332
Секунд сайын у жаюға жан келмек.
Ертеңгі ӛлік бүгін құрбан іздейді,
Біреу ӛлмей бар ма біреу күн кӛрмек?
…Аспан алыс, жердің түбі терең ғой,
Амалсыздан ыза боп жас тӛгем ғой.
Ӛмір – бүгін, бүгін соны білмесем,
Ертеңгі күн арманда боп ӛлем ғой.
…Әлденеден күдерімді үзбеймін,
Неменеден, неге екенін білмеймін.
Адам білсе, біледі де сӛгеді,
Ыза болып оңаша жер іздеймін,
“Хордың қызы” жігіт жанын түсініп, ӛзімен бақытты боларына сенім
білдірген емереуін танытады. Сӛзіне сенген жігітке ӛз шартын қояды:
Мен не десем, тіл қайырмай кӛнесің,
Тек мені біл, басқалардан безесің.
Кем-қор жаннан маған жанды жуытпай,
Жанасқанды тұншықтырып езесің.
Тӛсек деп біл сондайлардың денесін,
Қорегіңе қанын сорып емесің,
“Әділдік” пен “қуаныш” деп қарамай,
Адал, арам – талғамай жей бересің.
Әрине лирикалық кейіпкер бұл шартты қабылдамайды.
Жауынгер боп жердің жүзін қан қылып,
Бай, патша боп, ӛзімдейді зар қылып,
Сырыңды айт деп табиғатты бүлдірсем,
Не ғылайын атақ алып ғалым боп?!
Ол ӛмірден қызық кӛріп не етейін.
Ол қызықпен қай арманға жетейін?!
Тіліңді алып, дегеніңе кӛнгенше,
Ӛмірімше жар сүймей-ақ ӛтейін.
Қызық! Бір қарағанда түс, қиял сияқты бірдеңе. Кӛп зерттеушілер
шынында да солай қабылдады. Мысалы: К.Шаменов шығарманы баллада дей
отырып, былай деп бағалайды.
“Бұл балладаның негізгі идеялық арқауы – ғылымды меңгеріп, дүниенің
сырын
білуге ұмтылған, шын бақыт осында деп ұққан жас талапкердің іс-
әрекеті
арқылы
күшпен
бақытты
болып
жүргендерді,
соның
тӛңірегіндегілерді әшкерелеу. Бұрынғы заманның бақыты – зорлық-
зомбылықтың салдары, оны қостаушылар – жын-шайтан дейді автор. Сӛйтіп,
ол езілген еңбекшілерге пайдасы жоқ жалған бақтан безеді де, жалпы
халықтық бақытты аңсайды. Бұл – үлкен суреткердің ежелден суреттеп келе
333
жатқан гуманистік идеясы еді. Б.Күлеев оны ӛзінше жаңа лебізбен жырлап
бере алған”
89
.
Алдымен, шығарманың
жанрлық ерекшелігіне келсек, ол сюжет желісі
жағынан лирикалық поэмаға ұқсас, бірақ оқиға дамуы мен суреттеу
нақысына, автордың лиро-психологиялық шегіністеріне қарағанда, балладаға
жақындау екені рас. Бірақ кӛркемдік белгілері оны неғұрлым поэмаға
жақындата түседі. Бірақ зерттеушілер бір нәрсеге назар аудармаған секілді.
Ол – поэманың жазылу жылы. 1922 жылы Бернияз үш поэманы бір айдың
ішінде жазып тастайды. Неткен асығыстық. Неге асықты?..
Ақынды
асықтырған ішкі жан толқынысы еді. Тіптен оны ӛлімге жетелеген махаббат
емес, осы ішкі жан толқыныс па деген ойға қаласың. Ӛйткені ол ӛз ӛмірінің
мақсаты санаған, арман еткен ұлттық бостандыққа, ел еркіндігіне қол жеткізе
алмады. Күткен бағы “Хор қызы” сорға айналды. “Қызыл тілі кісендеулі”
Мағжанның күйін жанымен ұқты, жүрегімен сезінді.
“Гүл” деп санағаны “күл” болып шыққан ақын жанының шарқ ұруы –
нанымды нәрсе. Қызылдың әкелген кесапатының сырын ұққан Бернияз ашық
айта алмасын біліп, қиял мен пернелеуді араластыра отырып, шын сырын
жайды. Ащы зарын тӛкті. Ахмет, Міржақып, Мағжандай талай сыннан, талай
тағдыр талқысынан ӛтпеген, ӛзегін ӛкініш ӛртеген ӛрім жас суарылмаған шар
болаттай шарт сынды. Бірақ айтарын айтып кетті, алдамшы ӛмірге налып
кетті.
Б.Күлеев поэмалары – сюжетсіз лирикалық толғаныс.
Мұнда ақынның
шағын жанрға сидыруға келмейтін ағыл-тегіл сезімі, биік те ӛршіл рухы біте
қайнасып жатыр. Шындықты кӛркемдікпен ӛрнектеу, дүниені санамен
түйсіну арқылы ақын символдық бейнелеу мен нәзік лиризмді ұштастыра
отырып, кесек сипаттағы, күрделі туындылар жасаған.
Ендеше Бернияз Күлеев поэмалары - сыршылдық пен ойшылдық қат-қабат
келетін, кӛркемдік қуаты келісті, қазақ поэзиясындағы эпикалық туындылар
ортасынан орнын ойып алатын құнды дүниелер.
Қорыта айтқанда, Бернияз Күлеев – шын
мәнінде халықтық әдебиеттің
алтын қазынасын аршып алып, ұлттық дәстүрдің озығын ӛлеңіне ӛзек еткен
ақын. “Абай – ақылдың ақыны, Мағжан – ақынның ақыны” деген Сәбит
Мұқановтың қанатты сӛзі Берниязға да дәл келеді. Иә, Бернияз – ақынның
ақыны. Оның поэзиясында сыр да жетерлік, сезім де жетерлік. Ол – осы
екеуін тоғыстыра отырып,
адамның жан құбылысын ашып, кӛзге кӛрінбес
кӛңілмен сезер, кӛкірекпен кӛрер сурет жасай алған суреткер. Сӛзден сұлу
ӛрнек ӛрген ақынның қазақ әдебиеті тӛрінен мәңгілік орын алары еш талас
туғызбайды. Оның сұлу поэзиясы бүгінгі оқырман кӛкейінде жатталып, ұлт
сӛз ӛнерінің асыл қазынасына қомақты үлес болып қосылып, ғасырлар
мұрасына айналып, ұрпақ жадында жаңғырып тұрар жәдігер болып қала
береді.
89
Шәменов К. Бернияз Күлеев ⁄ ⁄ Қазақ әдебиетінің тарихы. II том. II кітап. – Алматы, 1965. - 441 б.