Кафедрасы



Pdf көрінісі
бет4/37
Дата14.12.2022
өлшемі0.93 Mb.
#467275
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
ТӘЖІРИБ.САБАҚ.ВМ.КаззБаз. (1)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



№1 сабақ 
Тақырыбы: 
Вирустық 
аурулардың 
зертханалық 
диагностикасының үрдістері 
 
Мақсаты: Вирустық ауруларға балау қою үшін алдымен 
балаудың әдістерімен танысу. 
Кілтті сөздер: балау, вирус, индикация, идентификация, 
серологиялық реакция, эпизоотология, клиника, жедел тәсіл
микроскоп, ДНҚ-зонд. 
 Сұрақтар: 1. Зертханалық зертеулердің негізі. 
2. Балаудың алдын-алу әдістері. 
3. Вирустардың индикациясы қайда жүргізіледі? 
4. Вирустың идентификациясы қандай әдістермен 
іске асады? 
5. Серологиялық реакцияларда нені анықтайды? 
6. Ретроспективтік балауда не тексереді? 
Вирус туғызатын аурулар малда көп кездеседі және бұл 
аурулар мал шаруашылықтарына өте көп зиян тигізеді, көп шығын 
әкеледі. Сондықтан да ауруды уақытында байқап, тез және дұрыс 
диагноз қоюдың маңызы өте зор. Диагноз қойғанда мына 
мәліметтерге қараймыз: індеттік жағдайға, клиникалық белгілеріне, 
паталогоанатомиялық өзгерістеріне, зертханалық зерттеулерге. 
Вирустық індеттер әр түрлі болып кездеседі. Кейбір 
аурулардың клиникалық белгілірі өте анық болса, кейбірі 
жасырынды түрде кездеседі. Аурулар жіті, өте жіті, жасырын, 
созылмалы түрлерінде өтеді. 
Сондықтан, вирустық ауруларға диагноз қою үшін, біз 
клиникалық белгілеріне сүйене отырып тағы да басқа мәліметтерді 
ескереміз. Себебі бір ғана клиникалық белгілері толық мәлімет бере 
алмайды. Қазіргі уақытта, көп вирустық аурулар өз клиникалық 
белгілеріне сәйкес бола бермейді, осы себептен індеттанулық 
мәліметтерге өте көп мән береміз.
Ол үшін жергілікті жердегі кездесетін ауруларды, вирустардың 
экологиялық тұғырын ескерген жөн; 
- ауруды анықтау мал түріне де байланысты. Себебі, көптеген 
вирустар малдын белгілі бір түрін ғана ауыртады. Мысалы: 



Аусылмен тек жұптұяқтылар ауырады, Нъюкаслмен тек құстар 
ауырады; 
- малдын жасына да байланысты. Мысалы: ротовирустық ауру 
жас төлдерде кездеседі; 
- малдын жынысы, физиологиялық жағдайына да мән берген 
жөн. 
Сойған малда патологиялық-анатомиялық өзгерістер орын 
алған болса, ауруды анықтау оңай. Мысалы: еуропалық обамен 
аурған шошқалардың кейбірінде дене мүшелерінде қан құйылғаны 
байқалады. 
Алайда, көптеген вирустық ауруларға айқын диагнозды тек 
зертханалық зерттеулердің арқасында қоюға болады.. Зертханалық 
зерттеулер мынандай жағдайларда ауруды дұрыс анықтауға 
көмектеседі: клиникалық белгілері бірнеше аурудың клиникасына 
ұқсас 
болған 
жағдайда, 
індеттік 
мәліметтері 
және 
патологоанатомиялық өзгерістері ұқсас болғанда. 
Ескеретін жағдай, зертханаға жіберілетін материалдын дұрыс 
алынуы (ауырған немесе өлген малдан), оның дұрыс жеткізілуі 
диагноздың дұрыс қойылуына әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет