8
Шулы нарық базарына ене алмастан ұят қалып,
Семiз Байлық шiренедi жер кiндiгi сияқтанып.
Ғасыр арсыз болған соң ба ұят, Намыс жүр киiмсiз,
Ал, Рухты жалаңаштау қоғам үшiн тым тиiмсiз.
Жалаң аяқ қалай жүрмек, жолда сансыз шеге жатыр.
Неге оған болыспайды қайсарсана, кемел ақыл.
Ағатай, сәл сақтаналық рухсыз күш неге батыл?
Баспен емес, қарынымен ойлайтын топ келе жатыр.
Арал қасiретi
Кемелер жүздiрген шағылтып желкенiн айға,
Тау толқын төсiнде кербелген ерке күн қайда?
Қайда сол дәуренiң тағдырдан күш-қуат сезген,
Шағала көктемiң дүркiреп ұшты ма көзден?
Сенемiн саған,
Тұрғанда аман
Адамдық күшi, ой күшi.
Аралым менiң,
Жанарым менiң,
Халқымның ұлы қайғысы.
Бұл өлке қалайша болады азап түнегi,
Ежелгi мұң-зарың аз ба едi, қазақтың елi?
Қайтемiн, Аралым, бүгiн де қалды сүлдерiң,
Төзiмi елiне ұқсаған көнбiсiм менiң.
Аралым, күн туды басыңа дүрбелең-керең,
Кiм ұшпақ шалды анау өзiңмен бiрге өлем деген.
Безбүйрек ғасырың қағады қанатын үнсiз,
Бiр жылда екi ұлын жоғалтқан ана тұр тiлсiз.
Бiздiң қазiргi белгiлi ақындарымыздың санатынан орнықты орын алған –
Оразақын Асқар десек өте орынды. Бұл кiсiнiң
өмiр тарихының өзi өзектi
өмiрдiң өксiгiн өзiнше жұтқызған жол салардай. Бiрақ өзi шет жұртта жүрсе
де, алдына мақсат қып қойған мүддесiне жаңылыспай қадам жасаған жөн.
Бұған әрине, өзiнiң оқи алмаған өкiнiшiн толықтыру үшiн әкесiнiң баласына
жасаған қамқорлығы,
жеткiзе айтсақ, бойындағы бар қуат-күшiн, бар ынта-
жiгерiн, ықыласын ұрпақ жолына
құрбан еткен еңбегi не тұрады, тек соған
лайық бала болып, сол әкенiң ықыласына орай талаптанып әрекет жасайтын
ұрпақ болса, онда ата-ана үмiтiнiң ақталғаны деп бiлу керек.
Бұл кiсiнiң үш томдық жыр жинағының бiрiншi томы – «Отан деп
оянғанда» деген атпен жарық көрген. Тұрмысында
өскен ортасы өзiн
сабырлылыққа тәрбиелесе де соған өзi бейiмделiп тәрбиеленсе де бұл
ақынның жырлары асып-тасқаннан гөрi өзiнiң
қоңыр желiсiнде көрiнетiн
қалпы сақталған.
Оның жырлары өз тағдырының жанына жара салған бар күрсiнiсiн әдемi
жырмен жұмсартып, балзаммен баптап сылап тастағандай Жан дүние әуеннiң
қулақ бұрауын берiк бекiтiп алғанына көзiмiз әбден жетедi. Яғни осы бiр
9
жол-жорғалық әуендi келе-келе қоңыр үнге
айналдырып, өз халқының қара
өлең
құдыретiнен нәр алдырып, төрге өрлеген ақын екендiгiнде сөз жоқ.
Олай болса, бiз өзi әр кезде кие тұтатынтуған әкесiне арнаған өлеңiне дес
берейiк.
Есейiп оралсаң да шалғайыңнан,
Еңкейтiп иiскейдi ол маңдайыңнан.
Ұйқыңнан қанша ерте оянсаң да,
Естисiң тыстан үнiн мал қайырған.
Тұнығын шайқасаң да оңды-солды,
Кешiргiш, мейiрiмдi, бөлек орны.
Көңiлi хош, дүниесi түгел оның
Қалқиып көз алдында жүрсең болды, - дейдi.
Ал ендi оның «Анама» деген өлеңiне назар аударайық.
Есейiп жiгiт болсам да,
Қоймайсың айналғаныңды.
Өзге үйге бiр күн қонсамда,
Айтасың сағынғаныңды.
Достарыңызбен бөлісу: