Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


II БӚЛІМ. ТАСЫМАЛДАУ МЕН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРҒА



Pdf көрінісі
бет15/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

II БӚЛІМ. ТАСЫМАЛДАУ МЕН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРҒА 
АРНАЛҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҦРАЛДАР 
 
4-тарау. Жҥктердің, таралардың және қаптамаларының кӛліктік 
сипаттамалары және олардың техникалық қҧралдарды таңдау мен 
тасымалдау жағдайларына әсері 
 
4.1. Жҥктердің кӛліктік сипаттамалары 
 
Кез келген атаудағы жүктің ӛзіне ғана тән физикалық-химиялық қасиеттері, 
кӛлемдік-салмақтық сипаттамалары, қауіптілік дәрежесі болады, бұлар 
тасымалдаудың техникалық жағдайына әсер етеді. 
Тарасы мен қаптамасының параметрлерін қоса алғанда, жүктің ӛзіндік 
қасиеттері оның кӛліктік сипаттамасы ұғымын құрайды. Жүктің кӛліктік 
сипаттамасы оның тасымалдау, тиеу, сақтау режимдерін, сондай-ақ осы 
операцияларды атқаратын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды 
айқындайды. Тасымалдау жұмысын тиімді ұйымдастыру міндеттерін шешуде
атап айтқанда, жылжымалы құрамның түрін таңдауда, қоймаларды, жүктерді 
пакеттеу құралдарын ретке келтіруде және тиеу-түсіру жұмыстарын 
механикаландыруда, жүктерді тасымалдау жағдайын жасауда және т.с.с. кӛліктік 
сипаттамаларды пайдаланады. 
Тасымалданатын жүктің есебін алуда, сондай-ақ кейбір жүктерді вагондар 
мен контейнерлерге, қоймаларға жайғастыру міндеттерін шешуде сандық кӛліктік 
сипаттамалардың, 
атап 
айтқанда, 
кӛлемінің, 
кӛлемдік 
массасының, 
тығыздығының, кеуектілігінің, сұйық жүктің тығыздығы мен меншікті кӛлемінің, 
меншікті тиеу кӛлемінің, табиғи еңіс бұрышының, гранулометриялық құрамының 
маңызы зор. 
Жүк орындарының ұзындығын, енін, биіктігін, диаметрін, массасы мен 
кӛлемін білдіретін ӛлшемдері жылжымалы құрамның түрін, контейнерді таңдау 
оларға жүкті орналастыру үшін, вагондардың сыйымдылығы мен жүк 
кӛтерімділігін, тиеу-түсіру жұмыстарының ұтымды технологиясын дәлелдеу үшін 
қажет болады. 
Кӛлемдік масса (жүк бӛлшектерінің тығыздығы), т/м3, заттың кеуектілігін 
ескере отырып, кӛлем бірлігіндегі жүктің массасын кӛрсетеді. Темір жолда 
астықтың стандартты кӛлемдік массасы үшін натуралық масса деген термин 
қолданылады. 
Кеуектілік дегеніміз бос кеңістік кӛлемінің жүктің кӛлеміне қатынасы 
болып табылады.
Жүктің тығыздығы дегеніміз – бұл кӛлем бірлігіндегі біртекті заттың 
массасы. Текше метрге келетін килограмм мӛлшері тығыздық бірлігі болып 
табылады, бірақ ӛндірістік тәжірибеде текше метрге келетін тонна (т/м3) ӛлшемі 
жиі қолданылады.
Меншікті кӛлем дегеніміз – бұл жүк массасы бірлігінің кӛлемі (м3/т). 
Меншікті тиеу кӛлемі орта есеппен алғанда 1 т жүк жылжымалы құрамның 


20 
қандай кӛлемін алатынын кӛрсетеді. Бұл 1 т жүктің вагонда, контейнерде алатын 
кӛлемі болып шығады. 
Табиғи еңістік бұрышы дегеніміз – бұл жүк қатарының түбі мен тік 
жазықтығы арасындағы бұрыш. Ол жүктің тегі мен кондициялық күйіне 
байланысты. Ылғалдылықтың артуына қарай табиғи еңістік бұрышы да ӛсе түседі. 
Гранулометриялық құрам жүктің әртүрлі фракцияларының бӛлшектерге 
(кесектерге) келетін мӛлшерін кӛрсетеді, ол үйілген және ақтарылатын жүктерді 
тиеп-түсіру технологиясын айқындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет