Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет8/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   84
qazrg adebi protsess

Есенғали Раушанов
Ақынның алғашқы жинағы «Бастау» 1980 жылы жарық көрдi. Өлеңi 
өзiнен ересектеу көрiнген 23 жастағы жiгiттiң жырлары қалыптасып үлгерген 
кәнiгi қалам иесiнiң мәнер нақышындай әсер қалдырды: 
Мен осынау жүрегiммен, жаныммен, 
Алау ыстық қаныммен –
Бойымдағы барыммен 
Ақ қаймағы бiр қасықтай фәнидiң
Табынамын күлкiсiне сәбидiң..! 
Жинақтағы балладалар мен ақынның эпика мен лиризмге қатар құлаш 
сермер қарымы барын байқатты. «Жыр дәптерiн оқытты далам маған» деп 
жырлаған ақынның албырт туындылары ұлттық бояуының қанықтығымен, 
көркемдiк құнарының молдығымен, бейнелi ойға бейiмдiгiмен ерекшеленедi. 
«Есенғали әдебиет табалдырығын бiрден ақын болып аттады» деген 
тұжырымның осы тектес ерекшелiктердi ескерiп айтылғаны күмәнсiз.
«Келiнтөбе» атты өлеңдер жинағы Е.Раушановтың өзiне тән дара ақындық 
қолтаңбасының қадыптасуы маңызды бiр белеске көтерiлгенiн аңдатты. 
Ақынның автопсихологиялық типтегi лирикалық қаһарманының «Перiште 
секiлдi едi назырқанса, аққудай айдынынан ұшып кеткен» тұп-тұнық келбетi 
жинақтың беташар өлеңiнде сомдалды: 
Көрсе де күндi, қиын жолды, 
Саудаға салмай өстi сүйiп жырды. 
Келтiрiп көз алдына қиын күндi
Өмiрде ол солай биiк жүрдi. 
 
Сол ақын, беу, Алматы, келдi саған
Ол бүгiн кереметтей сенгiш адам. 
Өмiрдi үйретiңдер оған ендi, 
Өмiрдi үйренiңдер ендi содан. 
Жинақтың негiзгi желiсi – ақынға етене таныс тақырып – ауыл өмiрi. 
Е.Раушанлв сомдаған ауыл адамдарының әрқайсысы өзiндiк бiтiм-
болмысымен, жарқыраған жан дүниесiмен, қайталанбас кескiн-кейпiмен, 
боямасыз мiнездерiмен бой көтердi. Ақын ауыл адамдары образынан шағын 
галерея жасаған. 
…Кемпiр отыр есiне алып бүгiн, 


16 
О дүниелiк боп кеткен жарықтығын. 
О дүниенiң мәнiсiн түсiне алмай, 
Немересi тұрады қағып күлiм. 
Болмысы мүлде бөлек екi адамның Жан сезiмдерi тұтасымен сыйып 
кеткен осы жолдарды оқығанда: 
«Төрт мұнара» секiлдi жаңғырыққан 
Төрт тармақ ай, бойына сыйған бәрi, -
Деген ақынның өз өлеңi еске түседi. «Ақын жасаған характерлердiң ар 
жағында көбiне көп мiнез тану емес, адам тану ниетi жатады». 
Е.Раушанов өлеңдерiндегi кейiптеу мен тұспалдаудың, жеңiл юмордың 
алғашқы әдемi үлгiлерi де «Келiнтөбеде» көрiнiс тапты: 
Қызық кеттi құсқа ерiп, 
Ұя қалды шатырда. 
«Кәрi құда» қыс келiп, 
Сынайтын күн жақын ба? 
…Қалтырайды құрағың 
Тап болдық деп не күнге. 
Келетiнi «құданың» 
Рас болды-ау, тегiнде. 
Есенғали ақын өлеңдерiнде ойлылықтың берiк орнағаны да осы 
«Келiнтөбеде» кезеңi. Құбылыс атаулыны қалт жiбермейтiн аңғарымпаз
сезгiр ақынның әр өлеңi терең ой мен тұнық сезiмдi жеткiзуге құрылды, әрбiр 
өлеңнiң ақырғы сөзi тың ойдың тосын шешiмi болып өрiлдi: 
Бүгiнi мынау (өткенiн көргем 
Жағалай жалпақ ел қонған). 
Көлшiк боп көпке жек көрiнгеннен, 
Құрғап тынғаны жөн болған! 
1991 жылы ақынның «Ғайша бибi» атты жыр жинағы жарық көрдi. 
Бұдан кейiн әр жылдарда «Қара бауыр қасқалдақ»(1995), «Перiштелер мен 
құстар»(2005), «Бозаңға бiткен боз жусан»(2006) секiлдi жинақтары жарық 
көрдi. Жазғаны көп болғанымен, жарияланғаны аз жауапкершiлiктi ақынның 
аталмыш жинақтары «Жаңа дәптерден» алынған жырларымен ерекшеленедi.
Ақын шығармашылығына тұтастай шолу жасар болсақ, оның 
өлеңдерiнен поэзия әлемiне тән көркемдiк қолданыстардың аста-төк мол 
мысалын, айрықша бiтiмдi бiрегей үлгiлерiн кездестiре аламыз. Балама сөзге 
бай туған тiлiмiздiң табиғатына сәйкес Есенғали ақын шығармашылығында 
ең жиi қолданылған бейнелеу құралы – айқындай (эпитет) шалыс мiнез 
тарпаң ай, сәруар күн, мiскiн бақ, ақ тонды аспан, тұл әлем, тарпан жылдар, 
арлан жел, әпендi бұлт, ару Кент, жез тырнақты дүние, байсын қыр, ай тұлға, 
нарбас тау, тұман қайғы, үрзада дүние, ерке тамыз, iңкәр қала, сары шаш күз, 
бала бұлт, үкiлi әлем, бұла самал, жалаң аяқ, жалаң бас еркелiк, ақ тамақ 
жаңбыр, өлеңшi өңiр. 
Алмастыруды (метонимия) қолдануда ақынның өзiндiк әдiстерi бар: 
«Жағалай көлбеп жатқан жасыл шапан», «Таласса екi сақал бiр шапанға», 


17 
«Бөрiктер төмен қарап салбырадя» секiлдi ауыстырулармен өрнектелген 
өлеңдердiң астарында әдетте әжуа басым келедi.
Қазақ поэзиясында Есенғали Раушанов шығармашылығы арңа белеске 
көтерiлген көркемдiк құралдардың бiрi – кейiптеу. Есенғали ақын поэзиясын 
зерттеген әдебиеттанушылардың басым бөлiгi кейiптеудi негiзгi нысанға 
айналдырады. Табиғатқа жан бiтiру, желмен жел боп, сумен су боп сырласу, 
солардың тынысымен өмiр сүру, адам тiлiмен айта алмаған сырлы жапырақ 
сыбдырымен жеткiзу және ең бастысы, оны өлеңге айналдыру екi ақынның 
бiрiнiң еншiсiне бұйыра бермейтiн сезгiрлiктi талап етедi.
Танымдық тұрғыдан алғанда бейнедеу құралдарының iшiндегi табиғаты 
ерек құбылыс-кейiптеу табиғатты тiнi жан ретiнде қабылданған көне 
дәуiрлiк түсiнiктен тамыр тартады. Тәңiршiлiдiкке тән осы ұғымның 
ұлтымыздың түпсанасындаберiк орнығуы ұлттық сана-сезiмi терең 
қаламгерлерiмiздiң ұлттық бояуы қанық туындыларында кейiптеудiң көп
орын алуына әсер еттi деуге негiз бар. Зерттеумiзге арқау болып отырған 
шығармашылық иесiнiң кейiптеуге толы қолданыстары жоғарыдағы бiрқатар 
мысалдарда кездестi. «Қыс келiп тұр ақ жаулық сап қайыңға», Қалбалақтап 
барып-барып соқыр қар Шалшық суға құлап жатыр далада», «Дене дел-сал, 
қысқа шаш ұйпа-тұйпа, Мұңды қайың көз жасын көлдетедi», «ауық-ауық 
аулақта жел үредi, Қалың жақта адасып қалып кеткен», «Бiр күнi қыс та 
жетер деймiн iштей, Жабысып өркешiне қылайғайдың» секiлдi кейiптеу 
үлгiлерi қазақ поэзиясына Есенгали ақыннын дара колданбасы ретiнде өнерi 
анық. 
Кейiптеумен табиғатты туыс тағы бiр көркемдiк құрал-егiздеу ақын 
шығармашылығында елеулi орын алады. Бiр ерекшелiгi, автор
колданысында егiздеудiң ауқымды уақыт пен кеңiстiктi қамтитын 
мазмұндық қабаты терең күрделi түрлерi орың анған: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет