Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет95/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Міржақып неге отырсың қалам тартпай,
Бəйге алмас болғанменен жүйрік шаппай.
Шамаңды қадари хал көрсетсеңші,
Байғұс-ау, оянсаңшы қарап жатпай.
Тұманға кірді қалың біздің қазақ,
Арты жар, алды тұйық бұл не ғажап.
Адасқан ағайынға басшы болып,
Ішінде жол көрсетер адам аз-ақ…
Жоғарғы ойлардың түйінінде, дəлелінде осыдан тапқандаймыз. 
Қазаққа “Жол көрсетер адам азда” ақын “Бой тежеп, жүрексінуді” 
өзіне мін көреді. Сөйтіп “Артықтан тағылым алып, кемге үйретуді” 
адамдық парыз деп біледі.
“Таршылық халымыз хақында аз мінажат”, – деген ұзақ өлеңінде 
бұратана халықтардың түрмесі болған патшалы Ресейдің тепкісінде 
тұншыққан ұлтының аянышты, ауыр халінің шынайы шындығын 
ашып, нанымды суреттеп, азаматтық армен жырлайды. Болашақ ба-
рар жолдың негізгі тірегі ел бірлігі екендігін баса айтып, ұлтының 
ұйымшылдығын қалайды:
Бірлік жоқ алты ауызды халықпыз ғой,
Қатардан сол себепті қалыппыз ғой,
Ғылым мен мағрифатты керек қылмай,
Надандық шəрбатына қаныппыз ғой…
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының алдын-
да шешімін күтіп тұрған басты мəселенің бірі жер мəселесі 
болғаны белгілі. Патша өкіметі ішкі Ресейден көшіп келген қара 
шекпенділерге қазақ даласындағы шұрайлы жерлерді бөліп, 
жергілікті халыққа тау мен тасты, шөлді аймақтарды қалдырды. 
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан елдің экономикалық 
жағдайына көп нұқсан келді.


287 
Мың жеті жүз отыз бір санасында,
Біз кірдік Ресейдің панасына.
Өнерсіз бостығымыз көрінген соң,
Қызықпас кім қазақтың даласына.
Жылында мың сегіз жүз алпыс сегіз
Қазыналық деді жердің һəммесін де,
Тарылып жылдан-жылға жер-суымыз,
Мұжықтың кетті бəрі қаласына…
“Қазақ жерлері” өлеңінде осылайша жырлай келіп, ақын елдің 
сөзін ұстап, билік басында тұрған ақсақалдарға, ұлтының қамын 
ойлаған зиялы азаматтарға, бұл жағдайды көріп-біле тура қол 
қусырып отыру жөн емес деп, дер кезінде қимылдамасақ, болашақ 
алдында борыш өтелмей қаларын еске салады.
Қадірман халық билеген ақсақалдар,
Бұл іске фəһім назар саласың ба?
Темірді қызуында соқпай қалып,
Нəсіліңнің көз жасына қаласың ба?
Ақын ең алдымен бұратана болудың негізіне ой жібере оты-
рып, ел-жұртына оның кесір-кесапатын ұқтыруды мақсат тұтады. 
Қарапайым халыққа ғана емес, ел ағаларына ой түрткі етеді. Ұрпақ 
алдындағы борыш кімге болса да оңай тимесі белгілі. Ақын ой-
өрісі құлқынын ойлаудан аспағандарды қатты сынға алады. Бұндай 
сəттердегі Міржақыптың отты сөздері мірдің оғындай тиеді.
Қызығып қызарғанға кеткендер көп,
Шен алып, дəрежеге жеткендей боп.
Ойлады өз пайдасын халықты сатып,
Қазақты еш керексіз еткендей боп.
Шен алып, шекпен кигеніне мəз болғандар туған халқын сатып, 
көгеріп жатқаны ақын жанын қалай өртемесін. Өз ішінен шыққан 
озбырлар елін езген сыртқы жаудан бетер екені бесенеден белгілі. 
Ақынның оларға қатты шүйлігуі де сондықтан.
Батыра айтып, көзге шұқу өз жұртын жек көруден туған сезім 
емес, ел қамын жеген ақынның осал жерді айтып, қатты сөзбен 


288
жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа тез қадам бастыруды 
ойлаған қам-қаракеті.
Бұл жолда Міржақыптың басты сүйенер тірегі – өзі тектес, сөзі 
үндес зиялы қауым. Əлихандай, Ахметтей ағаларының “Ақ жолы-
на” сенім артып, үнемі оларды жоғары көтеріп отырады. Ақынның 
оларға деген ыстық ілтипаты мен сенімі “Өнерін халық пайдасына 
жұмсап жүрген оқығандарымызға” атты өлеңінен көрініс табады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет