Кафедрасы



Pdf көрінісі
бет2/37
Дата14.12.2022
өлшемі0.93 Mb.
#467275
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
ТӘЖІРИБ.САБАҚ.ВМ.КаззБаз. (1)

ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
«Ветеринариялық микробиология және вирусология» пәнінің 
«Вирусология» болімінде вирустардың морфологиясы мен 
физиологиясын, олардың әртүрлі физикалық және биологиялық 
әсерлерге төзімділігін, генетикасын және сыртқы ортада таралуын, 
инфекциялық аурулардың шығуы мен таралуын, ағзалардың 
инфекциялық 
ауруларға 
төзімділігін 
(иммунитет), 
ауру 
қоздырушыларының биологиялық касиеттерін, инфекциялық 
ауруларды зертханалық балау әдістерін, оларды емдеу және алдын 
алу үшін колданылатын препараттарды зерттейді. 
Ветеринариялық факультеттің студенттері «Ветеринариялық 
микробиология және вирусология» пәнінің «Вирусология» болімін 
оқу барысында келесі теориялық білім алады: вирустардың 
физикалық құрлысы және химиялық құрамы. Вирустық белоктар 
мен вирустық геномдардың құрылымдық әртүрлілігін, вирустардың 
негізгі жасушамен әрекеттесу стратегиясын және олардың нуклеин 
қышқылының көбею механизмдерін түсіну. Студенттер, жануарлар 
мен адамдар үшін патогенді вирустардың әртүрлі топтарының 
өкілдерімен, олар тудыратын аурулардың шығуы мен таралуы, 
иммунитеттің пайда болу және алдын алудың заманауи әдістерімен
вирусқа қарсы терапия және вирустық инфекциялардың 
зертханалық диагностикасы жөнінде теориялық білім алады.
Мамандықты шыңдауға жетілдіруге байланысты студенттер 
осы пәнді оқу кезінде өздерінің алған білімдері мен үйренген 
әдістерін пайдаланатын және казіргі кездегі
вирусологиялық 
зерттеу әдістерін колдана отырып, инфекциялық аурулар 
қоздырушыларын бөліп алып, олардың түрлерін анықтап таба 
алатын болуы керек. 
Ветеринариялық медицина мамандықтарын дайындайтын 
жоғары оқу орындарындағы «Ветеринариялық микробиология және 
вирусология» пәнінің «Вирусология» бөлімін меңгергеннен кейін 
студент: 
Білуі қажет –жалпы ветеринариялық вирусология курсын, 
инфекцияны, иммунитетті, вирустардың генетикасын; вирустардың 
жануарлардың инфекциялық патологиясындағы ролі; инфекциялық 
ауруларды, вирусологиялық, серологиялық және эспресс балау 
негізін білуі керек. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет