Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет91/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   133
Байқасақ, жезде, 
Бауыздар кезде, 
Үн шығу бар емес пе? 
Үндемей ӛлсек, 
Сүйекпен кӛмсек, 
Кейінгілер демес пе?! 
Лақ құрлы бақырмай, 
Ӛлген екен апырым-ай! 
 


246 
Ахмет 
Байтұрсынов 
қазақ 
әдебиетінде 
азатшылдық 
дәстүрді 
бастаушылардың бірі еді. Қай әдебиеттің тарихында болмасын ағартушылар, 
ағартушы-демократтар, ұлт-азатшылдар кезеңі және олардың ірі-ірі ӛкілдері 
болған. Бұл сипат қазақ әдебиеті тарихына да тән болса, онда ұлт-
азатшылдық кезең Ахметтен басталары анық. Ендеше, Сәкен Сейфуллиннің 
тарихи шындықты тап басып айтқан пікірі, яғни “қорлыққа шыдап, күйікке 
күйіп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын 
жақтаған патша заманында жалғыз Ахмет еді” дегені кӛп нәрсені аңғартып, 
түнекте жанған шамшырақтай тарих тереңіне жетелейді. 
Ақынның азаматтық поэзиясынан оның ӛмірлік ӛзгерістерге белсенді 
қатынасы кӛрініс беріп, қоғамдық қайраткерлігін айқындай түседі. 
Поэзияның саяси-әлеуметтік мәнін арттыра түсуге, жетілдіре түсуге тырысуы 
– содан. Әсіресе “Қа… қаласына”, “Жұртыма”, “Ақын ініме”, “Жауап хаттан” 
тәрізді ӛлеңдері оның қоғамдық қайраткерлік бағдарламасын мейлінше аша 
түседі. Оларда жеке басқа қатысты күйініші-сүйініштен, қасірет-қайғыдан 
кӛрі халық қамын жеген азаматтық поэзиясының халықтық сипаты басым 
жатады. 
Саяси күрес жолындағы бағыты саралана түскен тұста Ахаң “Анама хат” 
деген ӛлеңін шығарады. 1909 жылы жазылған “Анама хат” – ақынның жүрек 
түкпірін жарып шыққан, жан дүниесін терең ашатын сыршылдыққа толы, 
сезімге бай ӛлең. Ол ана алдында ӛзінің жан сырын, ата ұлынан халық ұлына 
кӛтерілуді кӛздеген мақсатын жайып салады. 
Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп, 
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам… 
Адамнан туып, адам ісін етпей, 
Ұялмай не бетіммен кӛрге барам?! 
Ақын ұстанған бағытынан айнымайтындығын, адамдық арды аттап кете 
алмайтынын, мақсатқа жету жолында ӛмірдің күйкі тірлігі түкке 
тұрмайтынын ӛршіл леппен жеткізеді: 
Тайпалған талай жорға, талай тұлпар, 
Тағдырдың кез болып тұр кермесіне. 
Солардан жаным-тәнім ардақты емес, 
Орынсыз күйзелейін мен несіне?! 
 
“Жауап хаттан” атты ӛлеңінде елдің бетке ұстар азаматтарын бірлікке 
шақырып, күреске үндеген Ахмет мұраты – бостандықты, азаттықты аңсаған 
әлемнің алдыңғы қатарлы прогресшіл үнімен ұштасып жатады. Мұнда Ахаң: 


247 
Мен бұқтым – жаттым, 
Сен бұқтың – жаттың. 
Кім істемек қызмет?! 
Ауызбен айтып, 
Істерге қайтып. 
Жоламасақ не міндет? – 
деп, 
халқының 
кӛкейкесті 
арманын 
жырлауда 
ештеңеден 
тайсалмайтындығын, ақ жол нұсқаудан шаршамайтынын айтады. 
Осы тұрғыдан алғанда, ақынның күрес жолын айқындауда “Н.Қ. ханымға” 
арнау ӛлеңі ерекше орын алады. Бұл – ӛмірлік мұраттарды образды 
бейнелеуімен, кӛркемділігімен ерекшеленетін, Ахаңның бостандық сүйгіш 
болмысын танытатын ӛзгеше ӛлең. Ӛлең қазақ әйелдерінен шыққан тұңғыш 
журналист, педагог-ғалым, әрі жазушы, аудармашы Нәзипа Құлжановаға 
арналған.
А.Байтұрсыновтың Нәзипаға ӛлең арнауы, оның кітабына алғысӛз жазуы – 
жас талантты бағалап, үлкен үміт артқандығының белгісі. “Н.Қ. ханымға” 
ӛлеңі тек Нәзипаға емес, жалпы үміт күткен кейінгі жас толқынға, ойы 
ӛзектес ізбасарларына, халық үшін туған ұл-қыздарға арналған. Ақын: 
Рахатсыз ӛтсе де ӛмір жасым, 
Бұл жӛнімнен құдайым айырмасын. 
Ұзақ жолдан ниет қып бір шыққан соң


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет