247
ие болуы мүмкін. Мұндай дау-дамай кез келген ұйымның дамуы
үшін қажетті болып табылады. Мұндай
дау-дамайлар көбінесе
ұжым алдында тұрған міндеттер мен оларды шешетін ескірген
ұйымдастыру формалары арасындағы сәйкессіздік түрінде бай-
қалады. Олардың субъектілері ретінде қызметкерлер тобы да,
жекелеген тұлғалар да; жұмысшылар немесе қызметшілер, сон-
дай-ақ әкімшілік өкілдері де болуы мүмкін. Дау-дамайды жеңу
бойынша қабылданған шаралар ұйым құрылымын жетілдіруге,
оған тиісті сапаны беруге мүмкіндік туғызады.
Жекешелендіру процесінің даму жағдайына қарай кәсіпорын-
дар нарықтық экономикаға тән ұйымдастыру-құқықтық формалар-
ға (унитарлы кәсіпорындар,
коммандиттік серіктестіктер, акцио-
нерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және
т.с.с.) қайта түрленуде.
Бұл ұйымдардың кез келгені оның жұмысын қамтамасыз ететін
және басқа кәсіпорындармен, мемлекеттік органдармен және аза-
маттармен қарым-қатынасын көрсететін, оны басқару үшін қа-
жетті органдар құрады.
Сонымен, акционерлік қоғамда шаруашылықты жүргізу, бұй-
рық беру және меншікті пайдалану
құқығына төраға басшылық
ететін басқарма ие (ол бас директор, орындаушы директор, пре-
зидент болуы мүмкін). Мұнда басқарма мен акционерлік қоғам
директорларының кеңесінің өкілеттілігі мен мүдделері тоғысқан-
да қарама-қайшылықтар орын алуы мүмкін. Жеткілікті, айқын
қарама-қайшылықтар мен дау-дамайлар туындатуы мүмкін.
Мұндай дау-дамайдың себептері ретінде мыналар болуы мүм-
кін:
− директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің
жоғары
тұрған органның басқару стилі мен әдісін бағалау кезіндегі қай-
шылықтар;
− директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің өндіріс ішін-
дегі іс-әрекет мәселелері бойынша келіспеушілік жағдайлар;
− цехтар, бөлімшелер, қызметтер басшылары мен басқарма
м
Достарыңызбен бөлісу: