Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


 Ақынның азаматтық жырлары



Pdf көрінісі
бет94/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

10.2 Ақынның азаматтық жырлары
Міржақып Дулатовтың шығармашылығының тырнақалдысы 
“Оян, қазақ!” атты өлеңдер жинағы болып табылады. Осы алғашқы 
жинағының өзінен-ақ автордың мақсаты мен беталысы айқын 
аңғарылады. Кітапқа эпиграф ретінде берілген төрт жол өлеңге 
қаншалықты мəн-мағына сыйып кеткен десеңізші!.. Сол тұстағы 
қазақ халқын құрсап алған төрт қасірет түгел көзалдыңызға келіп, 
тұмшаланған сананы серпілтіп жіберердей.
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым енді жату жарамасты.
Осы төрт жолдан ақынның бүкіл тыныс-тіршілігінің болмы-
сы танылғандай. Елі əлгіндей күйде болғанда, ақын жүрегі қалай 
тебіренбей тұра алсын. Елін өлеңмен оятуға ұмтылған ақын 
негізгі түйінді мəселелерді нақты айқындап, назар салар тұсты дəл 
меңзейді. Осы төрт қасіреттен туындайтын зар-мұң бүкіл жинақтың 
өнбойына өзек болуы да сондықтан.
Кітаптағы “Сөз басында” М. Дулатов былай дейді: “Дүниеге 
қатынасып жүрген оқыған азаматтарымыз болмаса, біздің ғумуми 
қазақ халқы пайдалы нəрселерден бейхабар еді. Себебі: дария 


285 
қасындағы тамшы секілді, оқығандарымыз аздығынан халқымыз 
шаһар ретінше емес, көшпелі əр жерде бытырап жүргендіктен, за-
ман ахуалынан хабар білерлік оқуға өз тілімізде газет жоқтықтан
татар туғандарымыздың əдеби тіліменен жазылған газеттері оқу 
оқымаған халыққа түсініксіздігінен дүниеде болып жатқан ғажайып 
уақиғалардан хабардар бола алмай, біздің халық дүние сарайының 
бір қараңғы түкпірінде ұйықтап, ұмыт қалған секілді болып тұр. 
Сөйтіп, заманымыз күн сайын түрленіп келеді, мұнан бұрын өткен он 
бес жылменен бүгінгі халқымызды салыстырсаңыз да аз уақытта көп 
таршылықта қалған секілдіміз. Əлі де болса бұрынғыдай қозғалмай, 
ғафілдікте жата берсек, енді аз заманда нешік болмақшымыз?
Қой, бүйтпелік əр халықтың күші өнер болса, ол өнерге… 
қазақтар да ортақ болса керек, соның үшін мұсылманша ғылымдар 
оқып… надандардың көзін қойып, көңілін ашып мұнымен ахиреттік 
пайдамызды табалық! Екінші – дүниемізде қажетті хақыларымызды 
алып, жерімізді, малымызды сақтау үшін, басқалардан қорлық 
көрмес үшін орысша оқып, өнерлі болайық!
Орысша білмегендіктің зарарын, білу парыз дəрежесінде қажет 
екендігін міне, мұнан байқаңыз: Россия мемлекетінде жүз қырық 
милионнан артық халық бар, һəммəсі жүз тоғыз тілмен сөйлейді, 
соның ішінде үстем тіл орыс тілі күллі хикмет махкамаларындағы 
жұмыстар орыс тілінде болады, закондар һəм солайшы.
Əркім өз қолында барынша жомарт болғаны секілді, мен де өз 
мағлұматымша бишара халқымызға пайда келтірмек мақсатымен 
осы кітапты жаздым”.
Міржақып “Оян, қазақты” жазғандағы мақсатын қарапайым 
қазақ оқырманына осылайша түсіндіріп, бар мақсатын алдына жай-
ып салады. Абай мақсаты оның жүрегінен берік орын тепкенін осы 
“Сөз басынан” тап басып танимыз. Қос ақындағы ортақ мақсат 
“Наданның көзін қойып, көңлін ашпақ”. Ұлы арман соған жетер 
жолды дұрыс таңдауға тығыз байланысты емес пе?! Ендеше өзге 
озық елдерден өнер, ғылым, үйрену, өз тіліңмен қатар саясаты 
үстем жұрттың тілінде меңгеріп, безбен басын теңгергеннен ұлтың 
ұтпаса, ұтылмасы хаһ. Міне ақынның өзекжарды “Сөз басы” осыны 
меңзейді, осыған жөн сілтейді.
Ақынның өзіне қояр талабы да зор. Отаршылдық торына 
шырмалған ұлтын ұлан жолға салу үшін, алдымен өз бағаңды 
бағалай білу қажет. Адасқан сорлы жұртты жарға итермей, жарыққа 
шығар сəулені көрсету үшін өз бойыңда нұрлы сəуленің шуағы мол 


286
болғаны жөн. Міне, ақын осыны ұғынған, ұғынып ғана қоймай өзгеге 
жеткізе де білген. Сондықтан да оның əрбір өлең жолынан азатшыл 
рух, азаматтық сарын өзгеше леппен есіп отырады. Уақыттың та-
лабына тəн ұраншылдық басым болғанмен, ол – құрғақ айқай емес, 
жүрегін езген қасіреттің ашынған үні. Ақынның жалпақ жұрттан 
бұрын алдымен өзін-өзі қамшылауы осыдан туындап жатса керекті.
“Оян, қазақтың” беташар өлеңі “Қазақ халқының бұрынғы һəм 
бұ күнгі халы” деп аталады. Өлең былай басталады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет