17
Кодтың
алғашқы екі цифры 00 жүк жӛнелтушінің немесе қабылдаушының
станса нысанына тиістілігін білдіреді.
Кодтың
үшінші цифры операцияның түрін білдіреді: 0 –
баратын жерін
ӛзгерту, 1 – түсіру, 2 – сұрыптау, 3 – түсіру және сұрыптау, 4 – ішкі қатынастағы
ӛзен портына ауыстырып тиеу, 5 – халықаралық қатынастағы ӛзен портына
ауыстырып тиеу, 6 – ішкі қатынастағы
теңіз портына ауыстырып тиеу, 7 –
халықарлық қатынастағы теңіз портына ауыстырып тиеу, 8 –
тар табанды
теміржол вагондарына тиеу.
Кодталған
тӛртінші цифры станса нысанының атауын білдіреді: 1 – жүк
сұрыптайтын жайдақ вагон, 2 –
контейнер пункті, 3 – қайта тиеу және қайта
түсіру пункті, 4 – вагондардың баратын жерін ауыстыру (ыдырату) пункті.
Мысалы, 0004 коды вагондағы жүк баратын жерін ауыстыру үшін (үшінші цифр
0) вагондарды ыдырату пунктіне (тӛртінші цифр 4)
баратынын; 0022 коды –
сұрыптау үшін (үшінші цифр 2) контейнер пунктіне (тӛртінші цифр 2) баратынын
білдіреді.
Жүк жӛнелтушілер мен жүк қабылдаушылардың кодтарын анықтау үшін
Кәсіпорындар мен ұйымдардың Жалпы классификаторға сәйкес
сегіз таңбалы
сәйкестендіру коды пайдаланылады. Ол кәсіпорындар мен ұйымдарды жүк
жӛнелтушілер мен қабылдаушылардың тұрғылықты
жерлеріндегі Статистика
жӛніндегі мемлекеттік комитеттің жергілікті органдарында мемлекеттік тіркеуден
ӛткізу кезінде беріледі. Берілген кодтар жол бӛлімшелерінің тасымалдау
құжаттарын ӛңдеу жӛніндегі технологиялық орталықтарына
тапсырылады және
барлық тасымалдау құжаттары мен жүк тасымалдау жӛніндегі ӛтінімдерге
енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: