара бас 
қошқар” т.б. Екі жақ та қолдарын бауыздау қанға малып, көкке көтеріп бітімге келеді. Осындай 
бітімдер қазақ, қалмақ, қырғыз, башқұрт арасында ХҮІІІ ғасырда бірнеше рет болды. Мұндай 
бітімнен кейін екі жақтың да есебі, зияны болмауы керек. Бітім өткен іске кешірім жасап, жер 
дауы, құн дауы т.б. тоқтатады. 
Көшпелілердің ішінде егер бітім тең дəрежеде болмай, екі жақтың біреуі үстем болса, онда 
оның шарттары басқаша болады. Мəселен, егер бір жағы үстем, бір жағы бағынышты болатын 
болса жоғарыдағы сипатталған жағдайлардан басқа “аманат” ауысады. Ел аралық аманатты 
ел тыныштығының кепілі деп есептейді. Бағынышты жақ өзінің ішінен таңдамалы
адамдарының (ханы, сұлтаны, би - манаптары) жас отау тіккен балаларын ақ отауымен бірге
үстем жаққа тапсырады. Келісімнің шартына қарай ақ отаулардың саны бірнеше болуы да
мүмкін, біреу де болуы мүмкін. Мұндай салтты қазақ “ақ үйлі” деп атайды, өзге көрші түркі –
мұңғыл халықтары да “ақ үйлі” мағынасын қолданады. “Ақ үйліге”, яғни кепілдікке баратын
отбасы өзінің құлдары мен күңдерін, еншілеп алған малын, дүниесін бірге алады. Қарсы жақ сол 
мал-жанға, дүниеге кепілдік береді, аманшылығына. “Ақ үйлі” екі ортада соғысты, 
жаугершілікті тоқтататын үлкен саяси амал, одақтас табудың бір жолы. Осыған байланысты 
қазақта “аманат сақтау” деген бар, бұл сөз қазақтың аманатқа өте жауапты қарағандығын
көрсетеді. 
Жаугершілік уақытта көрші елдердің арасында жиі кездесетін салт-бітімнің бірі – серттесіп 


біту. Бұл ұрыс – жанжалды уақытша тоқтатуға қажетті амалдың бірі. Серттескенде екі жақ 
жалаң қылышты орталарына алып, кеудесін тигізіп құшақтасады (ел басшылары), немесе садақ 
оғын төбелеріне қояды, немесе қанжардың жүзін жалайды, немесе мылтықтың аузын жалайды 
т.б. Бұл таза жаугершілік дəстүрлер туғызған əскери бітімдердің шарттары ғана. Екі жақ та 
мұндайда мал сойып, оның қанына қолдарын малады, бірақ қаруды сертке пайдалану көбірек. 
Дұға есебінде “осы жылы туған жас бала сақалы шығып жат болмай, ат жалын тартып 
мінбей жаугершілікке шықпаймыз” деп айтады. Бұл дұға ант есебінде жүреді. 
Мұндай сертке, антқа қатысы бар адамдар сол елге қарсы жаугершілікке қайта шықпауға күш
салады. Егер уағдада тұрмаса “ант соғады” деп ырымдайды. 
Отырықшы халықтармен болатын бітім-кесімдер көбінесе қағаз арқылы, не мұсылман 
молдаларын араға салу арқылы жүрген (Ресей, Қытай, Парсы), олардың қағазға қойған қол-
таңбасы, мөрі қазақ ұғымында қолдарын қанға малып, қаруды құшақтап, ала жіпті кесіп 
жасаған бітімнен күшті емес. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет